Елбасы күніне 300 бет мақала оқиды


Бүгін "Назарбаев орталығы" ғылыми-зерттеу көп салалық мәдени орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мерекесі қарсаңында, "Тұңғыш - Первый" деректі кино апталығының 5-ші күні өтті.

Фото: 1tv.ru
Фото: 1tv.ru

Айтулы шараға ҚР Президентінің Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Дәурен Абаев келіп қатысты, деп хабарлайды baq.kz тілшісі.

Ол кездесу кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты жастарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Кино апталығына арнайы келген Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Астана қаласы гуманитарлық колледжі мен "Тұран" колледжінің білімгерлерімен кездесіп, сұхбат құрды:

"Бүгінгі сіздермен кездесуден бас тарта алмадым. Өйткені болашағымыз, еліміздің ертеңі тікелей сіздерге байланысты. Бүгін сіздерге Президентті басқа ракурстан көруге мүмкіндік болса деймін. Адам бәріне өзінің қажымас қайратымен, адал еңбегімен жетеді. Сіздер үшін оның жарқын мысалы – Нұрсұлтан Әбішұлының тұлғасы. Президент күн сайын 300 бет оқып шығады, спортпен, ағылшын тілімен айналысады, ең соңғы экономикалық әдебиеттерді оқиды. Сіздерге ұсынылып отырған Елбасы жайлы фильм оның характерінің қалай шыныққанын, қандай ауыр жағдайда оқып, білім алып, еңбек етуге тура келгенін көрсетеді. Бұл жанның өмірімен танысу нағыз әлеуметтік баспалдақтың болатынын айғақтайды. Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы идеясы осыдан туындайды. Елбасымызбен бірге қызмет атқару – аса үлкен мәртебе. Президент демалыссыз жұмыс атқарады. Оның әр минуты есептеулі. Бұл өте тамаша тәжірибе. Менің білуімде, Елбасымен бірге жұмыс жасаған уақыт өмірімдегі ең бақытты сәттерім болады деп санаймын. Өйткені одан асқан еліміздің ең үлкен Патриоты жоқ! Мен үшін ол үлгі-өнеге, менің ұстазым!", - деп Елбасының өмірі жайлы әңгімелерімен бөлісті.

Кездесу бейресми сипатта өтіп, көрермендер Президенттің кеңесшісіне алуан түрлі сауалдарын қойды және берілген жауап та көңілдерінен шықты.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі