Ы. Алтынсарин «Баланың айласы». 3 сынып


Тарау: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы Ы. Алтынсарин «Баланың айласы»

Оқу мақсаттары

3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/ теріп оқу

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау

3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсінеді; мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді

Көпшілік оқушылар: мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтайды, кейіпкерлерге мінездеме бере алады;

Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс- әрекетінің, мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтайды, дәлелдер келтіріп бағалайды, өз ойын айтып, қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері

  • Мәтінді түсініп оқиды;
  • Мәтіннен негізгі ойды білдіретін бөлікті анықтайды;
  • Кейіпкердің іс-әрекетіне, мінез құлқына баға береді.

Сабақ барысы

Сабақтың басы

Сәлемдесу

Топқа бөлу «Түс таңдау» әдісі

Сары, көк, жасыл, қызыл-4 топ құру

Сурет бойынша болжам жасау

Тақырыпқа болжам жасау.

Мәтінмен жұмыс - Тірек сөздер қатарын құрастырады. Мәтінді орындамас бұрын сурет бойынша өтетін сабаққа болжам жасайды.Суретке қарап өз ойларын айтады.

ҚБ «Бас бармақ»

Оқушылар мәтінді оқып болған соң, қаншалықты түсінгендерін бағалау.

Сабақтың ортасы

«Топтастыру» әдісі

ағартушы ұстаз

ақын

Ыбырай Алтынсарин

(1841-1889)

жазушы

3- тапсырма «Әдеби шеңбер» әдісі арқылы мәтінмен жұмыс.

Тиімділігі: әдеби көркем шығармаға анализ жасау, оқыған шығарманы өмірмен байланыстыру.

1-топ Талқы себепшісі

Топ талқылайтын әдеби шығарма туралы 3 немесе 4 сұрақ құрастырады. Бұл сұрақтарда шығарманың түрлі бөліктері мен басты тақырыбы қамтылуын қадағалау керек. Құрылған сұрақтар талқыға және сараптамаға себеп болатын ашық сұрақ болуы тиіс. Талдау кезінде жеңіл болу үшін осы сұрақтарға жауаптарын жазады.

Тапсырманы орындау үшін нұсқаулық

Мәтінді түсіне отыра 3-4 сұрақ құрастырады, сұрақтар мәтіннің мазмұнын сай құрылады. Құрастырған сұрақтарын басқа топтарға қояды.

Үлгі:

-Неліктен түйе,жеміс ағашы,ит «жақсылыққа жамандық бар»деп айтты деп ойлайсың?Ойыңды дәлелде

-Баланың іс-әрекетіне қалай баға берер едің?

-Баланың орнында сен болсаң, ғалымға қалай көмектесер едің?

2-топ Белгілеуші

Мәтінге көз жүгіртіп, әңгіменің жалпы тақырыбы мен маңызына қатысты 3 немесе 4 маңызды бөліктерін белгілейді. Олар қызықты, күлкілі, ой тудырарлық болуы мүмкін. Бөліктерді өз топтарында дауыстап оқиды және олардың маңыздылығын талқылайды. Сыныппен бөлісуге соның ішінен ең ұтымды деген бөліктерін таңдап алады.

Тапсырманы орындау үшін нұсқаулық

Мәтіннің маңызды бөліктерін белгілеп,оның маңыздылығын талқылайды.Ең маңызды бөлігін оқиды

3-топ Байланыстырушы

Мәтін мен шынайы өмір арасындағы 2 немесе 3 байланысты анықтайды. Бұл оқиғаларға өзінің жеке өмірінен, мектепте болып жатқан іс-шаралардан, басқа адамдар өмірінен, күнделікті жаңалық тақырыптарынан немесе тіпті теледидар бағдарламаларынан алынған оқиғалар жатуы мүмкін. Оларды тізіп жазады, тобымен пікір алмасады және сынып алдында жұмысын қорғайды.

Тапсырманы орындау үшін нұсқаулық

Мәтіндегі оқиғаны өмірмен байланыстырады. Бір-бірімен пікір алмасады

4-топ Қорытындылаушы

Мәтіннің мазмұнын қорытындылайды, шығарма компазициясына тоқталады және шығарманың маңызды жерлерін атап өтеді.

Тапсырманы орындау үшін нұсқаулық

Шығарманың негізгі тақырыбын ашады. Автордың позициясын анықтайды.

5-топ Суреттеуші

Мәтінге қатысты нақты немесе абстрактілі сурет салады. Сурет салу қабілеті бұл жерде басты емес; мәтіннің басты оқиғасын немесе кейіпкерін суреттеп жеткізе алуы маңызды. Мультфильм бейнелерін, диаграмма , сызбанұсқа, кесте арқылы беруге де болады.

Тапсырманы орындау үшін нұсқаулық

Салған суреттері арқылы мәтін мазмұнын аша білу керек

ҚБ «Бір- бірін бағалау»

Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысынла нені жақсарту керектігін анықтайды

4- тапсырма "Шың" әдісі

Пайдаланатын мақсаты: шығарма кейіпкерлеріне талдау жасауға, мінездеме беруге арналған

Орындау барысы: Әр оқушының дәптерінде шыңырауға апаратын жолаяғы бар Биік Шыңның суреті салынады. Шыңырау – жаман адам/кейіпкер, ал Биік шың – мінсіз адам/кейіпкер болып табылады. Өтіліп жатқан шығарманың кейіпкердің орнын осы суретте нүкте арқылы белгілеу керек.

Тапсырманы орындау үшін нұсқаулық

Дәптерге тапсырманы орындайды. Шығарманың бірнеше кейіпкерін алатын орны, маңыздылығына қарай шың басына не шыңырауға орналастыруға болады. Сонымен қатар, осы шыңдағы өздерінің орындарын көрсетуді сұрауға да болады.

ҚБ «Смайликтер»

Кестені толтыру

Кейіпкерлері

Мәтіннен үзінді

Қорытынды

Жылан

Ғалым

Түйе

Жеміс ағашы

Ит

Бала

Сабақтың соңы

“Пайымдау сұрақтары” әдісі

Тапсырманы орындау үшін нұсқаулық

Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды: Сабақта не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер т.с.с. Бір сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін.

ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек»

Екі жұлдыз-Жұмыстарындағы ұнағаны

Бір тілек-Жақсартуға болады

Ескерту: мұғалім сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты тапсырманы түрлендіруіне, орындарын ауыстырып орындатуына болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу