» » » Өлең: Жамбыл Жабаев (Жау ажалы жақын)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Жау ажалы жақын)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Жау ажалы жақын) казакша Өлең: Жамбыл Жабаев (Жау ажалы жақын) на казахском языке
Жайқалады көк майса
Шөлі қанса жаңбырға.
Сталин бір сөз айтса
Күш құяды Жамбылға.
Көсемімнің бұйрығы
Кетті қыйыр ауылға,
Айтқан талай тұрғыны.
Қонды бәрі жадыма.
Жазған бұйрық Сталин
Жаһан тына тыңдаған;
Құтын алса дұшпанның,
Дос-жаранды тыңдаған;
Сапталыңдар кәрі, жас
Бұл бұйрықтың тілі сол,
Қыйт еткенге құлақ ас;
Қыйуадан бәрін шол,
Елмен майдан екі ара.
Бір жүрекпен қозғалсын.
—Басы-көзі қан жара,
Жоса болып жау қалсын!
Сонымен бір толғайын!
Жырым жұртқа таралсын,
Қасқыр шапқан қойдайын,
Быт-шыт қылып арасын,
Қанат сілтеп самғайын,
Құртуға жау қарасын.
Сүйегімде салтым бар,
Жасымайтын соғыстан.
Батыл, қайсар халқым бар,
Үлгі үйренген орыстан,
Еркін қайрат, ақылдар
Бір бойына тоғысқан.
Тынбақ емес мұндай ел,
Шешпек емес үйде бел.
Жауды қумай қоныстан.
Болған емес өмірде
Ата-баба жерінде
Неміс билік құрған күн.
Соқтықса да қандай жау,
Кеткен емес қайта сау.
Өз қанына тұншыққан,
Жер айыққан қырсықтан.
Күле жайнап күн шыққан,
Басқан емес қара түн.
Неміске де сол зауал,
Ажал жақын оларға!
Мұраларды қыйратқан,
Балаларды шулатқан,
Жұрт аруағын қорлаған,
Әйелдерді зорлаған,
Бейкүнәні тонаған,
Бейбіт елді талаған —
Қарақшыға қанішер
Еш рахым болар ма
Жұрт аузында бір-ақ сөз:
Жоқ қыламыз жауды тез!
Топырақты таптатпай,
Талқандайтын жетті кез!
Серті осылай бұл елдің:
Бір өлімге мың өлім!
Жыйырма сегіз батырдың
Кегін алар жұртым бар.
Мен де соның жыршысы
Қалғанша қан тамшысы,
Қызмет етем бұл жұртқа,
Көсем берген бұйрыққа
Жанды қыйдым, бас тіктім,
Жырым мұны ұқтырар!
Құтқарғанша қорлықтан
Бұғаудағы туғанды,
Біткенше жау обыққан,
Неге аяйын бұл жанды.
Аярым жоқ бұл жолдан!
Айтарым сол бәріңе:
Қайрат, қару, тіл болған
Мен сыяқты кәріге
Көсем жазған бұл бұйрық,
Көкте ойнаған жасылдай,
Жау қабағы ашылмай,
Көктен оқ боп тұр құйып,
Қасарғанмен түк келмей,
Қанішерлер қалжырар,
Соңғы демі біткендей,
Аяғын әлі-ақ шалғылар!

Автор: nurgul95 | 96 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Жамбыл Жабаев (Майданға хат)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Майданға хат)
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Әкеме)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Әкеме)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Күн нұры)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Күн нұры)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин өреніне)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин өреніне)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сталинді сайлаймын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сталинді сайлаймын)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Орден алғанда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Орден алғанда)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Кеңес гвардеецтеріне)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Кеңес гвардеецтеріне)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Күні туған елім)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Күні туған елім)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Испандық туысқандарға)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Испандық туысқандарға)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Кавказға сәлем)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Кавказға сәлем)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Бір жыл)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Бір жыл)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Үлкен МХАТ-қа)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Үлкен МХАТ-қа)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Октябрь толғауы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Октябрь толғауы)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сәлем бүкіл халықтан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Сәлем бүкіл халықтан)
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Шалтабайға)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Шалтабайға)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Қымбатты сый)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Қымбатты сый)

KZ / Өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев Жау ажалы жақын өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Жау ажалы жақын, жамбыл жабаев Жау ажалы жақын өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша жамбыл жабаев өлеңдері жамбыл жабаев олендери жамбыл жабаев стихи на казахском Жау ажалы жақын, Өлең: Жамбыл Жабаев (Жау ажалы жақын) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке