Киіктің айласы. 3 сынып


Пән: Әдебиеттік оқу

Тарау: Жанды табиғат

Сабақ тақырыбы: Киіктің айласы

Оқу мақсаттары

3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу

3.1.4. 2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану

3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет/сценарий түрінде ұсыну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтінді түсініп,мәнерлеп оқиды

Көпшілік оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрацияларды тиімді қолданады

Кейбір оқушылар: мәтін мазмұнына сәйкес сурет салады

Бағалау критерийлері

  • Мәтінді қатесіз, түсініп оқиды
  • Әңгімелеу барысында сәйкес суреттерді қолданады;
  • Шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсынады.

Сабақ барысы

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Ширату тапсырмасы

«Шаттық шеңбері»

Сабақ басталар алдында қолданамыз. Оқушылар үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады.

Топқа бөлу:

Мақал-мәтелдер арқылы топтарға бөліну. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін бірлесе құрастыру немесе таныстыру.

Сабақтың ортасы

Автормен танысу

Әуелбек Қоңыратбаев(1905-1986) Қызылорда облысында туған-ғалым,әдебиет зерттеуші. Балаларға арналған «Жеті алып», «Сұр көжек» деген кітаптары бар.

1-тапсырма

(Ж,Т) «Джигсо» әдісі

1. Әуелбек Қоңыратбаевтың «Киіктің айласы» мәтінін бөліктерге бөліп, топтарға тарату. Мұғалім мәтінді бөліктерге бөліп береді. Оқушылар мәтін бөліктерін оқиды. Басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.

2.Оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с.

3. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.

Саралау:Қабілеті төмен оқушылар мәтінді ұзақ оқитындықтан оларға қосымша уақыт беруге болады

ҚБ «Смайликтер»

2-тапсырма

(Ө) «Жалғасын тап» әдісі

Сөйлемнің басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратады, олар ойды жалғастырып сөйлемді толықтырып айтады.

Нұсқаулық

Топтарға сөйлемнің басы жазылған парақшаларды тарату. Оқушылар сөйлемді толықтырады

-Сәске кезінде......

-Тал тасасында......

-Дүр етіп үріккен......

-Ақсақ теке олардан......

-Таяқ сілтем жерде......

-Діңкесі құрыған......

-Өзінің үйірін......

Саралау: Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.

ҚБ «Қол шапалақтау»

Тапсырманы өте жақсы деңгейде орындаған оқушыны қол шапалақтау арқылы бағалау

3-тапсырма

(Ж)" Венн диаграммасы" әдісі

С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» және Ә. Қоңыратбаевтың «Киіктің айласы» мәтіндерін салыстыру. Әр мәтіннің ерекшелігі мен ұқсастығы анықталады. Кесте толтыру арқылы шығарманың жанрлық ерекшелігін анықтайды, шығарманың тақырыбы мен негізгі идеясын таба алады.

Шығарма аты

Авторы

Жанры

Тақырыбы

Саралау: Ұсынылған мәселе бойынша өз ойына талдау жасайды. Жасалған жұмыс бойынша толыққанды, жан-жақты түйіндеме жасайды.

ҚБ «Бір- бірін бағалау»

Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысынла нені жақсарту керектігін анықтайды

4-тапсырма

(Т) «Сурет сал» әдісі

Мәтіннен үзінді бойынша сурет салады. Салған суреттері бойынша ортада пікір алмасып, түсіндіреді.Әр топқа мәтіннен үзінді бойынша сурет салу ұсынылады. Әр топқа плакаттар таратылады. Топтардың салған суреттері бойынша ортада жалпы пікір алысады, оларды түсіндіреді. Мұғалім жұмысқа берілген қысқа уақыт шағын топтардың тез және үйлесімді жұмыс жүргізіп, кенеттен пайда болған ойларын суретке түсіруге жұмылдырады.

Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтілетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.

ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек»

Екі жұлдыз-Жұмыстарындағы ұнағаны

Бір тілек-Жақсартуға болады

Сабақтың соңы

(Ж) «Бір ауыз сөз» әдісі

Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды тақтаға алдын-ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу