Түрлі дереккөздерден ақпарат алу. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің Отаным – Қазақстан

Күні:

Сынып: 4-сынып

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру

4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау және себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Туған жер өлеңін музыка нұсқасымен салыстырып, қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді.

Көптеген оқушылар: қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде түрлендіре алады.

Кейбір оқушылар: өз тұжырымдарын дәлелдей алады

Бағалау критерийлері

  • өлеңді музыка нұсқасымен салыстырады
  • қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер

Құндылықтарды дарыту

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, тапсырма орындау барысында жауапкершілікпен қарау.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі пәні

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=HhHLfGoMXCc

сайтынан өлеңді тыңдайды

Бастапқы білім

Батаның мазмұнын түсінеді, жанрын анықтайды

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

Ширату. «Ырғақты әуен» ойыны. Әр топтың парталарының бір бұрышына алдын-ала «Туған жерге» қатысты сөздері жабыстырылады. Одан кейін әуен ойнатылып, сол әуеннің ырғағымен балалар партаны айналып жүреді. Әуен тоқтағанда балалар да тоқтайды. Қағаз жабыстырылған партаның қасына тоқтаған бала сөздерді оқып, оның не екенін анықтайды. Бұл ойын 2-3 рет қайталанады. Сабақ мақсаты: өлеңді музыка нұсқасымен салыстырып, қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді.

3 слайд

Сабақтың ортасы

5минут

5 минут

8 мин

7 мин

7 мин

1-тапсырма.

Аудиоүнтаспадан туған жер өлеңін тыңдайды. «Ой қозғау» әдісі арқылы өлеңнің мазмұнын түсінгенін анықтау үшін төмендегідей сұрақтар қойылады.

Аудиоүнтаспадан не естідік?

Ол өлеңнің не жайында?

Оқушыларға осындай жетекші сұрақтар қойылады. Қ.б. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша жауаптарын «Өте жақсы» «Жақсы» сөздерімен мадақталады.

2-тапсырма.

(Ө),(ЖЖ). Қ. Аманжоловтың «Туған жер» өлеңі оқылады.

  • Өлеңді іштей оқиды.
  • (ЖЖ) Өлең мазмұны бойынша топта талдайды.
  • Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ: 2 жұлдыз, 1 тілек. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат. Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.

3-тапсырма.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Бұл тапсырма дереккөздерден ақпарат алуға негізделеді. Оқушылар мұғалімнің ұсынған журналдар мен кітапшаларын таңдайды.

  • Әрбір оқушы дереккөздерден туған жер жайлы айтылған сөздерді анықтайды.
  • Содан кейін жанындағы көршісімен талқылайды, пікірлеседі, анықтайды.
  • Жұптар өз пікірін топпен бөліседі. Әр топтан ортақ бір пікір шығарылады.

ҚБ. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!»сөздерімен мадақтаймын.

4-тапсырма.

(Т). «Елші» әдісі. Қ. Аманжоловтың «Туған жер» өлеңі мен музыка нұсқасындағы айырмашылық пен ұқсастықты табады. Сызбаны толтырады.

Ұқсастық

Айырмашылық

Әр топ осы сұрақ бойынша ақылдасып, жазады.

  •  Әр топ өз тобынан елші тағайындайды.
  •  Сол елші келесі топтарға өз мәліметтерімен, жасаған жұмыстарымен бөліседі.

ҚБ: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

2-қосымша

4 слайд

2-қосымша

5 слайд

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия: «Бес саусақ»

Бас бармақ – бүгігі сабақ ұнады

Балан үйрек – басқаларға көрсеткен көмегім

Ортан терек – менің көңіл күйім

Шылдыр шүмек – Не істедім? Неге жеттім?

Кішкене бөбек – Менің тілегім

6 слайд

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1–тапсырма: Ресурс (дереккөз) арқылы саралау тәсілі жүзеге асады. Мұнда жоғары ойлау деңгейлі оқушылар анағұлым күрделі сөздерді пайдалана отырып, дереккөздермен жұмыс істей алады.

2-тапсырма «Диалог және қолдау көрсету» саралау тәсілі жүзеге асады. Мұнда сұрақ құрастыруда қиналатын оқушылар үшін қосымша жетелеуіш сұрақтар беріліп (оқыған немесе тыңдағандары бойынша), сөзбен қолдау көрсету маңызды болып табылады.

3-тапсырма Диалог және қолдау көрсету тәсілі Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында сұрақ қойып қолдау көрсетеіледі.

4-тапсырма «Тапсырма тәсілі» арқылы күрделілігіне қарай алға іргерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдалануға болады.

Дескриптор:

өлеңді оқиды

өлең нұсқасын аудожазба нұсқасымен салыстырады

қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді

АКТ пайдаланған кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтауды қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу