Түрлі дереккөздерден ақпарат алу «Ән құдіреті» Жарқын Шәкәрімов. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.


ҚОСЫМША 1

Ән құдіреті

 

 1923 жыл. Бір сәтте концерт жүргізуші:

 - Қазақ әншісі Әміре Қашаубаев қазақтың ұлттық музыка аспабы – домбырамен өзі сүйемелдеп,қазақ әндерін айтады,- деді. Шымылдықтың артында кезек күтіп тұрған Әміреге қарап, оны сахна ортасына шақырды. Әміре сахна ортасында өзіне арнап қойылған орындыққа тақап келді. Әуелі жұртқа ізет көрсетіп бас иді. Басында оюлы тақия, үстінде жеңіл шапан, қолында домбыра. Ол шеті түпсіз көрінген зал ішіне бір қарап алды. Езу тартып, ізет білдіріп орындыққа отырды. Әміре әуелі «Қанапия» әнін айтты.

 Жастық шағы киіз үй мен кең далада өткен Әміреге бұл зал үлкен болып көрінсе де, ән айтуға келгенде тар сезілді. Сондықтан оның таудан тау асып,

жаңғыртатын сұлу да ашық даусы Еуропа тыңдаушыларын қатты таңдандырды. Мүлдем бөтен құбылыс, таңғаларлық жай болды. Әр халықтың тіл мен әуен ырғақтары бөлек болса да, музыканың аты – музыка ( кез келген әуеннің құрылыс бітімі болады).

 «Қанапия» әнінің аяғын созып барып, домбыраны желпіндіре бітіргенде, тілдің керектігі болмады. Ән аса күшті дауыспен шарықтап барып аяқталғанда, сүйсініп отырғандар қайран қалысып, бас шайқасты. Жұрттың зейін қоюы соншалықты, ән тым тез біткендей. Ән аяқталғанда, халық

Әміреге ауыз ашып, аңырып қалыпты.

 Ұйып тыңдаған жұрт әнші орнынан тұрып, бас игенде ғана ду қол шапалақтады. Париждің Комедия залының әр жерінен «бис... бис...» деген дауыстар жамырай естіліп жатты.

 

 Жарқын Шәкәрімов

ҚОСЫМША 2

ҚОСЫМША 3

ҚОСЫМША 4

Туған

жылы

Парижде

шырқаған әндері

Туған жері

 

 

 

[attachment=25924:did-material-trli-derekkzderden-aparat-alu.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу