Қазақстанда балаларға да вакцина паспорты беріледі


Вакцинацияланған барлық жасөспірімдер ересектер сияқты вакцинация паспортын алады. Бұл туралы брифинг барысында Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


"Ата-анасы балаға екпе салудан бас тартса, онда баласын Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген денсаулықты қорғау құқығынан айырғаны. Айта кетейін, вакцинацияланған барлық жасөспірімдер ересектер сияқты вакцинация паспортын алады",-деді Жандарбек Бекшин.


Cондай-ақ, оның айтуынша, балаларға вакцина салғаннан кейін оларда "жасыл, "көк", қызыл" мәртебесі болатыны туралы әзірге ешқандай тапсырма келіп түспеген.


"Қазіргі таңда балалар және жасөспірімдерден сенбі, жексенбі күні басқа мекемелерге кірген кезде "жасыл" мәртебесі сұралмайды. Екпе мәселесі ерікті түрде өтіп жатыр. Бұл мәселе бойынша ешқандай қосымша тапсырма түскен жоқ", – деді ол.


Айта кетейік, бүгіннен бастап жасөспірімдерге екпе салу басталды. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиеваның дерегінше, мегаполисте 12-17 жас аралығындағы 1 619 бала екпе алуға дайын.


"12-17 жастағы 1 619 баланың вакцина алғысы келді. Егер жасөспірім ата-анасының келісімінсіз вакцинацияға келсе, медицина қызметкерлері олармен хабарласып, келісімін сұрайды. Тізімдер бар, педагогтар бізге көмектеседі", - деді дәрігер.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу

Ілмектер: вакцина