Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Ағайын - туған есен бол) » ZHARAR © 2017 | жамбыл жабаев Ағайын - туған есен бол өлеңі , жамбыл жабаев все стихи на казахском языке, жамбыл жабаев өлеңдері , жамбыл жабаев стихи на казахском, жамбыл жабаев стихи на казахском языке, жамбыл жабаев өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев өлеңдер жинағы,




  • »

Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Ағайын - туған есен бол)

Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Ағайын - туған есен бол) казакша Қазақша өлең: Жамбыл Жабаев (Ағайын - туған есен бол) на казахском языке

Ел едің құт дарыған Есім - Малай,
Қыдырып қызығыңды көрдім талай.
Арқаңда үрлеп ішіп, шайқап төктім,
Қайтқалы бет түзедім елге қарай.
Кең біткен етек-жеңі ағайын ең,
Беріпті саған дәулет соған жарай.
Балаңа бесіктегі белгілі ғой,
Санатқа ілінбеген Қожан қалай?
Барармын баян қылып бәрін төске,
Пейілің, берекеңмен болар есте.
Адамның алыс жүрсе аңсары ауып,
Көруге құмартары сол емес пе?!
«Жан екен жағын сауған алармаңда»,
Артымнан мен кеткен соң солай деспе.
Ат міндім, атан алдым, шекпен кидім,
Жөнім жоқ сені мақтап сөйлемеске.
Ағайын-туған, есен бол,
Алшайып атқа мінейін.
Енді айналып келгенше,
Аңсай-аңсай жүрейін.
Шүйгініңе сонылап,
Шынарыңа түнедім.
Қош, аман бол, құрметті ел,
Қадіріңді білейін!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 6 120
Рейтинг:
(голосов: 3)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .