Ресей Байқоңырдағы жағдайды реттемейінше зымыран ұшыра алмайды » ZHARAR © 2017 | Ресей Байқоңырдағы жағдайды реттемейінше зымыран ұшыра алмайды, казакша жаналык Ресей Байқоңырдағы жағдайды реттемейінше зымыран ұшыра алмайды, свежие новости на казахском Ресей Байқоңырдағы жағдайды реттемейінше зымыран ұшыра алмайды




  • »

Ресей Байқоңырдағы жағдайды реттемейінше зымыран ұшыра алмайды

Протон-М зымыран тасығышы құлаған аумақта гептил деңгейі айтарлықтай төмендеген. Оның салдарын жою бойынша үкіметтік комиссияның төрағасы, қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Қызылорда өңіріне жұмыс сапарымен жетті.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Жақында өткен апаттың орны толмай жатып, Роскосмос Байқоңырдан тағы бір протон ұшырмаққа бекініпті деген ақпарат тараған болатын. Алайда министр жуырдағы апатқа қатысты мәселелерді шешіп алмайынша, бұған жол бермейміз деп отыр.

Қызылорда өңіріне тараған гептил мөлшерінің әлдеқайда азайғаны не керек. "Роскосмос" өткен апаттың табы басылмай жатып Байқоңырдан тағы бір протонын ұшырады деген ақпарат желдей есті.

Қызылорда өлкесін гептилден залалсыздандыру мәліметтері жарияланған комиссия отырысында осы талқыланды. Ресей тарабы қыркүйектің 15-інде зымыран тасығышын ұшырмаққа дайын екендігін тамыздың жетісінде жариялаған болатын. 

"Роскосмос" төрағасымен кездескен қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров "жағдайды реттемесеңдер тіпті зымыран ұшыруға рұхсат бермейміз", - деп  ескерту жасады.

Ал "Роскосмос" өкілі бұл жолы ат-тонын ала қашты. Мұндай жоспарларының жоқ екенін айтып бақты.

Әрине, өткен жолғы апат әлі жұрттың есінде. Жалпы бір грам гептиль бір текше метр жерді ластайды екен. Сондықтан Қызылорда халқының көңілінде үрей басым. Оның үстіне гептилді ауамен демалған адам, не жануардың ұрпағы мутацияға ұшырайтыны ғылыми дәлелденген. Осыны білетін үкіметтік емес ұйым мүшелері өтемақы талап етіп бас көтерген болатын.

Ал үкіметтік комиссия отырысына Президенттің Байқоңырдағы арнайы өкілі Рзақұл Нұртаев "Роскосмос" өкілдері мен тиісті қазақстандық орган қыметкерлері келіп Қызылордада халқы алдында дөңгелек үстел өткізсін деген ұсыныс жасады. "Гептилден тазарту жұмысының қорытындысын тұрғындарға түсіндіру қажет", - дейді ол.

Жалпы, Ресейдің "Байқоңырдан" ғарышқа аттандырған ракеталарының осы уақытқа дейін үшеуі жерге құлаған. Ал биыл 15 рет зымыран ұшырған  "Роскосмос" жыл соңына дейін тағы 4-5 зымыран-тасығышты ғарышқа жөнелтуді жоспарлап отыр.



Санат: KZ портал » Қазақша Жаңалықтар жинағы | | 2 012
Жаңалық айдары: Қоғам, дереккөз
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .