Әдеби шығарманың жанрын анықтау. 3 сынып


 Тарау: Жанды табиғат

 

 Сабақ тақырыбы: Әдеби шығарманың жанрын анықтау

 

 Оқу мақсаттары:

 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

 3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшелігін анықтайды және шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтар құрастырады және жауап береді.

 Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтауда өзіндік ойын түсіндіре алады.

 Кейбір оқушылар: өлеңнің жанрлық ерекшелігі туралы білетін білімін пайдалана алады.

 

 Бағалау критерийлері:

  •  өлеңді оқып, жанрлық ерекшеліктерін түсінеді
  •  шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтар құрастырады және жауап береді.

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы: Сабақ басында ширату тапсырмасында «Мозайка» әдісі арқылы ұйымдастырылады.

 Нұсқау: Оқушылар екі топқа бөлінеді, топтарға мозайка қиындылары таратылып беріледі

  •  1 топ. Өлең қиындысынан мозайка, ал 2-ші топ мәтін қиындысынан мозайка құрастырады. (Түлкі мен тырна достасып, бірге тұрмақ болыпты, Тырау, тырау тырналар, Қырда бірақ, түлкі бар, Бірі жем іздеп, саяхатқа кеткенде, біреуі балапандар мен күшіктердің жанында қалады, Жем іздесең қырға бар, Екеуі бір жерге қоныстаныпты. Ішіп-жемегі ортақ.)

 Құрастырған мозайка туралы не айтасыңдар?

 (Екі топ құрастырған мозайкаларын оқып қорытынды шығарады, тырна туралы өлең және мәтін шыққанын айтып түсіндіреді)

 Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

 өлеңнің жанрлық ерекшелігін анықтайды және шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтар құрастырады және жауап береді.

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма. Оқиық.

 (Ө,Т) «Борт журналы» әдісі. Мүбәрәк Жаманбалиновтің «Тырна» шығармасы оқылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

  •  Өлең шумағы оқылады
  •  Өлеңнің мазмұнына назар аударылып, не жөнінде екенін айтылады.
  •  Маңызды тұстарын анықтайды. «Борт журналын» толтыру. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:

Берілген тақырып бойынша маған не белгілі?

Мен не білемін?

Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?

 

 Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына» енгізеді.

  • Топ басшысы жұмыстарын қортындылайды, тақтадағы жұмыспен сәйкестендіреді

 Саралау. Қабылдау деңгейіне қарай көмекті қажет ететін оқушыларға "қарқын" арқылы саралау жүргізіледі. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

 Қ/Б: Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз.

 2-тапсырма. Сұра және жауап бер.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

  «Ия, жоқ» әдісі арқылы жауап беру тиіс. Мұғалім бір оқушыға доп лақтырады. Сол оқушы мұғалім сұрағына келісетінін немесе келіспейтінін ия, жоқ жауабы арқылы айтады. (Сонымен қатар ия болса допты қағып алады, жоқ болса допты кері лақтырады.)

  •  Тырналар жырға неге бай келеді?
  •  Тырналарды автор қалай суреттеген? Келісесің бе?
  •  Тырналардың ән салғанын естідің бе?
  •  Бұл өлеңнің маңызды тұсы қандай? Неге олай ойлайсың?

 Саралау: Қорытынды саралау арқылы қолдау көрсетіледі. (Топ ішінен бір оқушы «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді). Барлық оқушы бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады.

 Қ/Б: «Бас бармақ» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

 

 3-тапсырма. Талдайық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Т). Әрбір топтың мүшесіне карточкаларда жазылған төмендегі ережені беріңіз.

 (Өлең – белгілі бір тақырыпқа арналады. Өлеңде ырғақ пен ұйқас болады. Өлеңнің бір бөлшегі – шумақ. Шумақ – кемінде төрт жолдан құрылады. Ұйқас – өлең жолдарын біріктіріп, белгілі бір үйлесімде ұстап тұратын өлең бірлігі. Ұйқас болуы үшін өлең кемінде екі жолдан тұруы керек.)

 2. Топ мүшелері осы ереже бойынша өлеңді талдайды.

 3. Талқылаудан кейін топ мүшелері өз пайымдауларымен келісе ме немесе келіспей ме топтастыру керек. Оларды маңыздылығына қарай орналастыру керек.

 Саралау: «Диалог және қолдау» көрсету арқылы саралау жүргізіледі. Кейбір оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетіледі.

 Қ/Б «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

 4-тапсырма. Анықтайық.

 (Т; МК, ОТ) «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы ұйымдастырылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Шығарманың жанрлық ерекшеліктерін анықтау үшін сұрақтар дайындайды және талқылап, өз ойларымен бөліседі. Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы барлық оқушы сабаққа қатысады. Көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз.

 • мұғалім 1 – 4 дейін санды таңдайды;

 • осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді.

 1.Шығарма қандай жанрға жатады?

 2.Өлеңде қанша шумақ бар?

 3.Неше тармақтан тұрады?

 4.Ұйқас қалай құрылған?

5. Тырнаны қандай сөздер арқылы суреттеген? (шыбықтай, құрықтай - теңеу, сүйрік біз – эпитет)

 Саралау. «Қорытынды» тәсілі арқылы қолдау көрсетіледі. Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады. Олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізуге бағытталады.

 Қ/Б: «Күн- белсенді, бұлт- толықтыру қажет, жауын- көмек керек» суреттері арқылы топты бағалау.

 

 Сабақтың соңы.

 Рефлексия: «Жетістік баспалдағы»

 Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу