Буллингтен қорған! 7 сынып


Сынып жетекші:

Күні:

15.09.2025

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы:

«Буллингтен қорған!»

«Дос бол лайк: «Достық пен сыйластық ең үлкен байлық»

«Цифрлық диета» Челленджі: гаджеттерден қысқа уақытқа бас тарту сізге қалай әсер етеді? »

Мақсаты

 Оқушыларға буллингтің не екенін түсіндіру

 Буллингтің түрлері мен оның әсерлерін талқылау

 Буллингтен қорғану жолдарын үйрету

Оқушыларға достық пен сыйластықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру;

Достыққа адалдық, сыйластыққа құрметпен қарауды үйрету;

Ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға тәрбиелеу.

Оқушыларға «цифрлық диета» ұғымын түсіндіру;

Гаджеттерді шамадан тыс қолданудың зиянын ұғындыру;

Уақытты тиімді пайдалануға, офлайн өмірдің құндылығын бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу:

Армысыздар, қымбатты оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын!

Барлықтарыңыздың жүздеріңізден күлімсіреу көрініп тұр! Керемет!

Оқушылар жұдырық түйістіру арқылы бір біріне достық ықыластарын білдіреді.

Көңілді әуен

Сабақтың ортасы

Қызығушылықты ояту

«Буллинг» сөзімен таныстыру (бейнеролик немесе мысалдар арқылы)

Оқушыларға «Буллинг дегеніміз не?» деген сұрақ қою

Негізгі бөлім

1. Буллинг түрлері:

Физикалық (ұрту, итеру, заттарды бүлдіру)

Вербалды (қорлау, келемеждеу, жаман сөз айту)

Кибербуллинг (әлеуметтік желідегі қорқыту, мазақтау)

2. Буллингтің әсері:

Психологиялық (үрей, сенімсіздік, жалғыздық)

Академиялық (оқу үлгерімінің төмендеуі)

Әлеуметтік (достардан алыстау)

3. Буллингтен қорғану жолдары:

Өзіңді сенімді ұстау

Көмек сұрау (ата-ана, мұғалім, достар)

Агрессиясыз жауап беру

Достық атмосфераны қалыптастыру

Топтық жұмыс

Оқушылар топтарға бөлініп, жағдаяттар беріледі

Әр топ буллингке тап болған жағдайда не істеу керектігін талқылап, шешім ұсынады

Жұмыстарын сынып алдында таныстырады

Қорытынды

«Мен буллингтің алдын алу үшін...» атты рефлексия жазу

Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі

Үй тапсырмасы

«Достық туралы» эссе жазу немесе буллингтің алдын алу туралы постер дайындау

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Оқушылардың бұл тақырып бойынша ойларын тыңдау.

Жауаптар талқыланады.

Әр топ өз ойларын постер немесе қағазға жазып, таныстырады.

Оқушылар бірін -бірі бағалайды

Ақ қағаз, фломастерлер

Презентация

Видеороликтер

суреттер

Қағаз, маркерлер, плакаттар;

Интерактивті тақта немесе бейнеролик көрсету;

Дос бол лайк

Қызығушылықты ояту

Мұғалім сұрақ қояды:

«Дос деген кім?»

«Нағыз дос қандай болу керек?»

Жаңа тақырып

«Достық пен сыйластық – ең үлкен байлық» тақырыбында қысқа әңгіме, мақал-мәтел айту.

Шағын бейнеролик көру (достық жайлы).

Мұғалім түсіндірмесі: достық – адам өмірінің ажырамас бөлігі, сыйластық – оның берік іргетасы.

Тапсырма рындайды

1. «Достық – өмірдің сәні» тақырыбының мағынасын ашу.

2.Дос туралы мақал-мәтелдер жинақтап, мән-мағынасын түсіндіру.

«Досыңды тап» ойыны: Көздері жұмылған бала өз досын даусынан тануға тырысады.

Қорытындылау

«Достық гүлін» құрастыру: әр оқушы гүл жапырағына досына деген жақсы қасиетті жазады.

Бірге отырып, «Достық әнін» айтуға болады.

Рефлексия

«Досыма айтар едім...» әдісі: әр оқушы достарына бір жылы сөз айтады.

Үй тапсырмасы:

«Менің ең жақын досым» тақырыбында эссе немесе сурет салу.

Оқушылар ақ қағазға өз ойларын қысқаша жазады

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

Ақ қағаз

Қауіпсіздік сабағы

10 мин

Сабақтың тақырыбын және мақсатын түсіндіру

Қызығушылықты ояту

Мұғалім сұрақ қояды: «Сіз күніне телефонға қанша уақыт жұмсайсыз?»

«Менің гаджет уақытым» атты шағын сауалнама (қол көтеру арқылы).

Жаңа тақырып

Цифрлық диета дегеніміз: уақытша интернет пен гаджеттерден шектеу қою, экран алдындағы уақытты азайту.

Неліктен қажет?

Көздің саулығы үшін;

Ұйқы режимін бұзбау үшін;

Дене қозғалысын арттыру үшін;

Достармен, отбасымен қарым-қатынасты нығайту үшін.

Мысал: кейбір елдерде «Digital Detox Day» ұйымдастырылады.

Топтық жұмыс

1-топ: Постер «Гаджетсіз өмірдің артықшылықтары».

2-топ: «24 сағат телефонсыз» челлендж жоспарын жасау

3-топ: Рөлдік ойын «Гаджетсіз бір күн» (ситуацияны сахналау).

Ойын:

«Онлайн ба, офлайн ба?» ойыны (мұғалім жағдай айтады: «Достармен футбол ойнау» → офлайн, «Мессенджерде сөйлесу» → онлайн).

Қорытындылау

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Мұғалім түйіні: «Цифрлық диета – бұл денсаулық пен бақытқа жасалған қадам».

Рефлексия

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.

Оқушылар «Гаджетсіз мен не істей аламын?» деген бір ой айтады.

Оқушылар сабақтың тақырыбын сұрақтарға жауап беру арқылы

Оқушылар бір бірінің жауаптарын толықтырады

Топтық жұмыс орындайды

Ситуациялық сұраққа жауап береді

Оқушылар бір бірінің жауаптарын толықтырады

Презентация

Қауіпсіздік ережелері жазылған плакаттар.

Ойын алаңының суреттері.

Тақырыптық бейнероликтер немесе анимациялар.

Көрнекіліктер (суреттер, бейнематериал).

Сабақтың соңы

Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін .

Үй тапсырмасы

1.«Достық туралы» эссе жазу немесе буллингтің алдын алу туралы постер дайындау

2.«Менің цифрлық диетам» атты 1 күндік жоспар құру (гаджетсіз уақытты қалай өткізетінін жазу).

Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі.

Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп, мадақтау.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу