Отбасы күні Қмж
(с
Бөлім: | ||
Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) | ||
Күні: | ||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие тақырыбы | ||
Мақсаттары | Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу. |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Құрметті ұстаздар, ата-аналар, өткелі отырған «Отбасым – бақыт мекенім» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. -Балалар, біз бүгін керемет бір ғажайып әлем туралы әңгімелесеміз. Қалай ойлайсыздар, ол әлем қандай әлем болуы мүмкін? Қане ойлап көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Жауап: «Менің жанұям» ,«Отбасы». -Ол мемлекет қандай болуы мүмкін? Жауап: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі. | « Жүректен — жүрекке» шеңбері. Ал, ендеше оқушылар ортаға шығып, шеңберге тұрып өз жанұяларыңның жақсы бір қасиеті жайлы айтып өтіңіздер. Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасының екі тірегі — әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу — біздің борышымыз. Ата — ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. | презентация | |
Сабақтың ортасы | Келесі кезеңіміз «Ашық микрофон» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар сіздерге отбасы туралы бірнеше сұрақтар қойылады. Ойларыңызды ашық, еркін айтуларыңыз сұралады. Сұрақтар:1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? 2. Отбасының басшысы кім?3. Отбасы қандай болуы керек?4. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсыңдар ма?5. Сен қандай отбасын армандайсың?5. Өз отбасыңа көңілің тола ма?7. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер? | Oтбасым — менің жүрегімОтбасым — менің тірегімОтбасым – менің ОтанымТек сен деп соғар жүрегім – дегендей, отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. | Интербелсенді тақта/ компьютер | |
Сабақтың соңы | Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсеретеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тыңдырса деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол нитепен жақсылыққа баулиды. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арақсында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады. | Кері байланыс: «Тілек ағашы». Ал енді оқушылар алдарыңыздағы түрлі- түсті үй түріндегі стикерлерге отбасыларыңызға тілектеріңді жазып, тілек ағашына жапсыруларыңыз сұралады. | презентация |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?