БАҚ: Владимир Путиннің 199 млрд доллары, 58 ұшағы мен 20 сарайы бар

БАҚ: Владимир Путиннің 199 млрд доллары, 58 ұшағы мен 20 сарайы бар

Шетелдік БАҚ Ресей президенті Владимир Путиннің 199 млрд доллары, 58 ұшағы мен тікұшағы барын жарыса жазуда. Бұл туралы NUR.KZ порталы thesun.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында сарапшылар Владимир Путиннің мүлкін есептеп, оның 199 млрд доллар қаражатпен әлемдегі ең бай адам атана алатындығын алға тартқан. Президент атындағы Черномор сарайы мен суперяхтаның өзі £ 800 млн тұрады. Ал Роман Абрамович сыйлаған яхтаның құны £ 28 млн-ға барады.

БАҚ: Владимир Путиннің 199 млрд доллары, 58 ұшағы мен 20 сарайы бар

Осылайша Microsoft негізін қалаған Билл Гейтстен үш есе бай болуы мүмкін Ресей президенті ресейлік қордың менеджері Билл Браудердің CNN арнасына берген сұхбатына сәйкес, 2015 жылы $ 200 млрд байлыққа ие болған.



"Ол Ресей билігіндегі 14 жыл ішінде мектепке, көшелер мен емханалар құрылысына кетуі тиіс қаражатты швейцариялық банктегі өз шотына аударып отырды", - деп сендірді Билл.



Путиннің саяси қарсыласы таратқан мәліметтерге сәйкес, Путиннің 58 ұшақтан бөлек $ 500 000 тұратын сағат коллекциясы мен 20 сарайы бар.

Алайда Путин тек президенттік жалақыдан түскен табысы мен екі пәтері барын алға тартып, бұл ақпараттарды жоққа шығаруда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады