Бәрі де,Ана, бір өзіңнен басталады 2 сынып


Сынып жетекші:

Күні:

15.09.2025

Сынып: 2

Сабақтың тақырыбы:

«Бәрі де,Ана, бір өзіңнен басталады»

«Құпия сөз – сіздің отбасылық пароліңіз»

Мақсаты

 Оқушыларға ананың қоғамдағы, отбасындағы орнын ұғындыру;

Ананы құрметтеу, қадірлеу, алғыс білдіру сезімдерін қалыптастыру;

Анаға деген сүйіспеншілік пен ізеттілікті тәрбиелеу.

Оқушыларға құпия сөздің маңызын түсіндіру;

Отбасылық парольдің қауіпсіздік үшін қажет екенін ұғындыру;

Жеке ақпаратты қорғау дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу:

Армысыздар, қымбатты оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын!

Барлықтарыңыздың жүздеріңізден күлімсіреу көрініп тұр! Керемет!

«Жылы сөздер шеңбері» ойыны: Оқушылар бір-біріне жақсы сөздер мен тілек айтады.

Оқушылар жұдырық түйістіру арқылы бір біріне достық ықыластарын білдіреді

Көңілді әуен

Сабақтың ортасы

Қызығушылықты ояту:

Бейнеролик көрсету: «Ана туралы» шағын бейне.

Сұрақ: «Ана дегенде ойларыңа не келеді?» (кластер құру).

Жаңа тақырыпты ашу:

Мұғалім кіріспе сөзі:

«Ана – өмірдің бастау бұлағы. Әр адамның жүрегінде анаға деген ерекше махаббат пен құрмет бар».

Ән тыңдау: «Ана туралы жыр» немесе «Әлемнің жарығын».

Топтық жұмыс

1-топ: «Ана – асыл жан» атты шағын эссе жазады.

2-топ: «Анама арнау» өлең құрастыру.

3-топ: Постер жасау – «Анаға деген махаббат».

Рөлдік ойын/шығармашылық жұмыс

«Анаға хат» – әр оқушы анасына арнап бір ауыз алғыс сөзін айтады.

Қорытындылау

«Ананың алақаны – жылу, жүрегі – мейірім» деген ойды талдау.

«Бәрі де ана бір өзіңнен басталады» деген сөйлемнің мәнін ашу.

Рефлексия

«Жүрекке жылы сөз» әдісі: оқушылар анасына айтқысы келетін бір жылы сөзді жүрек стикеріне жазып, тақтаға іледі.

Оқушылардың пікірлерін тыңдауу

Оқушылардың жаттаған өлеңдері, нақыл сөздері айтылады.

Әр топ өз жұмысын қорғайды.

Оқушылар сұраққа жауап береді

Мадақтама сөздер айту

Оқушылардың жұмысын мадақтау, белсенді қатысқан оқушыларды атап өту.

Ақ қағаз, фломастерлер

Тақырыптық слайдтар мен суреттер.

Презентация немесе бейнеролик

Постер жасауға арналған құралдар

Қауіпсіздік сабағы

10 мин

Сабақ тақырыбы мен мақсатын түсіндіру

Қызығушылықты ояту

Сұрақ: «Егер сізге бейтаныс адам келіп, ата-анаң жіберді десе, сенесің бе?»

Шағын пікірталас.

Жаңа тақырыпты түсіндіру

«Құпия сөз» дегеніміз – тек өз отбасы білетін арнаулы сөз немесе сөз тіркесі.

Отбасылық парольді не үшін қолданамыз?

1. Бейтаныс адамдардан сақтану үшін;

2. Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік үшін;

3. Досыңмен құпия бөліскенде емес, тек ата-ана мен отбасы мүшелерімен қолдану үшін.

Мысал келтіру: «Егер ата-анаңды біреу жіберсе, алдымен құпия сөзді сұрайсың».

Топтық жұмыс

Тапсырма 1: «Қауіпсіз отбасы» постер жасау (құпия сөзді қолдану жағдайларын суреттеу).

Тапсырма 2: Рөлдік ойын – «Бейтаныс адаммен кездесу». Оқушы құпия сөзді сұрайды.

Қорытындылау

«Құпия сөзсіз – қауіпсіздік жоқ» деген түйін шығару.

«Сәйкесін тап» ойыны: Қауіпсіз және қауіпті жағдайларды ажырату.

Рефлексия

«Мен бүгін білдім…», «Маған пайдалы болды…» әдісі.

Оқушылардың тыңдау.

Сұрақтарға жауап береді

Оқушылар олардың мағынасын анықтап, не үшін қажет екенін түсіндіреді.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Мадақтама сөздер айту

Мадақтама сөздер айту

Мадақтама сөздер айту

Презентация

Тақырыптық слайдтар.

Құпия сөз жасауға арналған нұсқаулық парақшалар

Тақырыптық бейнероликтер.

Рөлдік ойындарға арналған сценарийлер.

Сабақтың соңы

Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін .

Үй тапсырмасы:

1.«Анам – өмірдегі ең қымбат адам» тақырыбында сурет дайындау.

2.Отбасымен бірге ортақ құпия сөз ойлап табу

Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі.

Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп, мадақтау.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу