Әдеби шығарманың жанрын анықтау. 3 сынып


 Тарау: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

 

 Сабақ тақырыбы: Әдеби шығарманың жанрын анықтау

 

 Оқу мақсаттары:

 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтап, мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру

 Көптеген оқушылар: аңыздың жанрлық ерекшелігін анықтап түсіндіруде өз пікірлерін айтады

 Кейбір оқушылар: тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіріп, талдау жасай алады

 Бағалау критерийлері:

  •  аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды
  •  аңызды түсініп оқиды
  •  мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөле алады
  •  әр бөлікке ат қойып жоспар құрады

 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізе алады

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы: Сабақ басында ширату тапсырмасында «Артығын алып таста» әдісі арқылы ұйымдастырылады.

 Оқушыларға сөздер жинағын (теңеу, эпитет, кейіптеу, аңыз) көрсетіңіз. Олар қай сөдің қалғандарына қатысты емес екенін анықтауы керек.

  «Миға шабуыл» әдісі. Қойылған проблеманы оқушылардың шығармашылық белсенділігіне сүйене отырып шешуге бағытталған. Берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады.

  •  Бұл не сөз?
  •  Оны қайдан білесіңдер?
  •  Неге олай таңдадың?
  •  Бұдан нені анықтауға болады?

 Бүгінгі сабағымыздың мақсаты аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтап, мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру.

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма. Оқиық. (Ө). «Ажалдан құтқарған асыл сөз» аңызын оқу тапсырылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 «Ажалдан құтқарған асыл сөз» аңызын оқи отырып бөліктерге бөл.

  •  Әр оқушы аңызды оқып бөліктерге бөледі.
  •  Өзінің жинаған ақпараттарын жұбымен ақылдасып, ойларын сәйкестендіреді.
  •  Жұппен талқылаған мәтін бөліктерін топта талқылап, қорытынды жасайды. Өз пікірлерімен бөліседі.

 (Ө) (Ойлан) – Мәтінді бөліктерге бөліп оқы.

 - Не байқадың? Неге олай бөлгеніңді ойла.

 (ЖЖ) (Жұптас) – Мәтін бойынша белгіленген бөлікті қайта қара. Ойларыңды бір–біріңмен сәйкестендір.

 (Т) (Бөліс) – Белгілеген аңыз бөліктерін салыстырып, ортақ бөлімдерді анықтаңдар.

 Саралау. «Тапсырма арқылы саралау» негізінде орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әр-түрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

 Қ/Б: Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз.

 2-тапсырма. Құрастырайық

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Т). Аңыз бойынша бөлінген әр бөлікке ат қойып жоспар құру тапсырылады.

 1.Аңыз бойынша белгіленген бөлікті қайта шолу тапсырылады.

  • Топ бойынша ортақ жоспар құрастырады.
  • Жоспарларын фипчартқа жазады.
  •  Жоспарлары бойынша «галлерея» ұйымдастырады

 Саралау: Қорытынды саралау арқылы қолдау көрсетіледі. Барлық оқушы бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады.

 ҚБ «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

 3-тапсырма. Ойымызбен бөлісейік.

 (Т,Ұ). «Кезбе тілші» әдісі арқылы ұйымдастырылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

Мұғалім топтарға осы аңызға қандай көркем-бейнелі сөз айтуға болады? Берілген көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып өз ойың мен сезіміңді жеткіз деген тапсырма береді.

 1.Сөз тапқанға қолқа жоқ.

 2. Сөз сүйектен өтеді.

 3. Асыл сөзге өлім жоқ

 4.Орынды айтылған сөз. Орнына қағылған шеге.

 5. Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады.

 6. Мал шөпке, адам сөзге тоқтайды.

 7. Жарлы болма, арлы бол

 Әр топ өз жұмыстарын «Кезбе тілші» әдісі бойынша таныстырып шығады. Оқушылар орындарынан тұрып басқа топтардың жұмыстарымен танысу үшін тілші ретінде микрофон ұстап алып мәтін бойынша қай көркем-бейнелі сөздер сәйкес келетінін түсіндіреді.

 Саралау: «Диалог және қолдау көрсету арқылы саралау» негізінде орындалады. Бұл тапсырма кезінде мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі

 ҚБ. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен бағалау.

 4-тапсырма. Салыстырайық.

 (Т,ЖЖ). Өлең мен мәтінді салыстыру тапсырылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Мұғалім өлең мен мәтінді салыстырып, семантикалық картаны толтыр деген тапсырма береді.

  •  Алдыңғы сабақта оқылған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін еске түсіру
  •  Кестені толтыру

Жақсы мен жаман туралы

Мәтіннің жанры

өлең

1

2

 Саралау. «Қарқын арқылы саралау» негізінде орындалады. Тапсырманы орындау кезінде басқаларға қарағанда жылдам жұмыс жасайтын оқушыны топ басшысы етіп сайлап, тапсырманы сол оқушының жетекшілігімен орындау ұсынылады

 Қ/Б: «Жетістік» баспалдағымен өзін-өзі бағалайды.

Сабақтың соңы. «Табыс сатысы» әдісі:

1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН

2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН*

3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу