Әйгілі әзірбайжандық көріпкел: Қазақстан Украинаның кебін киеді

Әйгілі әзірбайжандық көріпкел: Қазақстан Украинаның кебін киеді

Әйгілі көріпкел Зираддин Рзаев Ресей елімен көршілес мемлекеттерде құрылуы мүмкін әскери ұйымдар мен болашақтағы жағдайы туралы мәлімдеді деп хабарлайды sputnik.az сайтына сілтеме жасап «Қамшы» порталы.

"Төрт-бес жылдан соң әлемдегі жағдай қатты өзгереді. Жаңа әскери ұйымдардың өзара текетіресі басталады", - деген Зираддин Рзаев болашаққа қатысты болжамдарын айтып берді.

– Ұлыбританияның болашағын қалай болжар едіңіз? Ол ЕО мүшесінен кетеді ме?

- Ұлыбританияда ештеңе де өзгермейді. Елизавета ІІ патшайымнан соң таққа оның ұлы Чарльз ханзада келетіні баршамызға мәлім. Жақын арада Ұлыбританияда саяси өзгерістер болмайды. Ұлыбритания ЕО-тың құрамынан шығады. Алайда, жақын, яғни 2017 жылы бұл оқиға болады деп айта алмаймын.

- Дональд Трамптың басқаруында АҚШ-тың жағдайы қалай болмақ?

Трамп билікке келгеннен соң әлемде дағдарыс болмайды, бірақ одан соң жағдай мүлдем нашар болады. Трамп өзін көгілдір экранда көрсетіп жүргендей адам емес. Ол өте ақкөңіл, Ресейді қолдайды және әлемде бейбітшілік орнағанын қалайды.

Алайда, Шығысқа қарай әскери күш жасақтап, оның жоспарын ойластыру мақсатында Трампты АҚШ-тың президенттік тағына уақыт ұттыру үшін әдейі отырғызды. Оны әлемдік саясатты басқарып отырған адамдар жасаған. Олардың жоспарлары таусылып қалғаннан соң әдейі ойластырған.

Олардың келесі көздеп отырған елдері Ресеймен көршілес мемлекеттер. Қазақстан, Молдова, Өзбекстан елдері Украинаның кебін киюі әбден мүмкін. Осы орайда, үш-төрт жылдың ішінде көздеген мақсаттарына жету үшін бар күштерін салып жаңа жоспар құрып жатыр.

Трамптың билігі кезінде тыныш болады. Сирия, Ирак, Ауғанстан, Украина елдерінің арасындағы қарым-қатынас жоспары бір жылдың ішінде ойластырылған жоқ. Ал енді олардың жоспарлары таусылғаннан соң, қайтадан жаңа жоспар құруға уақыт керек. Себебі, әлемдегі жағдай олардың ойлағанындай жүрмей қалды, ал әлемді дүрліктіріп отырғандар жоспарсыз іс атқара алмайды.

Дональд Трампқа келетін болсақ, ол өзін Билл Клинтон секілді ақкөңіл адам ретінде көрсетіп, жұртшылықтың назарын өзіне қарай аударады. Ол уақытта Ресеймен көршілес жатқан елдер, сонымен қатар ислам мемлекеттеріне қарсы жоспар құрылып, соның арқасында Ресейді де жоюды көздеп отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады