алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Мектептегі сүйікті пәндерім №1 (2 сынып, II тоқсан )

 Мектептегі сүйікті пәндерім №1 (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Менің мектебім»
Сабақ тақырыбы:Мектептегі сүйікті пәндерім №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді және пәнді не себепті ұнататындарын айтады.
Сабақ барысы: (МК) «Шаттық шеңбері» әдісі. Мұғалім оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызады. Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып мұғаліммен амандасады, бір-біріне сәттілік тілейді, басқа да жақсы тілектер айтады.
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
Мектептің суретін пазлдарға бөлу, әр бөліктің артына мектеп тақырыбына қатысты сөздер жазып қою. Оқушылар пазл бөліктерін алып, сөздердің жуан немесе жіңішке екенін ажыратады.
(мектеп, мұғалім, оқушы, сабақ, тақта, дәптер, күнделік, қалам, пәндер, оқулық)
Оқушылар пазлды құрастырып мектептің суретін шығарады.
(МК) Суретке қарап, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?
Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. «Мен қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінемін»
- Мынау ненің суреті?
- Ағаштың.
- Ағаштың бұтақтарында нелер ілулі тұр?
- Кітаптар.
- Ол қандай кітаптар?
- Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, т.б.
- Оларды бір сөзбен қалай айтамыз, кім біледі?
- Пәндер.
Мектеп пәндерінің атауларымен таныстырылым арқылы таныстыру.
(Ұ) Әр оқушы өзіне ұнайтын/ ұнамайтын пәндерді суреттерге қарап айтады. Маған қазақ тілі ұнайды/ұнамайды, себебі ....... .
Cергіту сәті
http://www.youtube.com/watch?v=XoEo9K7S-SM
Мектеп туралы ән.
(Ұ) «Күн мен түн» ойыны.
«Түн» сөзін айтқанда, оқушылар көздерін жұмады, осы кезде бір пәннің атауын өшіру немесе жасыру, ал «күн» дегенде, көздерін ашып, қай пән екенін табады.
(Ө, Қ) Сүйікті пәніне қатысты сурет салады және сөйлем құрап айтады. Менің сүйікті пәнім-....
Сынып оқушылар бас бармақ арқылы немесе пікір айту арқылы баға береді.
Дифференциация:
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сәйкес сөздерді қолданып, пәнді не себепті ұнататындарын айтады;
қабылдау деңгейі орташа оқушылар мұғалім үлгісіне сүйене отырып, өз сүйікті пәндерінің суретін салуға және пәнді атауға тырысады.....

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы