» » » Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Теректің сыйы) [Абай аудармасы]

Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Теректің сыйы) [Абай аудармасы]

Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Теректің сыйы) [Абай аудармасы] казакша Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Теректің сыйы) [Абай аудармасы] на казахском языке
Асау Терек долданып, буырқанып,
Тауды бұзып жол салған, тасты жарып.
Арыстанның жалындай бұйра толқын
Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып.
Кавказдан шықты жайнап, қылып у-шу,
Түзу жерден жол кернеп ұлғайды су.
Қалың қайрат бойында, беті күліп,
Момынсынған пішінмен ағады қу.
Кавказдай құзда туған перзенттенмін,
Бұлттың сүтін еміп ержеткенмін.
Казбектен, ағам, сені көксеп шығып,
Кім қақтықса жолымда күйреткенмін.
Зор кеуде адамзаттың айласына
Көнбей, бүгін күшімді көрсеткенмін.
Екі езуім көпіріп, айғайласам,
Шын құтырсам шың тасты тербеткенмін.
Аптығып асау інің келді, ақсақал!
Тау, тасқа, адамзатқа салып жанжал.
Дем алайын деп келдім, аш қойныңды,
Сәлем-сауқат әкелдім, қош көріп ал.
Әкелген бұғы менен маралым бар,
Адамнан тартып алған көп малым бар.
Ер-тоқымы, атымен, қаруымен
Ер шеркесті әкелген амалым бар.
Мұның бәрі – тартуым сізге,- дейді,
Ақылыңды айт, ақсақал, бізге,- дейді.
Бақша, зауат, жайларды қылдым талқан,
Әрбір бай жалдап жатыр жүз кедейді.
Қартаң Каспий қалғыған бойыменен
Терекке көзін ашып үндемейді.
- Азырқандың, білемін, ақсақал шал,
Тентегіңнің сөзіне құлағың сал.
Казак-орыс қатыны бір сұлуды
Әкеліп ем, қайтейін, оны-дағы ал!
Кәрі Каспий қара көк көзін ашты,
Жылы жүзбен Терекке амандасты.
Жыбыр қағып, қозғалып, сылқ-сылқ күліп,
Қатынды алды, қитықсыз араласты

Автор: ZHARAR | 4 804 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Қасым Аманжолов (Теректің сыйлықтары)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қасым Аманжолов (Теректің сыйлықтары)
Өлең: Абай Құнанбаев (Теректің сыйы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Теректің сыйы)
Өлең: Абай Құнанбаев (Асау той тентек жиын опыр-топыр)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Асау той тентек жиын опыр-топыр)
Қазақша өлең: Бернияз Күлеев (Күз)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Бернияз Күлеев (Күз)
Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қарталы)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қарталы)
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Жалау) [Абай аудармасы]
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Жалау) [Абай аудармасы]
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Күнді уақыт итеріп) [Абай аудармасы]
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Күнді уақыт итеріп) [Абай аудармасы]
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Көңілдің күйі тағы да) [Абай аудармасы]
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Көңілдің күйі тағы да) [Абай аудармасы]
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Қанжар) [Абай аудармасы]
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Қанжар) [Абай аудармасы]
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Қараңғы түнде тау қалғып) [Абай аудармасы]
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Қараңғы түнде тау қалғып) [Абай аудармасы]
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Бородино) [Абай аудармасы]
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Бородино) [Абай аудармасы]
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Дұға) [Абай аудармасы]
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Дұға) [Абай аудармасы]
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Ал, сенейін, сенейін) [Абай аудармасы]
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Ал, сенейін, сенейін) [Абай аудармасы]
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Вадим) [Абай аудармасы]
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Вадим) [Абай аудармасы]
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Асау той, тентек жиын, опыр-топыр) [Абай аудармасы]
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Асау той, тентек жиын, опыр-топыр) [Абай аудармасы]
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жаз)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жаз)

KZ / Өлеңдер жинағы, абай аудармалары лермонтовтан, абай құнанбаев аудармалары лермонтов Теректің сыйы аудармасы аудармалары, стихи абая кунанбаева на казахском языке, казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай аудармалары лермонтовтан абай құнанбаев аудармалары лермонтов Теректің сыйы аудармасы аудармалары стихи абая кунанбаева на казахском языке казакша олен абай кунанбаев стихи абая кунанбаева на казахском языке абай кунанбаев стихи на казахско, Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Теректің сыйы) [Абай аудармасы] қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке