Буллингтен қорған! 6 сынып
Сынып жетекші: | ||
Күні: | 15.09.2025 | |
Сынып: 6 | ||
Сабақтың тақырыбы: | «Буллингтен қорған!» «Дос бол лайк: «Достық пен сыйластық ең үлкен байлық» «Сіздің жеке деректеріңіз және оларды қалай қорғауға болады?» | |
Мақсаты | Оқушыларға буллингтің не екенін түсіндіру Буллингтің түрлері мен оның әсерлерін талқылау Буллингтен қорғану жолдарын үйрету Оқушыларға достық пен сыйластықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру; Достыққа адалдық, сыйластыққа құрметпен қарауды үйрету; Ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға тәрбиелеу. Оқушыларға жеке деректердің (аты-жөні, мекенжайы, телефон нөмірі, құпия сөздер, суреттер, жеке құжаттар) не екенін түсіндіру; Жеке ақпаратты қорғаудың жолдарын үйрету; Интернет пен өмірде қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру. | |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Сәлемдесу: Армысыздар, қымбатты оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын! Барлықтарыңыздың жүздеріңізден күлімсіреу көрініп тұр! Керемет!
| Оқушылар жұдырық түйістіру арқылы бір біріне достық ықыластарын білдіреді. | Көңілді әуен | |
Сабақтың ортасы | Қызығушылықты ояту «Буллинг» сөзімен таныстыру (бейнеролик немесе мысалдар арқылы) Оқушыларға «Буллинг дегеніміз не?» деген сұрақ қою Негізгі бөлім 1. Буллинг түрлері: Физикалық (ұрту, итеру, заттарды бүлдіру) Вербалды (қорлау, келемеждеу, жаман сөз айту) Кибербуллинг (әлеуметтік желідегі қорқыту, мазақтау) 2. Буллингтің әсері: Психологиялық (үрей, сенімсіздік, жалғыздық) Академиялық (оқу үлгерімінің төмендеуі) Әлеуметтік (достардан алыстау) 3. Буллингтен қорғану жолдары: Өзіңді сенімді ұстау Көмек сұрау (ата-ана, мұғалім, достар) Агрессиясыз жауап беру Достық атмосфераны қалыптастыру Топтық жұмыс Оқушылар топтарға бөлініп, жағдаяттар беріледі Әр топ буллингке тап болған жағдайда не істеу керектігін талқылап, шешім ұсынады Жұмыстарын сынып алдында таныстырады Қорытынды «Мен буллингтің алдын алу үшін...» атты рефлексия жазу Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі | Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Оқушылардың бұл тақырып бойынша ойларын тыңдау. Жауаптар талқыланады. Әр топ өз ойларын постер немесе қағазға жазып, таныстырады. | Оқушылар бірін -брі бағалайды | Ақ қағаз, фломастерлер Презентация Видеороликтер суреттер Қағаз, маркерлер, плакаттар; Интерактивті тақта немесе бейнеролик көрсету; |
Дос бол лайк | Қызығушылықты ояту Мұғалім сұрақ қояды: «Дос деген кім?» «Нағыз дос қандай болу керек?» Жаңа тақырып «Достық пен сыйластық – ең үлкен байлық» тақырыбында қысқа әңгіме, мақал-мәтел айту. Шағын бейнеролик көру (достық жайлы). Мұғалім түсіндірмесі: достық – адам өмірінің ажырамас бөлігі, сыйластық – оның берік іргетасы. Тапсырма рындайды 1. «Достық – өмірдің сәні» тақырыбының мағынасын ашу. 2.Дос туралы мақал-мәтелдер жинақтап, мән-мағынасын түсіндіру. «Досыңды тап» ойыны: Көздері жұмылған бала өз досын даусынан тануға тырысады. Қорытындылау «Достық гүлін» құрастыру: әр оқушы гүл жапырағына досына деген жақсы қасиетті жазады. Бірге отырып, «Достық әнін» айтуға болады. Рефлексия «Досыма айтар едім...» әдісі: әр оқушы достарына бір жылы сөз айтады. Үй тапсырмасы: «Менің ең жақын досым» тақырыбында эссе немесе сурет салу. | Оқушылар ақ қағазға өз ойларын қысқаша жазады | «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау | Ақ қағаз |
Қауіпсіздік сабағы 10 мин | Сабақтың тақырыбын және мақсатын түсіндіру «Қауіпсіздік дегенде ойыңа не келеді?» – шағын әңгіме. Қызығушылықты ояту Жағдаяттық сұрақ: «Бейтаныс адам сенен телефон нөміріңді сұрады. Не істейсің?» Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Жаңа тақырыпты түсіндіру Жеке деректер дегеніміз: аты-жөні, туған күні, үй мекенжайы, телефон нөмірі, мектеп, банк картасы, құпия сөздер, жеке фотосуреттер. Неліктен оларды қорғау керек? Жалған ақпарат таралмау үшін; Алаяқтардан сақтану үшін; Өміріңе қауіп төндірмеу үшін. Қорғау жолдары: Құпия сөзді ешкімге бермеу; Әлеуметтік желіде артық ақпарат жарияламау; Бейтаныс адамдарға жеке мәлімет бермеу; Құпия сөзді күрделі етіп таңдау. Топтық жұмыс 1-топ: Постер «Жеке деректерді сақтаудың 5 ережесі». 2-топ: Рөлдік ойын «Бейтаныс адамның өтініші» (оқушы жеке деректерді бермей қорғанады). 3-топ: «Жеке деректерді қорғау» атты қысқа өлең немесе ұран құрастыру «Қауіпсіз бе, қауіпті ме?» ойыны (мұғалім жағдай айтады, оқушылар «қауіпсіз» немесе «қауіпті» деп қол көтереді). Қорытындылау Сұрақ-жауап: Жеке деректерге не жатады? Оларды қалай қорғаймыз? Сабақ түйіні: «Жеке деректер – сенің құпия қазынаң». Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі (оқушылар сабақтан алған әсерін айтады) | Оқушылар сабақтың тақырыбын сұрақтарға жауап беру арқылы Оқушылар бір бірінің жауаптарын толықтырады Топтық жұмыс орындайды | Оқушылар бір бірінің жауаптарын толықтырады | Презентация Қауіпсіздік ережелері жазылған плакаттар. Ойын алаңының суреттері. Тақырыптық бейнероликтер немесе анимациялар. Көрнекіліктер (суреттер, бейнематериал). |
Сабақтың соңы | Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін . Үй тапсырмасы 1.«Достық туралы» эссе жазу немесе буллингтің алдын алу туралы постер дайындау 2.«Менің жеке деректерімді қорғаудың 7 ережесі» атты шағын жадынама жасау. | Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі. | Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп, мадақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру