Қазақша өлең: Бағашар Тұрсынбайұлы (Өмір) » ZHARAR © 2017 | бағашар тұрсынбайұлы Өмір өлең стихи на казахском багашар турсынбайулы казакша олен, багашар турсынбайулы олендери, Өмір, Өмір туралы өлең, омир туралы олен казакша, стихи на казахском про жизнь




  • »

Қазақша өлең: Бағашар Тұрсынбайұлы (Өмір)

Қазақша өлең: Бағашар Тұрсынбайұлы (Өмір) казакша Қазақша өлең: Бағашар Тұрсынбайұлы (Өмір) на казахском языке

Көліктей кептелген бүгін,
Күпті ғой біздегі көңіл.
Мен саған келіп ем сезбедің,
Сен мені көрмедің, өмір.
Кінә да артпаймын бұзық,
Тақпаймын мен айып бөтен.
Сен мені сезбе де, білме
Ал сені мен айтып өтем.
Тым нәзік, тым ұлы өмір,
Қайтейін... сен едің арман.
Мен жайлы бір сөзің болмас,
Сен жайлы... өлеңім қалған...
Өмір, сен сұлусың ғажап,
Ғажапсың, дастансың жазар.
Қоңыр жел айтады ертек,
Тарихын шертеді мазар.
Тауларда құпия жазу,
Қырларда сезімің - сағым.
Орманда, жолдарда кілтің,
Көлдерде,өзенде қаның.
Өмір, сен жұмбақсың сондай,
Шешуің - жүректе сенім.
Бастуың құрсағы алтын
Анамның, аяғың өлім.
Көңілім қобыздың күйі,
Таппаған нәркездей теңін.
Сен маған қарама, білме,
Сонда да сүйемін, ӨМІР!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 164
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .