Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Өзіммен-өзім)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Өзіммен-өзім) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Өзіммен-өзім) на казахском языке

Өзімнен өзім аса алмай,
Өзімді өзім баса алмай,
Ауыздық салған асаудай,
Барар жер, басар ізім жоқ,
Бұғалықтан босанбай,
Байлауда тұрам қашанғы-ай?!

Өзіммен өзім алысып,
Болмайтын жерде қарысып,
Жаны игі жақсы жандардың
Жағасына жабысып,
Жамандықпенен табысып,
Жабыларменен жарысып,
Секілді күндес абысын -
Өләпат менің намысым.

Өзімді өзім танымай,
Өзгеге көңіл жарымай,
Жақсылығыма қорымай,
Жамандығыма налымай,
Тауыққа шашқан тарыдай
Таусылар болды шаруа-ай!

Өзіммен өзім жүз жыртып,
Өзіме өзім мұз бүркіп,
Өзімнен өскен балуанға
Өз мойнымды үздіртіп,
Табынтқан мені тағдыр-ай,
Өзгеге кезді сүздіртіп!..




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Өзіммен-өзім мукагали макатаев олен өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, , мұқағали мақатаев Өзіммен-өзім мукагали макатаев олен өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м., Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Өзіммен-өзім), Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Өзіммен-өзім) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке