Іс-әрекет түсінігі


14 тақырып.

Іс-әрекет түсінігі.

Дайындаған: Ысқақ Нұржігіт Инф21к

Іс-әрекет түсінігі

Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. «Әрекет дұрыс болу үшін,-дейді Әл-Фараби,- біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін ... анықтап алуға тиіспіз».

Оқу

Оқу – іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру.

Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді.сонымен бірге жаңа буын оқу арқылы өзінен бұрынғылардың практикалық әрекетін, ғылымөбілім жүйелерін меңгереді, сөйтіп, өзін практикалық әрекетке дайындайды. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Оларды жан-жақты білуге мүмкіндік алады. Білім меңгеру – ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс

Адам психикасын қалыптастыруда шешуші роль атқаратын әрекеттің бірі - еңбек.Еңбек адам тіршілігінің арқауы,оның өмір сүруінінің басты шарты.Еңбектің адам сана сезімінің қалыптасуына қалайша әсер ететіндігі жөнінде К.У.Ушинский:«...Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетіндегі адамның тіршілігінің күрделі заңына айналады,ол адам тәнінің,адамгершілігі мен ақыл-ойының жетілуінің жағдайы,оның адамгершілік ар-ұяты, бостандығы және ақыраяғында қуанышы мен бақыты болып табылады» дейді.

Еңбек

Іс-әрекет түрлері, ойын түрлері

Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, ойын арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ал мұның өзі оның дамуы үшін ерекшк маңызы бар фактор екендігі түсінікті

Ойын баланың түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да баланың қабілетіні, белсенділігі бір сыдырғы байқалатынын А.С.Макаренко өте жақсы көрсетті. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алып отыратын болса,-деп жазды ол,- балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды.Ойында бала қандай болса, өскенен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады».

Ойын адам әрекетінің бір түрі болғандықтан, оның да өзіне тән мотивтері болады. Мәселен, дәрігер ауру адамды емдегенде өзіне жүктелген міндетті сезінеді, осылай істеуді оның мамандығы қажет етеді. Ал, дәрігер болып ойнаған баланы алатын болсақ, ол да айналасындағыларды өзінше «емдейді».Бірақ бұл оның жай қызығуынан туған. Ойынның қозғаушы күші – баланың нақты тілегі мен қызығуы.

Ойын



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу