» » » Өлең: Қасым Аманжолов (Теректің сыйлықтары)

Өлең: Қасым Аманжолов (Теректің сыйлықтары)

Өлең: Қасым Аманжолов (Теректің сыйлықтары) казакша Өлең: Қасым Аманжолов (Теректің сыйлықтары) на казахском языке
Тауды да, тасты жентектеп,
Дуылдап ұлып, өкіріп,
Долдана жылап өр тентек,
Ағады Терек жөңкіліп.
Далаға құлап, далиып,
Момынси қапты қуланып;
Каспийге қарап, бас иіп,
Еркелей қапты, тура ағып;
«Кәрия теңіз, мен келдім,
Толқындарым паналат;
Еркіндеп біраз сенделдім,
Табайын тыным, қанағат,
Кеудесін еміп бұлттардың,
Казбекте тудым жұлқына;
Көнбей талай, бүлік салдым,
Адамның жат ырқына.
Ұлдарың ермек етсін деп,
Тонадым Дарьял құрдасты,
Қуып та келдім екпіндеп,
Қора-қора қойтасты».
Жағаға жұмсақ жантайып,
Ұйықтағансып Каспий карт,
Еркелеп Терек марайып,
Сыбырлайды оған бұл жомарт:
«Әкелдім сыйлық мен саған,
Қадірлі сыйлық, көр бүгін;
Ап кеттім майдан орнынан
ҚһКабардиннің ер ұлын.
Кіреукесі де, Қалқайы,
Күміс ерлі жез тұрман,
Құбылып көзді тартады,
Құраннан аят жаздырған.
Қабағын түйген, үн - тілсіз,
Қайрыла біткен шалғысы,
Сорғалап ағып, салыпты із,
Қызулы қанның тамшысы.
Ашулы қалған көзінде
Ескі араздық кек толы;
Айдарының өзі де
Үйіріле өскен, көк долы».
Жағаға жұмсақ жантайып,
Қалғиды Каспий тіл қатпай;
Толқиды Терек ұлғайып,
Қоймастай өзін тыңдатпай,
«Тыңда, ақсақал, сөзге илан,
Сыйлығым бар күн жетпес
Жасырып бүкіл жаһаннан,
Болып ем оны көрсетпес.
Берейін әкеп мен саған
Казактың жап-жас бір қызын,
Кеудесі сәл кем қарайған,
Жібектей жирен шашы ұзын,
Қайғылы жүзі сүр тұман,
Кез жұма тәтті ұйықтаған,
Кішкене ғана жарадан
Қуалай тесін аққан қан.
Талай жан жасын сығулы,
Өзенге төніп әр шақта;
Жоқтамас өжет сұлуды
Бір ғана адам қыстақта.
Ерттеді ол бәйгі қарасын,
Таудағы түнгі шайқаста,
Қанжар тосар ез басын,
Ашулы чечен айқасса».
Көк долы тасқын булығып,
Ағарып қардай сол кезде,
Таралып шашы жуылып,
Қыз шықты қалқып лезде.
Дауыл боп тұрды орнынан,
Айбынды қария қарқылдап,
Құмарта қарап, болды аң-таң,
Қара - көк кезі жалтылдап.
Қуаныш сыймай қойнына,
Құтыра ойнап сол шақта,
Махаббатқа ынта қойды да,
Толқындарды тартты құшаққа

Автор: nurgul95 | 150 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Қасым Аманжолов (Алматы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қасым Аманжолов (Алматы)
Өлең: Қасым Аманжолов (Қоштасу)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қасым Аманжолов (Қоштасу)
Өлең: Қасым Аманжолов (Туған жер)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қасым Аманжолов (Туған жер)
Өлең: Абай Құнанбаев (Теректің сыйы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Теректің сыйы)
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Туған жер)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Туған жер)
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Балқаш)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Балқаш)
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Қос терек)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Қос терек)
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Теректің сыйы) [Абай аудармасы]
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Теректің сыйы) [Абай аудармасы]
Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Жол әсері)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Жол әсері)
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Сенің алма бағыңа...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Сенің алма бағыңа...)
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Орал)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Орал)
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Мен табиғат бөбегі)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Мен табиғат бөбегі)
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (С...ға)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (С...ға)
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Жайық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Жайық)
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Күндей шалқып күлгенің)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Күндей шалқып күлгенің)
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Құз)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қасым Аманжолов (Құз)

KZ / Өлеңдер жинағы, қасым аманжолов Теректің сыйлықтары өлең стихи на казахском касым аманжолов олен казакша, қасым амандолов өлеңдері, касым аманжолов олендери, касым аманжолов стихи на казахском, Теректің сыйлықтары, қасым аманжолов Теректің сыйлықтары өлең стихи на казахском касым аманжолов олен казакша қасым амандолов өлеңдері касым аманжолов олендери касым аманжолов стихи на казахском Теректің сыйлықтары, Өлең: Қасым Аманжолов (Теректің сыйлықтары) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке