“Бәрін шатастырды” - Алексей Цойға қандай ескерту айтылды?


Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан накты сандарды айтуын сұрап, есепті вакцинаның екі компоненті егілген адамдар саны бойынша ғана жүргізуді ескертті, - деп хабарлайды Bilim.all ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс отырысында Нұрлан Нығматуллин Алексей Цойға журналистермен кездескенде нақты жауап беруін сұрады.

"Журналистермен кездескенде халыққа нақты сандарды айтыңыз. Әйтпесе бұл эквилибристика бәрін шатастырды. Сіз қазір 21 күн дедіңіз. Орынбасарларыңыздың бірі 90 күн дейді. Қазір 45 күнге дейін деп отырсыз. Бәрін шатастырдыңыз! Біз халықаралық стандарт аясында жылжып келеміз. Сіздердің дипломдарыңызға қараса, барлығы денсаулық сақтау саласында ұйымдастырушы, тағы бір нәрсе. Ендеше вакцинацияны ұйымдастырыңыздар! Бір ақпарат шығады, содан кейін сіздің басқа қызметкеріңіз басқасын айтады. (...) Жұрттың басын ауыртпайық. Екі вакцинация болса, екеуінен өту керек. 15 күннен кейін антиденелер деген - ақталу, Алексей Владимирович. (...) Екі вакцинадан кейін вакциналанған болып саналады. Осы жерден есеп жүргізіңіздер", - деді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин.

Бұған дейін министр 1,4 миллион қазақстандыққа вакцинаның бірінші компоненті егілгенін, бір күнде 117 мың адамға вакцина салынып вакциналау қарқынды жүріп жатқанын хабарлаған болатын. 

Екінші компонент 21 және ең көбі 45 күннен кейін онсыз да салынады. Бірінші компонентті салдырғаннан кейін де 15-іші күні антиденелер пайда болатынын түсіну керек. Жеткізудің нақты кестелері бар. Біз өңірлермен жұмыс істейміз.(...) Тұрғындар асқынулар жоқ екенін көрді. Вакцина салдырып жатқан азаматтардың белсенділігі артып келе жатқанын байқап отырмыз", - деп жауап қатты министр.

Бүгінде вакцина 1,77 млн адамға салынып, оның екінші компонентін 347 мың адам салдырған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу