Әдеби шығарманың жанрын анықтау. 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы) ортақ тақырыбы

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.4. Әдеби шығарманың жанрын анықтау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтап, мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

Көптеген оқушылар: аңыздың жанрлық ерекшелігін анықтап түсіндіруде өз пікірлерін айтады

Кейбір оқушылар: тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіріп, талдау жасай алады

Бағалау критерийлері

  • аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды
  • аңызды түсініп оқиды
  • мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөле алады
  • әр бөлікке ат қойып жоспар құрады
  • өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізе алады

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз:

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық құндылықты дарыту

Ашықтық құндылығы топта,жұпта жұмыс жасау кезінде ойын еркін айтуға жетелеу

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Бастапқы білім

мәтінді түсініп оқи алады, аңыздың басқа нұсқасымен таныс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Ширату жаттығуы: (Ұ) Артығын алып таста Оқушыларға сөздер жинағын (теңеу, эпитет, кейіптеу, аңыз) көрсетіңіз. Олар қай сөдің қалғандарына қатысты емес екенін анықтауы керек.

«Миға шабуыл» әдісі. Қойылған проблеманы оқушылардың шығармашылық белсенділігіне сүйене отырып шешуге бағытталған. Берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады.

  • - Бұл не сөз?
  • - Оны қайдан білесіңдер?
  • - Неге олай таңдадың?
  • -Бұдан нені анықтауға болады?

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтап, мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру.

Ертегілердің кейіпкерлері ілінген

4 слайд

1-қосымша

Сабақтың ортасы

8 мин

8 мин

10 мин

8 мин

Оқиық. (Ө). «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. «Ажалдан құтқарған асыл сөз» аңызын оқи отырып бөліктерге бөл.

  •  Әр оқушы аңызды оқып бөліктерге бөледі.
  •  Өзінің жинаған ақпараттарын жұбымен ақылдасып, ойларын сәйкестендіреді.
  •  Жұппен талқылаған мәтін бөліктерін топта талқылап, қорытынды жасайды. Өз пікірлерімен бөліседі.

(Ө) (Ойлан) – Мәтінді бөліктерге бөліп оқы.

- Не байқадың? Неге олай бөлгеніңді ойла.

(ЖЖ) (Жұптас) – Мәтін бойынша белгіленген бөлікті қайта қара. Ойларыңды бір–біріңмен сәйкестендір.

(Т) (Бөліс) – Белгілеген аңыз бөліктерін салыстырып, ортақ бөлімдерді анықтаңдар.

Қ/Б: Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз.

Құрастырайық. (Т). Аңыз бойынша бөлінген әр бөлікке ат қойып жоспар құр.

  • Аңыз бойынша белгіленген бөлікті қайта шолу тапсырылады.
  • Топ бойынша ортақ жоспар құрастырады.
  •  Жоспарларын фипчартқа жазады.
  •  Жоспарлары бойынша «галлерея» ұйымдастырады

ҚБ «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

Ойымызбен бөлісейік. (Т,Ұ). «Кезбе тілші» әдісі. Осы аңызға қандай көркем-бейнелі сөз айтуға болады? Берілген көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып өз ойың мен сезіміңді жеткіз.

1.Сөз тапқанға қолқа жоқ.

2. Сөз сүйектен өтеді.

3. Асыл сөзге өлім жоқ

4.Орынды айтылған сөз. Орнына қағылған шеге.

5. Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.

6. Мал шөпке, адам сөзге тоқтайды.

7. Жарлы болма, арлы бол

 Әр топ өз жұмыстарын «Кезбе тілші» әдісі бойынша таныстырып шығады. Оқушылар орындарынан тұрып басқа топтардың жұмыстарымен танысу үшін тілші ретінде микрофон ұстап алып мәтін бойынша қай көркем-бейнелі сөздер сәйкес келетінін түсіндіреді.

ҚБ. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен бағалау.

Салыстырайық. (Т,ЖЖ). Өлең мен мәтінді салыстыр. Семантикалық картаны толтыр.

  •  Алдыңғы сабақта оқылған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін еске түсіру
  •  Кестені толтыру

 

Жақсы мен жаман туралы

Мәтіннің жанры

өлең

1

2

Түрлі-түсті стикерлер

5 слайд

Түрлі –түсті маркерлер, А 4 парақ қағаздары.

6 слайд

Микрофон

7 слайд

2-қосымша

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия. «Табыс сатысы» әдісі:

1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН

2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН*

3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН

8 слайд

Саралау.

1 тапсырма – «Тапсырма арқылы саралау» негізінде орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әр-түрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

2 тапсырма – «Қорытынды саралау» арқылы қолдау көрсетіледі. Барлық оқушы бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады.

 3 тапсырма - «Диалог және қолдау көрсету арқылы саралау» негізінде орындалады. Бұл тапсырма кезінде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

4 тапсырма – «Қарқын арқылы саралау» негізінде орындалады. Тапсырманы орындау кезінде басқаларға қарағанда жылдам жұмыс жасайтын оқушыны топ басшысы етіп сайлап, тапсырманы сол оқушының жетекшілігімен орындау ұсынылады.

 Дескриптор

  • аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды
  • аңызды түсініп оқиды
  • мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөле алады
  • әр бөлікке ат қойып жоспар құрады

өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізе алады

Сабақбойынша рефлексия



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу