Қазақша өлең: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Мама) » ZHARAR © 2017 | ана туралы өлең жолдары, Жұлдыз Бейсекова, ана туралы өлең, мама, мама туралы өлеңдер скачать , мама туралы олен казакша




  • »

Қазақша өлең: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Мама)

Қазақша өлең: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Мама) казакша Қазақша өлең: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Мама) на казахском языке

Мама, мама –
Жалғандағы жалғыз ән,
Сезімімді оятатын қалғыған
Мүмкін сенің суретіңді құсқа айтып,
Қауырсынмен ай бетіне салғызам.

Мама, мама –
Ең әдемі сөзім бұл,
Ең шуақты, ең бақытты кезім бұл.
Жер шарына мейіріммен қарайтын
Жанарымда сенің сұлу көзің жүр.

Мама, мама –
Жарқыраған күнсің сен,
Аспан, тау да, мөлдір ауа, гүлсің сен
Сәуле болып, баққа айналып Өлеңім
Ғұмырымда бір күлдіріп үлгірсем.

Мама, мама –
Жырақтамын жаныңнан,
Сені көрмей сағыныштан арылман
Жапырақтай Өлеңімді құшамын,
Ол су сынды саусағымнан ағылған.

Мама, мама –
Ренжітсем бір кезде,
Кешіре гөр, бейбақ басым білгем бе?!
Жылағанда анаң, әкең мұңайып,
Шалқитынын болмашы бір күлгенге.

Мама, мама –
Қорғанышым, тірегім,
Жүрегімдегі солмайтұғын гүл едің
О, Жаратқан, жалғыз Аллам, анама
Ұзақ ғұмыр бере гөрші тілегім!!!



Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 10 454
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .