Түрлі дереккөздерден ақпарат алу. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Табиғат құбылыстары Сынып: 4 | Мектеп: Астана қаласы, №54 мектеп-лицей Мұғалімнің аты-жөні: Оразбекова Г. А Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу | |||||
Оқу мақсаттары | 4.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру ; 4.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау; 4.1.4. 2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану. | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: мәтіннен қажетті ақпаратты табады; Көпшілік оқушылар: мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді, сөйлеу барысында шығарма мазмұны бойынша суреттерді қолданады; Кейбір оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды, мәтіннің мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден ақпарат табады. | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тірек сөздер | Шайыр иісі, әсем бақ, күзгі орман, ыссы ауа, мойыл, ақ мамық. | |||||
Құндылықтарды дарыту | «Құрмет», «еңбек пен шығармашылық» сияқты құндылықтарын бойына сіңіріп, Отанына риясыз қызмет ететін,білімді, білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына ықпал ету | |||||
Пәнаралық байланыстар | Сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтай отырып өз ойын жеткізуде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. Қазақстандағы орман алқаптарын картадан көрсетуде дүниетану пәнімен байланыс жасалады. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, бейнежазба https://www.youtube.com/watch?v=rXH1jWtfJv0 - | |||||
Алдыңғы білімді игеру | Мәтінді түсініп оқиды, шығарманың негізгі ойын таба біледі, ақпарат көздерімен жұмыс жасай алады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 1-5 минут | Ширату «Сәлемдесу» ойыны Оқушыларға белгі берілгенде бір -бірімен амандасады. Көзбен, қолмен, иықпен, тіземен, арқамен амандасады. Қимылды тез жасаулары керек Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… тіземен… арқамен Топтарға бірігу Сөз тіркестерін таңдау арқылы топтарға бірігеді. І- топ, ІҮ-топ Күзгі орман ІІ -топ, ІІІ-топ Қысқы орман ІҮ -топ, Ү-топ Жазғы орман 1) Қысы жазы киімін ауыстырмайтын ағаш? (шырша) 2) Тоғайлар көп өсетін жерді не деп айтамыз? (орман) 3) Ең ұзақ өмір сүретін ағаш? (емен) 4) Ағаштардан қандай заттар өндіреді? (өз жауаптары) Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушылармен бірлесе бағалау критерийі құрастырылады немесе таныстырылады. | Слайд 1-3 Қосымша 1-3 | ||||
Сабақтың ортасы 6-14минут 15-20 минут
21-28 минут 29-34 минут | 1-тапсырма «Табиғат тамашасы Қазақстан!» бейнебаянды тамашалау, ой бөлісу. (Ұ,Т) «Қағаздағы сұрақтар» әдісі Әрқайсысы қағаз қиындысына жазылған жұмбақтарды шешеді. Араластырылған жұмбақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен жұмбақтарды шешіп береді тобындағы оқушылар қимылмен, дыбыспен бейнелеп көрсетеді.
Орман оның мекені. Тәтті балға тойып ап, Қыста ұйқыға кетеді. (аю)
Орман оның мекені. Отырғанда шоқиып, Құманға ұқсап кетеді. (қоян)
Бір сабағы жоқ ине, Іс тікпейді әрине. (кірпі)
Өзі – орман еркесі. Қарғып жүрер жан-жаққа Өте құмар жаңғаққа (тиін) Саралау: Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. Б «Қол шапалақтау» Автормен танысу Ермек Өтетілеуов – Ақмола қаласында туған. Ақын, аудармашы. «Балаларға жазу – бұл әрі жеңіл, әрі қиын шаруа. Бірақ, бастысы - қуанышты іс!» деген ақын. 2-тапсырма (Ж,Т) Ермек Өтеутілеуовтің «Орман» өлеңін «Бағытталған оқу» әдісі арқылы оқу. Өлеңнің бір бөлігін оқығаннан оқушылар өз ойын білдіргеннен кейін келесі бөлігін оқып, жасаған болжамдарымен салыстыру. Осылайша өлеңді тұтас оқиды. Бірнеше сұрақ құрастырады. Саралау: Кейбір оқушыларға өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады Б: «Жарайсың! Өте жақсы! Керемет!» марапат сөздері арқылы бағалау. 3- тапсырма (Т,Ұ) «Дербес пікір» әдісі Орман туралы түрлі дереккөздерге сүйеніп мақал-мәтел, жұмбақтар іздеп жазамыз, ортада бөлісеміз. Үлгі: Орман — Ел дәулеті, Жер сәулеті. Орман көп болса — олжаң көп. Орман ел дәулеті, жер сәулеті. Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдайды, толықтырады. Б: «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалау. 4-тапсырма (Ж,Т) «Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі Топтағы оқушылар олардың тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады. Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін. Содан кейін топтар өздерінің жазған сөйлемдерін оқиды. Саралау: Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады.Өзіне сенімділігі аз оқушыға қолдау көрсетіледі.Барлық оқушылар бағаланады. Б « Отшашу» |
https://www.youtube.com/watch?v=rXH1jWtfJv0 слайд № 4 Слайд №5 Слайд №6 Слайд №7 http://bilim-all.kz/tag/proverb?tag=%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BD Слайд №8 | ||||
Сабақтың соңы 35-40 минут | Рефлексия «Шеңбердегі доп» шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады. | Доп, слайд №9
https://www.google.kz/search?rlz | ||||
Саралау 1-тапсырма Ұсынылған мәселе бойынша өз ойына талдау жасайды. Жасалған жұмыс бойынша толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасайды, жасалған жұмыс бойынша өзінің шығармашылық қатынасын көрсетеді. 2-тапсырма Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды. Таным әрекеті үрдісінде қарым-қатынас шеберлігі дамиды. 3-тапсырма Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі 4-тапсырма Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады.Өзіне сенімділігі аз оқушыға қолдау көрсетіледі.Барлық оқушылар бағаланады | Бағалау -«Жарайсың! Өте жақсы» -«Қол шапалақтау» әдісі -« Смайликтер» әдісі -«Отшашу» әдісі Дескриптор шығарманы түсініп оқиды; әңгімелеу барысында сәйкес суреттерді қолданады; мәтіннен нақты ақпаратты тауып, сызба түрінде көрсетеді; мәтіннің мазмұнына сәйкес дереккөздерден ақпарат табады; мәтінді жанры бойынша ажыратады. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Топқа бөліну кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатына жеттім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?