Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған әйел 1 млн доллар ұтып алды

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған әйел 1 млн доллар ұтып алды

АҚШ-тың Колорадо штатында вакцина салдырған әйел лотереядан миллион доллар ұтып алды, деп хабарлайды "Хабар 24".


Салли Слайгер есімді жеңімпаз енді сол ақшаның бір бөлігін зейнетақы қорына құйып, қалғанын балаларға көмектесуге жұмсамақ екен. Айта кетейік, Америкада мұндай лотереялар тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакцина қабылдауға ынталандыру үшін ұйымдастырылып келеді.


Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ-тың Огайо штатында алдағы күндері коронавирусқа қарсы вакцина салдырған америкалықтарға 1 млн доллар берілуі мүмкін екенін жазған едік.


Огайо губернаторы Майк Деуайнның айтуынша, ақша ұтысы лотерея түрінде өтеді. Бірінші кезеңі 26 мамырда, ал кейінгі ұтыс ойындары бес апта бойы әр сәрсенбі сайын өткізіледі. Ақша ұту үшін қатысушылар 18 жастан асқан болуы, Огайо штатында тұруы және лотерея өткізілгенге дейін коронавирусқа қарсы вакцинаның бір дозасын алуы шарт. Деуайнның сөзінше, бес жеңімпаз коронавирусқа байланысты көмек көрсету федералды қорынан 1 млн доллар ақша алады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу