Бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу


1. Екі дененің массаларын өзара қалай салыстыруға болады?

2. Масса дегеніміз не? Масса бірлігі ретінде не қабылданған?

Үй тапсырмасы

3. Таразы мен кірлер көмегімен дене массасы қалай өлшенеді?

4. Заттың тығыздығы дегеніміз не? Тығыздықтың бірлігі.

5. Заттың тығыздығын қалай анықтауға болады?

6. Pс=7800 кг/м 3 деген нені білдіреді?

7. Массасы мен тығыздығы бойынша дененің көлемін қалай есептейді?

Күш – денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.

Күш сандық мәнімен (модулімен) және бағытымен сипатталатын физикалық шама.

SI жүйесінде күш бірлігіне ньютон (Н) алынған. 1 Н – тыныштық күйіндегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1 м/с жылдамдық беретін күш.

Күш

Ауырлық күші

Серпімділік күші

Үйкеліс күші

Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін деформация деп атаймыз.

Деформация денелердің өзара әрекеттесуі кезінде жүзеге асатындықтан, өзара әрекеттесетін екі дене де деформацияланады. Мысалы, қолдың эспандерге әрекетін алайық. Эспандерді созу кезінде қолдың бұлшық еттері қатаяды (деформацияланады), эспандер де деформацияланады, яғни ол өз пішінін өзгертеді.

Деформация

Серпімді

Пластикалық

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін болса, мұндай деформация пластикалық деп аталады.

Пластикалық деформациядан кейін дене өзінің жаңа пішіні мен өлшемін толығымен немесе жартылай сақтайды және ондай дене пластикалық дене деп аталады.

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін, дененің бастапқы пішіні мен өлшемі қайтадан қалпына келетін болса, мұндай деформация серпімді деп аталады.

Тәжірибелер деформациялаушы күшке қарама – қарсы бағытталған жаңадан бір күш пайда болатынын көрсетеді. Бұл күш серпімділік күші деп аталады.

Серпімді дененің ұзаруы мен оған түсірілген күштің арасындағы байланысты

1660 жылы ағылшын физигі Роберт Гук (1635 – 1703) анықтаған болатын. Кейінірек бұл анықталған байланыс бізге Гук заңы деген атпен белгілі болды. Бұл заң бойынша: серпімді деформацияның шамасы (созылуы немесе сығылуы) түсірілген күшке тура пропорционал, яғни:

F=kx

Есіңде сақта!

Әр түрлі материалдардың серпімділік қасиеттері де түрліше болады. Сондықтан Гук заңын кез келген материалға қолдануға болмайды. Ол тек серпімді денелер үшін және деформация шамасы аз болған жағдайда ғана орындалады. Деформация шамасы едәуір көп болғанда, бұл заң орындалмайды, ал тіпті үлкен деформацияларда дене серпімділік қасиетін жоғалтады.

Күшті өлшеу үшін арнайы құралдар – динамометрлер қолданады. Динамометрдің негізгі бөлігі серпімді деформацияның әрекет ету аралығында созылатын серіппе болып табылады. Серіппеге шкала бойынмен жылжитын көрсеткіш бекітіледі.

Қолдың бұлшық етінің күшін өлшеу үшін қол динамометрі, трактордың, локомотивтердің тарту күшін өлшеу үшін арнайы тарту динамометрі пайдаланады.

Егер бір күштің денеге тигізетін әрекеті басқа күштердің сол денеге бір мезгілде тигізетін әрекетіндей болса, онда ол күшті басқа күштердің тең әрекетті күші деп атаймыз.

Егер денеге әрекет ететін екі күш бір бағытта әрекет ететін болса, онда ол күштердің тең әрекетті күші төмендегідей болады:

FR=F1 + F2

Егер денеге әрекет ететін екі күш қарма – қарсы бағытта әрекет ететін болса, онда ол күштердің тең әрекетті күші төмендегідей болады:

FR=F1 - F2

Сөздікпен жұмыс

Күш (F)– денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.

Н – күш бірлігі

Деформация – бүліну , бұзылу (латынша)

к- катаңдық деп аталатын пропорционалдық коэффициент

Динамометр – грекше динамис – күш, метрео – өлшеймін

FR - Тең әрекетті күш

Үйге тапсырма:

§33. Күш

§34. Деформация

§35. Гук заңы

§36. Динамометр

§37. Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу

Шығармашылық тапсырма

Бүктеме жасау (Исаак Ньютон, Роберт Гук)

Өтілген тақырыпқа байланысты мақалмәтел, нақыл сөздер жинау

Сөзжұмбақтар, сөзтізбелер, ребустар дайындау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу