👈 қаріп өлшемі 👉

Көркем шығарма элементтерін салыстыру «Кішкентай кісілер» «Ағайынды Гримм» . Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


 Тарау: Өнер

 

 Сабақ тақырыбы: 2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру. «Кішкентай кісілер» «Ағайынды Гримм» ертегісінен

 Оқу мақсаттары:

 3.2.8.1 эпизодтерді салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау

 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: ертегінің эпизодтерін салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды, логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қояды.

 Көптеген оқушылар: сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтап, талдау жасай алады, әр бөлікке ат ұсынады.

 Кейбір оқушылар: ертегі мазмұнының ретін сақтай отырып, жинақтап, бөліктерге бөле алады.

 

 Бағалау критерийлері

  • ертегі жалғасын іштей оқиды;
  • эпизодтерін салыстырады;
  • сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды;
  • ертегіні бөлімдерге бөледі, жоспар құрады.

 Қажетті ресурстар: шахмат тақтасының суреті бейнеленген тақта-парақтар, А3 форматтағы қағаз, бес саусақ әдісіне арналған саусақ үлгісі

 

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы:

 Ширату тапсырмасы. Бастапқы білімді еске түсіру және сабақ мақсатын анықтау үшін жүргізіледі.

 Алдыңғы сабақтағы оқылған «Кішкентай кісілер» ертегісінің үзіндісін оқып беріңіз. Оқушылар сол үзіндіге ат қояды. Ертегі үзіндісі: (Етікші өз көзіне сенер-сенбесін біле алмай, аң-таң болады. Етікті қолына ұстап, аударып-төңкеріп қарай бастайды. Қалай мінсіз тігілген десейші! Тігісінде бір ақау жоқ. Керемет ісмер адамның қолынан шыққаны көрініп тұр. Көп кешікпей етікті сатып алушы да табылды. Етікке қызығып, көп ақша төлеп сатып әкетеді. Етікші енді екі қос етік тігетіндей былғары сатып алады. Кешке екі етікті пішеді де: «Қазір жатып, ұйықтап алайын, таңертең ертерек тұрып, тігіп тастармын», – деп ойлайды. Таң сәріден тұрып, беті-қолын жуып, жұмыс орны жаққа қараса, міне, ғажап, екі қос етіктің екеуі де тігулі дайын тұр.)

 Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстырыңыз. Оқушылармен бағалау критерийін бірге құрастырып немесе таныстырыңыз.

 Сабақ мақсаты: ертегінің эпизодтерін салыстырып, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтайды, логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құрайды. Бағалау критерийімен таныстыру.

 

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма

 Бұл тапсырмада алдыңғы сабақта оқыған ертегінің жалғасын түсініп оуға негізделген. Сондай-ақ, оқушылардың іштей оқу дағдыларын және оқығандарын түсіндіре алуға дағдыландырады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Ө). «Стоп кадр» әдісі. «Кішкентай кісілер» («Ағайынды Гримм» ертегісінен алынған) ертегісінің жалғасын оқушылар жеке оқиды.

 1. Ертегі жалғасын оқып отырған кезде бір оқушыға «стоп кадр» деген белгі немесе сигнал беріңіз, сол оқушы оқып отырған ертегінің тоқтаған жерінен түсінгенін айтады.

 2. Мәтін аяқталғанша осылай кезекпен жалғасады.

 3. Барлық оқушылар оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделеуге жұмыс жүргізіледі, мысалы: түсініксіз сөздерді түсіндіріледі (көз ілеспеу, тыным таппау, аң-таң болу, еңбегі жану)

 4.Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін ертегіні шолу тапсырылады

 5. Қажеттілігіне қарай мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қойылады.

 1. Эльфтер не көзден ғайып болды?

 2. Кішкентай кісілердің келуін қалай тосып отырады?

 3. Кішкентай кісілерге сыйлыққа не дайындады?

 Саралау: қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

 Б: «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды.

 2-тапсырма

 Тапсырма алдыңғы және осы сабақта оқыған ертегі бөліктеріндегі сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтауға берілдеді. Бұл арқылы оқушылардың ертегі мазмұнын түсіндіре алу және жүйелеп жазу дағдыларын дамытуға негізделеді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (ЖЖ) «Шахмат» әдісі. Ертегінің алдынғы бөлігі мен бүгінгі сабақта оқылған жалғасындағы оқиғалар мен эпизодтер негізінде маңызды тұстарына талдау жасап, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтауды тапсырыңыз.

 1. «Шахмат» әдісінде әр топ оқушыларына шахмат тақтасының суреті бейнеленген тақта-парақтар таратылады.

 2. Оқушылар тақтаны пайдалану арқылы бос ақ ұяшықтарға ертегідегі эпизодтер мен оқиғалардың негізінде өз ойларын кезекпен жазады.

 3. Жазып болғаннан кейін ой бөлісіп, сюжеттің дамуындағы өзгерістер туралы әңгімелейді.

 4.Соңында әр топ өз тақтасына сүйене отырып, маңызды ақпарат туралы ой бөліседі.

 Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.

 Б: «Күншуақ» Оқушылар жұппен жұмыс жасау барысында талқыланған мәліметтердің түсінгендігін былай көрсетеді:

 Барлығын түсінсе - күнді

 Жартылай түсінсе – күн мен бұлтты

 Ештеңе түсінбесе – бұлтты

 3-тапсырма

 Тапсырманы орындау арқылы оқушылар ертегіні логикалық бөліктерге бөледі. Тапсырма оқушының қиялын дамытуға көмектеседі, айтылым дағдысын дамытады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Т;Ұ) «Оқиға шыңы» әдісі арқылы ертегіні логикалық бөліктерге бөлуді тапсырыңыз.

 1. Мұғалімнің көмегімен оқушылар ертегіні қанша бөліктерге бөлуге болатынын бірге анықтайды. «Оқиға шыңы» арқылы қалай бөлуге болатынын түсіндіріңіз: таудың сол жақ етегі - мәтіннің басталуы, таудың басы - мәтіннің ортасы, таудың оң жақ етегі - мәтіннің соңы.

 2. Әр топқа тау суреті бар А3 форматтағы қағаз таратыңыз. Топ ішінде оқушылар жұппен жұмыс кезінде жинақталып, сараланған мәліметтеріне сүйене отырып, стикерлерін «Оқиға шыңына» сай бөліктеріне орналастырады

 

 

 

 3. Нәтижесінде мұғалім нақты ертегі бөліктерін оқиды, топ мүшелері стикерлерді дұрыс ертегі бөліктеріне сай қайтадан орналастырады.

 Саралау: қорытынды тәсілі арқылы сараланады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, түсінгендеріне көз жеткізу.

 Б: «Білім ағашы»

 Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар:

 жасыл – «барлығын дұрыс істедім»

 сары – «қиындықтар болды»

 қызыл – «көп қателестім»

 4-тапсырма

 Бұл алдыңғы тапсырмада алған ақпараттарды қолдана отырып ертегінің мазмұны бойынша жоспар құруға берілетін тапсырма. Оқушылар ертегідегі айтылатын оқиға сюжетін ретімен мазмұндауды үйренеді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Т;Ұ) Әр топқа «Оқиға шыңындағы» мәтін бөліктеріне жапсырған стикерлеріне сүйене отырып, жоспар құрастыруды тапсырыңыз.

 2. Оқушыларға жоспар құруға өз ойларын жинақтауға уақыт беріледі. Ойлануға 30 cекунд уақыт беріледі.

 3. Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерін ретімен орналастыру арқылы жоспар құрайды.

 4. Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады.

 Жоспар үлгісі

 1. Етікшінің кедейленуі

 2. Тігілген етіктер

 3. Етікшінің бай болуы

 4. Етікті кімнің тігіп жүргенін анықтау

 5. Кішкентай кісілерге сыйлық әзірлеу

 6. Кішкентай кісілердің көзден ғайып болуы

 Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі

 ҚБ: «Пантомима»

 Қолдарын жоғары көтерсе – жоспарды дұрыс құра алдым

 Басын төмен ұстаса – жоспар құруда қателер болды

 Бетін қолмен жапса – жоспарды дұрыс құра алмадым.

 

 Сабақтың соңы.

 Рефлексия: «Аяқталмаған  сөйлемдер» әдісін қоланыңыз. Оқушыларға алдын-ала дайындалған «Бес саусақ» суретін таратыңыз. Әр саусақ суретіне төмендегі сұрақтардың жауабын жазуды тапсырыңыз.

 Бас бармақ – бүгігі сабақ ұнады

 Балан үйрек – басқаларға көрсеткен көмегім

 Ортан терек – менің көңіл күйім

 Шылдыр шүмек – Не істедім? Неге жеттім?

 Кішкене бөбек – Менің тілегім

  (Ө) Оқушылар осы сөйлемдерді аяқтайды. Әр қайсы өз сөйлемдерін тақтаға жабыстырады.

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрлендіріп бере алады.

 

 

[attachment=25909:nsauly-krkem-shyarma-jelementterin-salystyru.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы