Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Қанжар) [Абай аудармасы] » ZHARAR © 2016 | абай аудармалары лермонтовтан , абай құнанбаев аудармалары Лермонтов Қанжар аудармасы аудармалары , стихи абая кунанбаева




  • »

Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Қанжар) [Абай аудармасы]

Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Қанжар) [Абай аудармасы] казакша Қазақша өлең: Лермонтов Михаил (Қанжар) [Абай аудармасы] на казахском языке

Сүйкімді болат қанжар, тұрсың жайнап,
Ыстық, суық майданда шығады ойнап.
Грузин ашулы ұста кекке соққан,
Ер шеркес соғыс үшін алған қайрап.
Еркелі нәзік қолмен маған тиді,
Ұмытпа деп айрылған жерге берді.
Қан сорғалар жүзінде жас сорғалап,
Қайғымен өртенгеннің белгісі еді.
Қара көз қарап маған көп қадалған,
Құпия қайғы өртеніп бойын алған.
Болатша дірілдеген жалын көрген,
Бір күңгірт тартып және оттай жанған.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 547
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

. .