Түрлі дереккөздерден ақпарат алу Ермек Өтетілеуов «Мақтанышым - Астанам» дидактикалық материал. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Қосымша №1

Қосымша №2

Қосымша №3

Қосымша №4

  • топ. Бейбітшілік және келісім сарайы

 Бейбітшілік және келісім сарайы - ел арасында «Пирамида» деп аталып кеткен. Ол 2006 жылы 2 қыркүйекте ашылды. Қазақстанның елордасы Астананың басты көрікті орындарының бірі болып табылады. Бұл ғажайып құрылыс соңғы жылдары салынған әлемдегі ең бірегей ғимараттардың қатарында. Ғимараттағы тағы бір ерекшелігі – мұндағы лифт көлбеу қозғалады.

 

 

 

 

 

  • топ. Бәйтерек

 Елорданың символына айналған кешенінің биіктігі - 97 метр. Ол кездейсоқтық емес, 97 саны астананың Алматыдан Астанаға ауысқан мезгілін білдіреді. Металл, әйнек және бетоннан тұрғызылған «бәйтерек ағашының» жалпы биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Кешеннің үстіңгі жағында орналасқан алып шардың диаметрі - 22 метр, салмағы - 300 тонна. Ол «хамелеон» әйнектерінен жасалған. Күн сәулесінің түсуіне байланысты оның түсі құбылып тұрады. Алып шарға лифт арқылы көтеріліп, үлкен залға еніп, қаланың толық көрінісін көруге болады. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – Қазақстанның бір символы.

 3-топ. «Нұр Әлем» сферасы - диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метрді құрайтын әлемдегі ең үлкен сфералық ғимарат. Ол «Экспо» халықаралық көрмесінің ашылуында пайдалануға берілді. Ғимараттың 1 қабатында Қазақстанның павильоны орналасқан. Сфера ішінде Болашақ мұражайы бар. «Нұр Әлем» көрме өткеннен кейін инновациялық әрі маңызды зерттеу және мәдени орталыққа айналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 4-топ. Ақорда- Елордадағы ең әдемі ғимараттардың бірі. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы. 2004 жыл ашылған. Ғимараттың жалпы ауданы – 36 720 шаршы метрді құрайды. Оның биіктігі – 86 метр. Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастарынан салынған. Үстінде 5-қабатты және жер астында 2 қабатты аумағы бар.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу