Қазақша өлең: Қуаныш Медеубаев (М.М.- ға...) » ZHARAR © 2017 | қуаныш медеубаев М.М.- ға... өлең стихи на казахском куаныш медеубаев казакша олен, қуаныш медеубаев өлеңдері сайты, стихи на казахском языке куаныш медеубаев, куаныш медеубаев олендери




  • »

Қазақша өлең: Қуаныш Медеубаев (М.М.- ға...)

Қазақша өлең: Қуаныш Медеубаев (М.М.- ға...) казакша Қазақша өлең: Қуаныш Медеубаев (М.М.- ға...) на казахском языке

Өлең - өмір ізінің соқпақтары,
Соқпақтардың танабын от қақтады.
Өлең ғана соғып тұр, жаным құсап,
Тәнім күре тамырын тоқтатқалы.

Тәңір өзі жіберген көр деп мені,
Өлең - қыстың қырауы өрнектегі,
Одан асқан керемет көргенім жоқ,
Болса сәби шығар, ол жөргектегі.

Өлең – тамшы, құлайтын гүлге бірі.
Жазған күндер, содан соң түндер ұлы!
Әр ақынның қолымен хатқа түсер,
Өлең шығар өмірдің күнделігі...

Өнер шығар өмірдің қан майданы,
Өмір болса, тамшы ғой таңдайдағы.
Сені аңсап жазатын, шалғайдағы,
Өлең деген жазулар маңдайдағы...



Санат: KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 95
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:



. .