👈 қаріп өлшемі 👉

Әдеби шығарманың жанрын анықтау. 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат» ортақ тақырып

Күні:

Сынып: 3 сынып

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшелігін анықтайды және шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтар құрастырады және жауап береді. Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтауда өзіндік ойын түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшелігі туралы білетін білімін пайдалана алады

Бағалау критерийлері

  • өлеңді оқып, жанрлық ерекшеліктерін түсінеді
  • шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтар құрастырады және жауап береді

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз:

Пәнге тән лексика мен терминология:

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Құндылықтарды дарыту

Өзара бағалауда әділ бағалау.

Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықты арттыру.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі пәнімен байланысады

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта қолдану, слайд.

Бастапқы білім

Сұрақтарға жауап бере алады.

Шығарманың жанрлық ерекшелігіне байланысты өз ойын толық, жүйелі айтуға, жазуға дағдыланады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сабақ басында: Ширату: «Мозайка» әдісі арқылы жанр түрлерін анықтау. Оқушылар екі топқа бөлінеді, топтарға мозайка қиындылары таратылып беріледі

  • 1 топ. Өлең қиындысынан мозайка, ал 2-ші топ мәтін қиындысынан мозайка құрастырады.

Құрастырған мозайка туралы не айтасыңдар?

(Екі топ құрастырған мозайкаларын оқып қорытынды шығарады, тырна туралы өлең және мәтін шыққанын айтып түсіндіреді)

Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

өлеңнің жанрлық ерекшелігін анықтайды және шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтар құрастырады және жауап береді.

4 слайд

Сабақтың ортасы

25 минут

Оқиық. (Ө,Т) «Борт журналы» әдісі. Мүбәрәк Жаманбалиновтің «Тырна» шығармасы оқылады.

  • Өлең шумағын оқы
  • Өлеңнің мазмұнына назар аудар
  • Маңызды тұстарын анықта. «Борт журналын» толтыру. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:

Берілген тақырып бойынша маған не белгілі?

Мен не білемін?

Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?

  Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына» енгізеді.

  • Топ басшысы жұмыстарын қортындылайды, тақтадағы жұмыспен сәйкестендіреді

Қ/Б: Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз.

Сұра және жауап бер. Келесі сұрақтарға оқушылар «Ия, жоқ» әдісі арқылы жауап беру тиіс. Мұғалім бір оқушыға доп лақтырады. Сол оқушы мұғалім сұрағына келісетінін немесе келіспейтінін ия, жоқ жауабы арқылы айтады. (Сонымен қатар ия болса допты қағып алады, жоқ болса допты кері лақтырады.)

  • Тырналар жырға неге бай келеді?
  • Тырналарды автор қалай суреттеген? Келісесің бе?
  • Тырналардың ән салғанын естідің бе?
  • Бұл өлеңнің маңызды тұсы қандай? Неге олай ойлайсың?

Қ/Б. «Бас бармақ» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

Талдайық. 1. Әрбір топтың мүшесіне карточкаларда жазылған төмендегі ережені беріңіз. (Өлең – белгілі бір тақырыпқа арналады. Өлеңде ырғақ пен ұйқас болады. Өлеңнің бір бөлшегі – шумақ. Шумақ – кемінде төрт жолдан құрылады. Ұйқас – өлең жолдарын біріктіріп, белгілі бір үйлесімде ұстап тұратын өлең бірлігі. Ұйқас болуы үшін өлең кемінде екі жолдан тұруы керек.)

2. Топ мүшелері осы ереже бойынша өлеңді талдайды.

3. Талқылаудан кейін топ мүшелері өз пайымдау ларымен келісе ме немесе келіспей ме топтастыру керек. Оларды маңыздылығына қарай орналастыру керек.

Анықтайық. (Т; МК, ОТ) «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтау үшін сұрақтар дайындайды және талқылап, өз ойларымен бөліседі. Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы барлық оқушы сабаққа қатысады. Көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз.

• мұғалім 1 – 4 дейін санды таңдайды;

• осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді.

1.Шығарма қандай жанрға жатады?

2.Өлеңде қанша шумақ бар?

3.Неше тармақтан тұрады?

4.Ұйқас қалай құрылған?

5. Тырнаны қандай сөздер арқылы суреттеген? (шыбықтай, құрықтай - теңеу, сүйрік біз – эпитет)

Б: «Күн- белсенді, бұлт- толықтыру қажет, жауын- көмек керек» суреттері арқылы топты бағалау.

5 слайд

1-қосымша

6 слайд

7 слайд

2-қосымша

Сабақтың соңы

5 минут

«Жетістік баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

9 слайд

Стикерлер мен смайликтер

Саралау: 1-тапсырмада қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

2-тапсырмада Қорытынды саралау арқылы қолдау көрсетіледі. (Топ ішінен бір оқушы «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді). Барлық оқушы бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады.

3-тапсырмада диалог және қолдау көрсету арқылы саралау жүргізіледі. Кейбір оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетіледі.

4-тапсырма.«Қорытынды» тәсілі арқылы қолдау көрсетіледі. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады. Олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізуге бағытталады.

Дескриптор:

  • Өлеңді оқиды.
  • Сұрақтарға жауап берді.
  • Өлең жанрын анықтау үшін талдау жасайды.
  • Сұрақтар құрастырады және жауап береді.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы