Жақсыдан үйрен Ы.Алтынсарин «Малды пайдаға жарату». 3 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласы, №68 жалпы білім беретін орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Махамбетова С.А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жақсыдан үйрен

Ы.Алтынсарин «Малды пайдаға жарату»

Оқу мақсаттары

3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді анықтау

3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

3.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқып, мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды;

Көпшілік оқушылар: сөйлеу барысында көркем сөздерді орынды қолданады; шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алады.

Кейбір оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекетіне қатысты өз көзқарасын білдіреді

Бағалау критерийлері

  • Мәтінді қатесіз,түсініп оқиды;
  • Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды;
  • Өз ойын жеткізуде көркем-бейнелі сөздердің қолданады;
  • Кейіпкерге мінездеме береді;
  • Кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себебін анықтап, бағалайды.

Тірек сөздер

Үйші,борыш,өсім

Құндылықтарды дарыту

Топтық,жұптық жұмыстарды орындау барысында ынтымақтастық орта қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Музыка,қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игеру

Мәтінді түсініп оқиды

Кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Сәлемдесу

Амансың ба,Алтын күн,

Амансың ба,Көк аспан.

Амансың ба, достарым.

Сендерді көрсем қуанам.

Топтар бөлінеді (жанашыр, бақыт,ақыл,бірлік).

Қима қағаздар(қима қағаздарда жанашыр,бақыт,ақыл,бірлік деп жазылған) арқылы топтарға бөліп отырғызады. Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын таныстырады. Бағалау критерийін оқушылармен бірлесе құрастырады немесе таныстырады.

Қима қағаздар

Слайд №1-3

Сабақтың ортасы

6-11минут

12-17 минут

18-30 минут

31-35минут

1-тапсырма

(Т) «Джигсо» әдісі

1.Ы.Алтынсариннің «Малды пайдаға жарату» мәтінін бөліктерге бөліп, топтарға тарату.

2.Оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әрқайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с.

3. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.

Саралау: Қабілеті төмен оқушылар мәтінді ұзақ оқитындықтан оларға қосымша уақыт беруге болады

ҚБ «Жұлдызша»

Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату

2-тапсырма

(Ө;ЖЖ) «Ашық микрофон» әдісі

1.Алдымен оқушылар жұптарымен ойларын бөліседі. Қандай сұрақ қоятынын ақылдасады. Мұғалім оқушыларға микрофон береді. Оқушылар кезекпен микрофон арқылы бір-біріне мәтінге қатысты сұрақтар қояды.Оқушылар бір-бірін толықтырып отыруға болады

Үлгі:

-Мәтіндегі оқиғаға сенің көзқарасың қандай?

-Ата-анаңның алдындағы борыш дегенді қалай түсінесің?

-Үйшінің бай екенін кімнің сөзінен аңғардың?

Саралау: Сұрақтарға толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлу. Сонымен бірге жетекші сұрақтар қоюға болады

ҚБ «Қол шапалақтау»

Сұрақтарға дұрыс жауап бергендерді қол шапалақтау арқылы бағалау.

3-тапсырма

Талқылайық «Рөльдік ойын» әдісі

- Сілтеме табушы: мәтіндегі ең қызық жерін табу

- Із қуушы: ары қарай не болады деп ойлайсың?

-  Дәнекер:  шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды, өмірмен байланыстыр

- Сұрақ қоюшы: кез келген топқа мәтін бойынша сұрақ қояды.

- Сөз тапқыш: осы оқиғаға байланысты мақал айту

Мінездеме беруші: бір кейіпкерге мінездеме беру.

Саралау: Оқушылар өздеріне берген тапсырма бойынша ой бөлісіп, ойларын ортаға салып, ортақ шешімге келеді.

ҚБ «Бағдаршам»

Қызыл-түсінбедім

Сары-түсініксіздеу

Жасыл-түсінікті

4-тапсырма

Құрастырайық «Сәйкестендіру»

Борышпайыз

парыз

Өсім

көбею

міндет

Парақшадағы тапсырманың екі бөлігін бір-бірімен сәйкестендіреді. Осы тапсырма арқылы мәтінді қаншалықты түсінгендерін аңғаруға болады.

Саралау: Қабілеті төмен оқушы өзінің жазғанына сенімсіздікпен қарауы мүмкін.Сол кезде өзге оқушыларды тыңдап жұмысына түзетулер енгізеді

ҚБ «Бір-бірін бағалау»

Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалайды.Өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.

Оқулық 45-46 беттер

Слайд №5

Слайд №6

Слайд №7

Қосымша 3

Сабақтың соңы

36-40 минут

Рефлексия «Шабадан, қоқыс жәшігі, еттартқыш» әдісі

Шабаданға тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды жазады.

Еттартқышққа ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады.

Қоқыс жәшігіне керек емес болған артық дүниені жазады

Слайд №8

Қосымша4

Саралау

1-тапсырмада

Қабілеті төмен оқушылар мәтінді ұзақ оқитындықтан оларға қосымша уақыт беруге болады

2-тапсырмада

Сұрақтарға толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлу. Сонымен бірге жетекші сұрақтар қоюға болады

3-тапсырмада

Оқушылар өздеріне берген тапсырма бойынша ой бөлісіп, ойларын ортаға салып, ортақ шешімге келеді.

4-тапсырмада

Қабілеті төмен оқушы өзінің жазғанына сенімсіздікпен қарауы мүмкін.Сол кезде өзге оқушыларды тыңдап жұмысына түзетулер енгізеді

Бағалау

«Жұлдызша» әдісі

«Қол шапалақтау» әдісі

«Бағдаршам» әдісі

«Бір-бірін бағалау»әдісі

Дескриптор

  • мәтіннің үзіндісін

жүйелі мазмұндайды

  • мәтін бойынша

сұрақтарға жауап береді;

  • сөйлеу барысында

көркем сөздерді орынды қолданады;

  • кейіпкердің іс-әрекеті

туралы өз ойын айтады;

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топпен жұмыс жасауда қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу