Ізгілік бастауы (2 сынып, I тоқсан)

 Ізгілік бастауы (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым
Сабақ тақырыбы: Тыңдаған мәтін бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу. Ізгілік бастауы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу)2.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.
Сабақ мақсаттары: Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.
Сабақ барысы: (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл - күйін жақсартуға арналған сергіту.
Қайырлы күн, әлем!
Қайырлы күн, аспан!
Қайырлы күн, сен!
Қайырлы күн, мен!
Қайырлы күн, мұғалім!
(Ұ) «Артық сөзді тап» ойыны
Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын арттыру, сабақтың тақырыбын анықтау.
Ата аға шаңырақ ноутбук туыс ағайын
ойнау адал қуану көмектесу жапырақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.
Бағалау критерийлерін шығару.
Өлеңді оқу, түсінбеген сөздерін белгілеп отыру.
Жеті ата
Өтепберген Ақыпбекұлы
Жеті ұрпақты білмейміз
Әлі күнге көбіміз.
Және бізге беймәлім
Біздің ата-тегіміз.
Ең алдымен сөз етем,
Бірінші ата – өз әкем.
Екіншісі – атамыз,
Үшіншісі – арғы ата,
Төртіншісі – бабамыз,
Бесіншісі – түп ата.
Қалай тыныш жатамыз,
Маған да, ата, бер бата!
Алтыншысы – тек ата,
Жетіншісі – ұлы ата.
Жеті ұрпақты сөз етсек,
Қателікті түзетсек,
Бірінші ұрпақ – ол бала,
Ұрпағыңды қорлама!
Екіншісі – немере,
Үшіншісі – шөбере,
Төртіншісі – шөпшегің,
Бесіншісі – немене,
Алтыншысы – жүрежат,
Жетіншісі – туажат,
Тұқым солай өседі.
Бірін бірі қуалап.
Жеті атаның тілін ал,
Жеті ұрпақты біліп ал!
Отбасы туралы өлеңдер оқу ұйымдастырылады.
(Ұ, Т) Майя мультфильмінен үзінді тамашалау. Кейіпкердің әрекетін бағалау. Ой қорытындысын жасау.
Немересі мен атасы
Тірек сөздер:
Самат, атасы,қартайды, жүре алмайды, көрмейді, естімейді,атасын күтеді, алғыс.
Саматтың атасы әбден қартайды. Ол жүре алмайды. Көзі көрмейді, құлағы естімейді. Самат атасын күтеді. Атасын далаға сүйеп шығады. Оның беті-қолын жуғызады, сүлгісін әпереді. Самат атасының төсегін салады. Көрпесін жабады. Атасы немересіне алғысын айтты.
(Ө) Мәтін құрау.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 873



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!