Жақсылық жасау-борышың Ы. Алтынсарин «Баланың айласы». 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №68 жалпы білім беретін орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жақсылық жасау-борышың

Ы. Алтынсарин «Баланың айласы»

Оқу мақсаттары

3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/мәнерлеп/ теріп оқу

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау

3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсінеді; мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді

Көпшілік оқушылар: мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтайды, кейіпкерлерге мінездеме бере алады;

Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс- әрекетінің, мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтайды, дәлелдер келтіріп бағалайды, өз ойын айтып, қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері

  • Мәтінді түсініп оқиды;
  • Мәтіннен негізгі ойды білдіретін бөлікті анықтайды;
  • Кейіпкердің іс-әрекетіне, мінез-құлқына баға береді

Тірек сөздер

Сандықша,ғалым,жылан,түйе,жеміс ағашы,ит,бала

«Жақсылыққа жақсылық әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық ер адамның ісі»

Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру. Адамгершілік, алған білімді қолдана білу, еңбексүйгіштік қасиеттерді насихаттау

Пәнаралық байланыстар

Кейіпкерлер арасындағы диалог арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игеру

Мәтінді дауыстап, түсініп оқиды, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын біледі, кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-7 минут

Сәлемдесу

Топқа бөлу «Түс таңдау» әдісі

Сары, көк, жасыл, қызыл-4 топ құру

Сурет бойынша болжам жасау

Тақырыпқа болжам жасайды.

Мәтінмен жұмыс - Тірек сөздер құру 3 мин

Мәтінді орындамас бұрын сурет бойынша өтетін сабаққа болжам жасайды.Суретке қарап өз ойларын айтады

ҚБ «Бас бармақ»

Оқушылар мәтінді оқып болған соң, қаншалықты түсінгендерін бағалау.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру.

Түстер (сары,көк,жасыл,қызыл)

Слайд №1-4

Сабақтың ортасы

8-11 минут

12-25минут

26-36минут

«Топтастыру» әдісі

ағартушы ұстаз

ақын

Ыбырай Алтынсарин

(1841-1889)

Жазушы

«Әдеби шеңбер» әдісі

Тиімділігі: әдеби көркем шығармаға анализ жасау, оқыған шығарманы өмірмен байланыстыру.

1-топ Талқы себепшісі

Топ талқылайтын әдеби шығарма туралы 3 немесе 4 сұрақ құрастырады. Бұл сұрақтарда шығарманың түрлі бөліктері мен басты тақырыбы қамтылуын қадағалау керек. Құрылған сұрақтар талқыға және сараптамаға себеп болатын ашық сұрақ болуы тиіс. Талдау кезінде жеңіл болу үшін осы сұрақтарға жауаптарын жазады.

Үлгі:

  • Неліктен түйе,жеміс ағашы,ит «жақсылыққа жамандық бар»деп айтты деп ойлайсың?Ойыңды дәлелде
  • Баланың іс-әрекетіне қалай баға берер едің?
  • Баланың орнында сен болсаң,ғалымға қалай көмектесер едің?

2-топ Белгілеуші

Мәтінге көз жүгіртіп, әңгіменің жалпы тақырыбы мен маңызына қатысты 3 немесе 4 маңызды бөліктерін белгілейді. Олар қызықты, күлкілі, ой тудырарлық болуы мүмкін. Бөліктерді өз топтарында дауыстап оқиды және олардың маңыздылығын талқылайды. Сыныппен бөлісуге соның ішінен ең ұтымды деген бөліктерін таңдап алады.

3-топ Байланыстырушы

Мәтін мен шынайы өмір арасындағы 2 немесе 3 байланысты анықтайды. Бұл оқиғаларға өзінің жеке өмірінен, мектепте болып жатқан іс-шаралардан, басқа адамдар өмірінен, күнделікті жаңалық тақырыптарынан немесе тіпті теледидар бағдарламаларынан алынған оқиғалар жатуы мүмкін. Оларды тізіп жазады, тобымен пікір алмасады және сынып алдында жұмысын қорғайды.

4-топ Қорытындылаушы

Мәтіннің мазмұнын қорытындылайды, шығарма компазициясына тоқталады және шығарманың маңызды жерлерін атап өтеді.

5-топ Суреттеуші

Мәтінге қатысты нақты немесе абстрактілі сурет салады. Сурет салу қабілеті бұл жерде басты емес; мәтіннің басты оқиғасын немесе кейіпкерін суреттеп жеткізе алуы маңызды. Мультфильм бейнелерін, диаграмма , сызбанұсқа, кесте арқылы беруге де болады.

Саралау: Топта ой бөлісіп, ойларын ортаға салып, ортақ шешімге келеді.Көмек қажет ететін оқушыларға қосымша уақыт беріледі

ҚБ «Бір- бірін бағалау»

Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысынла нені жақсарту керектігін анықтайды

(Ж)"Шың" әдісі

Пайдаланатын мақсаты: шығарма кейіпкерлеріне талдау жасауға, мінездеме беруге арналған.

Орындау барысы: Әр оқушының дәптерінде шыңырауға апаратын жолаяғы бар Биік Шыңның суреті салынады. Шыңырау – жаман адам/кейіпкер, ал Биік шың – мінсіз адам/кейіпкер болып табылады. Өтіліп жатқан шығарманың кейіпкердің орнын осы суретте нүкте арқылы белгілеу керек. Дәптерге тапсырманы орындайды. Шығарманың бірнеше кейіпкерін алатын орны, маңыздылығына қарай шың басына не шыңырауға орналастыруға болады. Сонымен қатар, осы шыңдағы өздерінің орындарын көрсетуді сұрауға да болады.

Саралау: Шығармадағы кейіпкерлердің алатын орны, маңыздылығына қарай орналастыру жұмысында барлық оқушыға бағытталған нұсқау бере отырып, не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.

ҚБ «Смайликтер»

Кесте толтыру

Кейіпкерлері

Мәтіннен үзінді

Қорытынды

Жылан

Ғалым

Түйе

Жеміс ағашы

Ит

Бала

Түрлі-түсті маркерлер, стикерлер

Слайд №5-6

Оқулық 42-43 беттер

Слайд №7

Шың мен шыңырау бейнеленген сурет.

Слайд №8

Қосымша 3

Сабақтың соңы

37-40 минут

 “Пайымдау сұрақтары” әдісі:

  Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды: Сабақта не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер т.с.с. Бір сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін.

ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек»

Екі жұлдыз-Жұмыстарындағы ұнағаны

Бір тілек-Жақсартуға болады

Слайд №9

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

1-тапсырманы орындау барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Мәтінді түсініп оқу кезінде кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі

2-тапсырманы орындау барысында диалог және қолдау көрсету бойынша саралау жүргізіледі. Мәтіндегі негізгі ойды білу үшін топта ой бөлісіп,ойларын ортаға салып,ортақ шешімге келеді.

3-тапсырманы орындау барысында қорытынды арқылы саралау жүргізіледі.Шығармадағы кейіпкерлердің алатын орны, маңыздылығына қарай орналастыру жұмысында барлық оқушыға бағытталған нұсқау бере отырып, не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу,

4-тапсырманы орындау барысында бағалау арқылы саралау жүргізіледі.

Оқушылардың жұмыстарының барлығы бағаланады.

Бағалау

«Бас бармақ» әдісі

«Бір- бірін бағалау» әдісі

«Смайликтер» әдісі

«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі

Дескриптор

  • Мәтінді түсініп оқиды;
  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
  • Кейіпкердің көңіл күйін анықтайды;
  • Кейіпкерлердің іс-әрекетіне қатысты өз көзқарасын білдіреді.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топ ережесін сақтау ескеріледі

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу