» » » Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин өреніне)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин өреніне)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин өреніне) казакша Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин өреніне) на казахском языке
Ақсақалды Жамбылға
Мейман келді алыстан:
Қаласынан Лениннің
Қалың жаумен алысқан;
Жау қоршауын бұзды деп,
Талай айлар қарысқан!—
Оның айтқан сөздері
Бір қыздырды қанымды,
Бір толқытты жанымды...
Күрес десе тоймаған
Жастарды айтты жалынды!
Қуат құйып сол маған,
Жырым сонда ағылды:
Ленинград жастары!
Шолам сені қыяннан,
Қарлы боран, тұманнан,
Қаһарманша құрсанған,
Қарсы қарап ажалға,
Ашу кернеп томсарған.
Кескініңді көремін
Көзіме ыстық жұлдыздан,
Жауға қарсы сен едің
Құрыш қамал тұрғызған.
Дұшпанға ырық бермедің..
Келгендерін жерледің,
Салғызбадың талауға
Қанішердің шеңгелін,
Одан бері он алты ай,
Тірескелі дүлей жау
Қалаға жол табалмай;
Қарағалы жалаңдап,
Батып саған баралмай!
Елестейсің көзіне
Алынбайтын қамалдай,
Құтқармайтын ажалдай!
Қаланы жау қамаса,
Қажымадың, саспадың,
Қадам кейін баспадың,
Дұшпан оғын жаудырса
Қаймықпадың сен одан,
Қарсы құрал жасадың,
Суықтарда тоңбадың! —
Айтқан серттен аумадың!—
Рыйзамын, жастарым!
Адал туған, ұлдарым!
Сендерде көз құлағым:
Елестейді көзіме
Қатты соғыс кезінде,
Қабағыңнан қар жауып,
Қала бағып тұрғаның:
Сән, сәулетті шаһардың
Тынбай жамап сынғанын,
Тасын төсеп көшенің,
Қайта қалап кесегін,
Талмай жұмыс қылғаның.
Өмір солай жалғасқан,
Қамалыңа соқтығып,
Дұшпан бойын қан басқан...
...Көзім менің сендерде,
Жыйын жасап төменде,
Жазылмайды жондарың,
Жау ұшқанмен төбеңде...
Кіріп қызу кеңеске:
Қала қамын сөз қылған
Сендер батыр емес пе!
Қорғап жаудан қаласын,
Қайрат қылған баласын,
Жұрт қаһарман демес пе!
...Тұрпаттарың елестер
Түнерген түн ішінде:
Қалам ұстап, толғанған
Қалың ойдың үстінде.
Қаламдарың құйған сөз
Күш бергендей кісіге:
«Қажымаңдар, бауырлар!
Қандыбалақ жауың бар!..»—
Дегеніңді естісе,
Жұмысты кім ауырлар!
Жастарыңа сәлем де!
Кәрі Жамбыл мен елде,
Батырлығын баяндап,
Байыптатып өренге,
Домбырама күй қылып,
Қостым жырлап өлеңге.
Ленинград өрені,
Құлақ салсын, қарағым.
Жау шапқанда келені
Жан-жағыма қарадым:
Сонда ойыма келеді
Көшесінде Неваның
Ер тұлғасы, денелі,
Кутузовтай бабаңның.
Машинадан қол сілтеп,
Халқына үндеп қаланың;
Тұлғасы тұр елестеп
Ұлы Ленин дананың,
Сөзі семсер секілді,
Шежіресі заманның,
Шақырып тұр ерлікке
Батыр Киров қарағым.
Жданов, Жуков, Клим ер, —
Үлгісі солар, біліңдер,
Ендігі өскен баланың!
Жас жауынгер, өренім!
Елдің көзі сендерде;
Жеңіс жақын, көремін,
Сенім кәміл кеудемде.
Невадан жау жосылар
Дон, Еділден қашқандай,
Жан қалмас деп шошынар,
Қаһарыңнан сасқандай.
Күшіңе күш қосылар
Зәулім Кавказ асқардай.
Жау шыбыны қысылар
Үстінен зіл басқандай!
Дүбірлерің жер жарар
Жаһан құлақ асқандай.
Жасыл ойнап, жауды айдар,
Жерден тұманды ашқандай.
Ес жыйғызбай дұшпанға
Шап, өренім, жасқанбай!
Ажал іздеп келген жау,
Кетпесін жер жастанбай!
Сендер салған ұранға
Жамбыл да үнін қосқандай
Жеңісіңді жырлауға
Жырау атаң тосқандай!

Автор: nurgul95 | 109 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев Ленин өреніне өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Ленин өреніне, жамбыл жабаев Ленин өреніне өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша жамбыл жабаев өлеңдері жамбыл жабаев олендери жамбыл жабаев стихи на казахском Ленин өреніне, Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин өреніне) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке