Жаңа жылдан бастап елімізде коммуналдық тарифтер қымбаттайды

Жаңа жылдан бастап елімізде коммуналдық тарифтер қымбаттайды

2018 жылдан бастап Қазақстанда тарифтер қымбаттайды. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин Астанада өтіп жатқан 16-шы ERRA конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды NUR.KZ, baq.kz сілтеме жасап.

Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин 2018 жылдан бастап тарифтердің қалай өзгеретінін атап өтті.

- Біз ұзақ мерзімді тарифтерге көштік. Жоспар бойынша қазір айта алмаймын. Бірақ тарифтер көп мөлшерде өспейді. Өзгереді, бірақ көп емес. Бәрі инфляцияға байланысты. Инфляция көлемі 1 пайыздан аспайды. Жаңа жылдан бастап ұзақ мерзімді тарифтік жоспар бойынша көтеріп жатырмыз, көп көтрілмейді.

Бұл саланы жаңғырту екі жылдан бері жүріп жатыр. Тұрғын үй-комуналды шаруашылық жүйесін жаңғырту бірінші жылу энергетикасымен байланысты, ал теміржол саласында, яғни, ҚТЖ-да екі жылдан бері жүріп жатыр. ҚТЖ-ның инвестициялық бағларламасы - 500 млрд теңге.

Дәстүрлі электр станциялары өндіретін энергияны арзандату туралы президент тапсырмасы бар ЖЭС-1, ЖЭС-2 секілді базалық станцияларды айтып отмын. Мұнымен Энергетика министрлігі айналысып жатыр. Инфляцияның көтерілуін антимонополиялық комитет толық бақылауына алып отыр. Жыл сайын антимонополиялық тексерістер жүргізіліп, бағаны асыра көтергендерді жазалап отырады. Антимонополия коммитеті стандартты жұмыстар жүргізіп жатыр, - деді Серік Жұманғарин.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен