» » » Өлең: Абай Құнанбаев (Теректің сыйы)

Өлең: Абай Құнанбаев (Теректің сыйы)

Өлең: Абай Құнанбаев (Теректің сыйы) казакша Өлең: Абай Құнанбаев (Теректің сыйы) на казахском языке
Асау Терек долданып, буырқанып,
Тауды бұзып жол салған, тасты жарып.
Арыстанның жалындай бұйра толқын
Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып.

Кавказдан шықты жайнап, қылып у-шу,
Түзу жерден жол кернеп ұлғайды су.
Қалың қайрат бойында, беті күліп,
Момынсынған пішінмен ағады қу.

Кавказдай құзда туған перзенттенмін,
Бұлттың сүтін еміп ержеткенмін.
Казбектен, ағам, сені көксеп шығып,
Кім қақтықса жолымда күйреткенмін.

Зор кеуде адамзаттың айласына
Көнбей, бүгін күшімді көрсеткенмін.
Екі езуім көпіріп, айғайласам,
Шын құтырсам шың тасты тербеткенмін.

Аптығып асау інің келді, ақсақал!
Тау, тасқа, адамзатқа салып жанжал.
Дем алайын деп келдім, аш қойныңды,
Сәлем-сауқат әкелдім, қош көріп ал.

Әкелген бұғы менен маралым бар,
Адамнан тартып алған көп малым бар.
Ер-тоқымы, атымен, қаруымен
Ер шеркесті әкелген амалым бар.

Мұның бәрі — тартуым сізге,— дейді,
Ақылыңды айт, ақсақал, бізге,— дейді.
Бақша, зауат, жайларды қылдым талқан,
Әрбір бай жалдап жатыр жүз кедейді.
Қартаң Каспий қалғыған бойыменен
Терекке көзін ашып үндемейді.

— Азырқандың, білемін, ақсақал шал,
Тентегіңнің сөзіне құлағың сал.
Казак-орыс қатыны бір сұлуды
Әкеліп ем, қайтейін, оны-дағы ал!

Кәрі Каспий қара көк көзін ашты,
Жылы жүзбен Терекке амандасты.
Жыбыр қағып, қозғалып, сылқ-сылқ күліп,
Қатынды алды, қитықсыз араласты

Автор: nurgul95 | 691 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Теректің сыйы) [Абай аудармасы]
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Теректің сыйы) [Абай аудармасы]
Өлең: Қасым Аманжолов (Теректің сыйлықтары)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қасым Аманжолов (Теректің сыйлықтары)
Өлең: Абай Құнанбаев (Асау той тентек жиын опыр-топыр)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Асау той тентек жиын опыр-топыр)
Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қарталы)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қарталы)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жаз)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жаз)
Өлең: Абай Құнанбаев ( ІШІМ ӨЛГЕН СЫРТЫМ САУ)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев ( ІШІМ ӨЛГЕН СЫРТЫМ САУ)
Өлең: Абай Құнанбаев ( ЕМ ТАБА АЛМАЙ)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев ( ЕМ ТАБА АЛМАЙ)
Өлең: Абай Құнанбаев (Кейде есер көңіл құрғырың)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Кейде есер көңіл құрғырың)
Қазақша өлең: Бернияз Күлеев (Күз)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Бернияз Күлеев (Күз)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Туғызған ата ана жоқ)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Туғызған ата ана жоқ)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман)
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Асау той, тентек жиын, опыр-топыр) [Абай аудармасы]
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Асау той, тентек жиын, опыр-топыр) [Абай аудармасы]
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Ем таба алмай)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Ем таба алмай)
Өлең: Абай Құнанбаев (Онегиннің өлердегі сөзі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Онегиннің өлердегі сөзі)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жүрегім менің қырық жамау)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жүрегім менің қырық жамау)
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас)

KZ / Өлеңдер жинағы, абай құнанбаев Теректің сыйы өлең олен абай кунанбаев, казакша олен абай кунанбаев, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Теректің сыйы, абай құнанбаев Теректің сыйы өлең олен абай кунанбаев казакша олен абай кунанбаев абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать абай құнанбаев өлеңдері Теректің сыйы, Өлең: Абай Құнанбаев (Теректің сыйы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке