Ы.Алтынсарин «Малды пайдаға жарату». 3 сынып


Тарау: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сабақ тақырыбы Ы.Алтынсарин «Малды пайдаға жарату»

Оқу мақсаттары

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді анықтау

3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқып, мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды;

Көпшілік оқушылар: сөйлеу барысында көркем сөздерді орынды қолданады, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алады.

Кейбір оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекетіне қатысты көзқарасын білдіреді

Бағалау критерийлері

  • Мәтінді қатесіз,түсініп оқиды;
  • Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды;
  • Мәтіннен негізгі ойды көркем бейнелі сөздердің көмегімен жеткізеді;
  • Мәтіннің кейіпкеріне мінездеме береді;
  • Кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себебін анықтап, бағалайды.

Сабақ барысы

Сабақтың басы

Сәлемдесу

Амансың ба,Алтын күн,

Амансың ба,Көк аспан.

Амансың ба, достарым.

Сендерді көрсем қуанам.

Топтар бөлінеді (жанашыр, бақыт,ақыл,бірлік).

Тапсырманы орындау үшін нұсқаулық

Мұғалім қима қағаздар(қима қағаздарда жанашыр,бақыт,ақыл,бірлік деп жазылған) арқылы топтарға бөліп отырғызады

Сабақтың ортасы

  • тапсырма «Джигсо» әдісі арқылы мәтінді оқу

1.Ы.Алтынсариннің «Малды пайдаға жарату» мәтінін бөліктерге бөліп, топтарға тарату.

2.Оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с.

3. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.

ҚБ «Жұлдызша»

Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату

2-тапсырма «Ашық микрофон» әдісі арқылы мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

1.Алдымен оқушылар жұптарымен ойларын бөліседі. Қандай сұрақ қоятынын ақылдасады.

1.Мұғалім оқушыларға микрофон береді. Оқушылар кезекпен микрофон арқылы бір-біріне мәтінге қатысты сұрақтар қояды.

2.Оқушылар бір-бірін толықтырып отыруға болады

Үлгі:

-Мәтіндегі оқиғаға сенің көзқарасың қандай?

-Ата-анаңның алдындағы борыш дегенді қалай түсінесің?

-Үйшінің бай екенін кімнің сөзінен аңғардың?

ҚБ «Қол шапалақтау»

Сұрақтарға дұрыс жауап бергендерді қол шапалақтау арқылы бағалау.

3-тапсырма «Рөльдік ойын» әдісі

- Сілтеме табушы: мәтіндегі ең қызық жерін табу

- Із қуушы: ары қарай не болады деп ойлайсың?

-  Дәнекер: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтап, өмірмен байланыстыру

- Сұрақ қоюшы: кез келген топқа мәтін бойынша сұрақ қояды.

- Сөз тапқыш: осы оқиғаға байланысты мақал айту

Мінездеме беруші: бір кейіпкерге мінездеме беру.

Тапсырма орындау үшін нұсқаулық

Мұғалім жұмыстың орындалуын түсіндіреді. Топтағы оқушылар өз рөлдері бойынша жұмыс жасайды. Әрбір топ белгіленген уақыттан кейін жұмыстарын қорғайды.

ҚБ «Бағдаршам»

Қызыл-түсінбедім

Сары-түсініксіздеу

Жасыл-түсінікті

4- тапсырма Сәйкестендіру

Борышпайыз

парыз

Өсім

көбею

міндет

Мұғалім оқушыларға парақша таратады. Парақшадағы тапсырманың екі бөлігін бір-бірімен сәйкестендіреді. Осы тапсырма арқылы мәтінді қаншалықты түсінгендерін аңғаруға болады.

ҚБ «Бір-бірін бағалау»

Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.

Сабақтың соңы

Рефлексия «Шабадан, қоқыс жәшігі, еттартқыш» әдісі

Шабаданға тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды жазады.Еттартқышққа ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады.

Қоқыс жәшігіне керек емес болған артық дүниені жазады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу