Иса Байзақов (Шахтерлер)

 Иса Байзақов (Шахтерлер)

Қарағанды шахтерлері, ұр еңбектің дабылын,
Түс одақтық жарысқа, үдет істің қарқынын.
Көрсет бүгін қайрат, күшті социалистік жарыста,
Жер құйқасын шымырлатып, соқ айлаңды қарышта.
Қызсын еңбек, қайнасын күш майданда,
Сыбан білек, түр жеңді, ұлы дүбір шабыста.
Еңбек ері, түс жарысқа, істі үдет қарқында,
Бар күшіңді аямастан жұмса іске тартынба.
Үлгі көрсет, басшылық ет еріншекке еңбекте,
Көмектесіп күш біріктір, қатарыңнан қалдырма.
Техниканы меңгере біл, білімменен іс істе,
Кен түбінде қара көмір, қара жақпар жарылсын,
Еңбек қазан заводыңа алтын шырақ жағылсын.
Ұшыр көкке олқылықты, қайта келмес алысқа,
Кем-кетікті түгел жойып жетейік бұл табысқа,
Ұлы істің міндеттерін іс жүзінде орында,
Донбасс, Кузбасс бассейннің қатарынан қалыспа.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?