Адамдық-борышың Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық-борышың». 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Күні:

Сынып:

Мектеп: Астана қаласы, №68 жалпы білім беретін орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Адамдық-борышың

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық-борышың»

Оқу мақсаты

3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді анықтау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Өлеңді іштей саналы түрде түсініп оқиды;

Көптеген оқушылар: өз ойы мен сезімін көркем бейнелі сөздермен жеткізе алады, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алады;

Кейбір оқушылар: өз ойын дәлелдер келтіріп айтады, өлеңді мәнерлеп оқиды

Бағалау критерийлері

  • Өлеңді түсініп оқиды;
  • Өлең бойынша өз ойын айтады;
  • Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды;
  • Өлеңді мәнерлеп оқи алады

Тірек сөздер

Тұл,борыш,ақжол,талап

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, әдептілік, ашықтық, ерінбей еңбек ету, білім алу құндылықтарын бойына сіңіру

Пәнаралық байланыстар

Өз ойын білдіруде сөйлемдегі сөздердің байланысын, сөйлем түрлернің тыныс белгілерін дұрыс қолданау арқылы қазақ тілімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Өлеңді дауыстап, қатесіз оқиды, көркем- бейнелі сөздерді орынды қолданады, сұрақтарға жауап береді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Ширату тапсырмасы

«Гүлмен тілек» (сергіту және топқа біріктіру)

Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді.Гүлдің түстеріне қарай топтарға бөлінеді. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийін оқушылармен бірлесе құрастыру немесе таныстыру.

Қосымша 1

Слайд №1-4

Сабақтың ортасы

6-16 минут

17-24 минут

25-32 минут

33-36 минут

1- тапсырма

(Ж) Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамдық-борышың» өлеңін оқушылар оқи отырып, қажетті ақпаратты белгілеп отыру тапсырылады. Өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі. Мәтіннен қажетті ақпаратты алу үшін оқушылар стикермен белгілеп отырып оқиды. Белгілеп алынған қажетті ақпаратқа стикерлер жапсырылады.

Кестені толтыр

Жақсы деген немене?

Жаман деген немене?

Саралау: Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, түйінді ойды, тақырыпты ортаға салып талқылайды.

ҚБ Түстер(жасыл,қызыл) арқылы бағалау

Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр оқушы өз жұмысында нені толықтыру керек, қандай өзгертулер енгізу керектігін анықтайды

2-тапсырма

(ЖЖ) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі.

Мұғалім жұмыстың орындалуын түсіндіреді. Оқушылар өзінің мәтіннен стикермен белгілеп жинаған мәліметтерін көршісімен бөліседі. Оқушылар көршісімен түсініксіз сөздердің мағынасын талқылайды. Өлеңнің тақырыбы мен негізгі ойы анықталады.

Саралау:. Белсенді тыңдау, талқылаудың көп жақтарын көрсетеді.

ҚБ «Топ белсенділіктерін бақылау»

Топпен жұмыс және ұжыммен жұмыс кезінде тапсырманы орындау барысында топ мүшелерінің бірлесіп жұмыс жасауы мен белсенділіктерін бақылай отырып тапсырманың орындалуын бағалау.

3-тапсырма

(Т) «Мозайка» әдісі арқылы суретпен жұмыс жүргізіледі. Оқушыларға сурет қиындылары таратылады. Топ болып сурет қиындыларынан сурет құрастырып, сол суретке қарап әңгіме құрастырады.Топтар өз суреттерін ортаға шығып қорғайды

Саралау: Топтар тез және үйлесімді жұмыс жүргізеді. Топта барлығы бірге жұмыс жасайды

ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

4- тапсырма «Жалғасын тап»

Сөйлемнің басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратады, олар ойды жалғастырып сөйлемді толықтырып айтады. Бұл әдісті сабақты бекітуге қолдануға болады.

Ата-ананы қадірлеу..............

Отанды қорғау..............

Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

ҚБ «Бір- бірін бағалау»

Топтар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.

Оқулық 47- бет

стикер

Слайд №5

Қосымша 2

Түсіндірме сөздік

Қосымша3

Слайд №6

Қосымша 4

Слайд №7

дәптер

Сабақтың соңы

37-40 минут

«Бағдаршам»

Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:

Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.

Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.

Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті

Слайд №8

Қосымша 5

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1-тапсырма

Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, түйінді ойды, тақырыпты ортаға салып талқылайды.

2-тапсырма

Белсенді тыңдау, талқылаудың көп жақтарын көрсетеді.

3-тапсырма

Топтар тез және үйлесімді жұмыс жүргізеді. Топта барлығы бірге жұмыс жасайды

4-тапсырма

Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау

көрсетіледі.

-Түстер(жасыл,қызыл) арқылы бағалау

-«Топ белсенділіктерін бақылау»әдісі

-«Бағдаршам» әдісі

-«Бір- бірін бағалау»әдісі

Дескриптор

  • Өлеңді түсініп оқиды
  • Көркем сөздерді орынды қолданады;
  • Өлеңге қатысты өз ойын айтады
  • Өлеңнің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды;
  • Өлеңді мәнерлеп оқиды

Сынып ішінде қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу