👈 қаріп өлшемі 👉

Жамбыл Жабаев (Аттандыру)

 Жамбыл Жабаев (Аттандыру)

Атаңнан бата ал, балам,
Алшайып атқа мін, балам.
Ақ сақалым желбіреп
Артыңнан қарап мен қалам.
Құлағыңда құлыным,
Дауысым жүрсін жырлаған:
Алғадайым арлы едің,
Ата сөзін сыйлаған;
Перзентімнің алды едің
Көңілімді қыймаған.
Аттандырдым майданға,
Аман-есен жүр балам!
Абыройға ие бол,
Ағат баспа бір қадам.
Атақ берген атаңа
Ел қадірін біл балам!
Ел ерлігі, ел бірлігі
Сынға түскен бұл заман!
Саған айтқан сөзімнен
Сабақ алсын тыңдаған.
Айтылған сөз деп ұқсын,
Аңғарлы жан «бұл маған!»
Хош, хош балам! Хош айттым,
Қолымды міне, шошайттым!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы