Көркем шығарма элементтерін салыстыру «Кішкентай кісілер» «Ағайынды Гримм» . Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.


 ҚОСЫМША 1

 

 Кішкентай кісілер (ертегінің жалғасы)

 Бір күні кешке, күн батарда етікші күндегі әдеті бойынша бірнеше етік пішіп қояды да, ұйықтар алдында әйеліне:

 – Бәйбіше, бүгін ұйықтамасақ қайтеді, етікті тігіп жүрген кім екен, көрсек қайтеді, – дейді.

 Бұл сөзге әйелі қуанып:

 – Жарайды, ұйықтамасақ ұйықтамайық, көрейік кім екенін, – дейді. Үстел үстіне шырақ жағып қойып, екеуі бұрышта ілінген киімдердің артына барып тығылып, күтіп отырады. Бір уақытта, түн ортасы болғанда үйге кішкентай кісілер кіреді. Бұлар – эльфтер еді. Олар етікшінің үстеліне шығып отыра қалып, кіп-кішкентай саусақтарымен пішілген былғарыны алып, тіге бастайды. Олардың жіпті өткізгеніне, бізді шаншығанына, балғаны тықылдатқанына көз ілеспейді екен. Етікші таңырқап, кішкентай кісілерден көпке дейін көзін тайдыра алмайды. Бар етікті тігіп болғанша эльфтер тыным таппайды. Соңғы етік дайын болысымен, үстелден секіріп-секіріп түседі де, көзден ғайып болады.

 Таңертең әйелі күйеуіне:

 – Бұл кішкентай кісілер қолымызды байлыққа жеткізді. Біз де бұларға жақсылық жасауымыз керек қой. Кішкентай кісілер біздікіне үнемі түнде келеді, үстерінде киімі жоқ, сірә,тоңатын шығар. Менің басыма мынадай ой келіп отыр: мен әрқайсысына көйлек, күрте, шалбар тігіп қояйын, ал сен етік тік, – дейді. Етікші келіседі. Бір күні кешке сыйлықтарын үстелге қойып, өздері бұрышқа тығылып, кішкентай кісілердің келуін тосып отырады. Бұрынғыдай дәл түн ртасы болғанда, үйге Эльфтер, яғни кішкентай кісілер кіреді. Үстелге секіріп шығып, іске кіріспек болады да, үстел үстіндегі киімдерді көріп, аң-таң болады. Эльфтер әдемі киімдерді тез-тез киіп алып, мәз болып би билеп, өлең айта бастайды:

– Сәнді киім мұнша көп,

Киіндік те кенелдік!

Етік тігер шама жоқ,

Қызыққа енді бөлендік!

 Үстелден үстелге, орындықтан орындыққа секіріп, Эльфтер ұзақ уақыт өлең айтып, би билейді. Сонан соң бір кезде көзден ғайып болады. Эльфтер осыдан кейін қайтып етік тігуге келмей қояды. Бірақ бақыт пен байлық өмір бойы серік болып, етікшінің еңбегі жанып, мұрат-мақсатына жетіпті.

ҚОСЫМША 2

Ширату жаттығуы

 Етікші өз көзіне сенер-сенбесін біле алмай, аң-таң болады. Етікті қолына ұстап, аударып-төңкеріп қарай бастайды. Қалай мінсіз тігілген десейші! Тігісінде бір ақау жоқ. Керемет ісмер адамның қолынан шыққаны көрініп тұр. Көп кешікпей етікті сатып алушы да табылды.

ҚОСЫМША 3

ҚОСЫМША 4

ҚОСЫМША 5

[attachment=25908:did-mat-krkem-shyarma-jelementterin-salystyru.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу