Cәбит Мұқанов (Ақынға)

 Cәбит Мұқанов (Ақынға)

Пролетар ақыны -
Әскер-солдат.
Туған халқы бақытқа тартқанда, андап,
Қаламын қолына ала,
Бірге аттанбай
Іркіліп жолда олар,
Қалай қалмақ?
Ал, ақындар,
Қиял, ой, шешен тілді,
Кәне, жұмса,
барыңды аттан қолға ап.

Өлең,
Сұлу сөздерің
Табыңа азық.
Жетістік,
Қайрат,
Жоспар
Ісін жазып,
Өзің де, сылдыр сөзбен қарап қалма,
Тілге шебер,
Іске осал болма,
Нәзік.
Тіл,
Қол,
Бұлшық еттерің
Істе түгел
Қимылдасын,
Осалша қалмай қажып.
Социалистік құрылыс,-
Ұлы сарай,
Соған өз қолыңменен
Қағыс қазық.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!