Қазақша мақал - мәтел: Дін, иман, Құдай, Алла, сенім, намаз » ZHARAR © 2016 | пословицы на казахском языке, пословицы на казахском языке про религия, дін туралы мақал мәтелдер, дін туралы мақал мәтел, дин туралы макалдар




  • »

Қазақша мақал - мәтел: Дін, иман, Құдай, Алла, сенім, намаз

Қазақша мақал - мәтел: Дін, иман, Құдай, Алла, сенім, намаз казакша Қазақша мақал - мәтел: Дін, иман, Құдай, Алла, сенім, намаз на казахском языке

Мұсылманшылық әсте-әсте,
Кәпір болу бір пәсте.
Зекетсіздің малы сүндетсізге бұйырар.

Сайрамда бар сансыз баб.

Құдай ұрғанды Пайғамбар асасымен түртеді.

Құран сөзі - Құдай сөзі.

Құдай қылғанды былай қылма.

А, Құдай! А, Қүдай!
Сыйынғанның белгісі. Тек! Тәйт! Шәйт!
Бұйырғанның белгісі.

Діні пәктің - ділі пәк,
Ділі пәктің - тілі пәк.

Оразада көшкен ермек.

Әулие де қасындағысын қолдайды.

Әулиеден бас жесең,
Жүре-бара тас жерсің.

Бақыл әулие емес,Әулие бақыл емес.

Май - әулие,
Майсыз жарылқайтын қай әулие?
Әулие әуелі өзін жарылқасын.

Тұттаған сөзді қолдаған,
Мұхаммедке үмбет емес.
Әулие аттаған оңбайды.

Аруақты жерден ат үркеді.

Шариғат - ағып жатқан бұлақ,
Бұрынғының сөздері - жағалай біткен құрақ.

Қол қолды табар,Шариғат жолды табар.

Ораза, намаз - тоқтықта,
Иман кетер жоқтықта.

Қарны ашқан молданың,
Сәлдесі қалар боқтықта.

Ескі мешітке көкек азаншы,
Есі кеткен ауылға есек азаншы.

Отыз күн оразаның бір айты бар
,Әр қылған жақсылықтың бір қайты бар.

Құлқуалламен» қойды құртты,
«Ассалаумен» асты құртты,
Енді жан-жағын қармауды шығарды.

Діті барға діттеп бер.

Шашы өскеннің ауылы кәпір,
Тырнағы өскеннің өзі кәпір.

Діні басқаның - тілі басқа.

Желіні сау қосаққа жүрмейді,
Құр табаққа бата жүрмейді.

Екі ойбайдың бір тобасы бар.

Жауынменен жер көгереді,
Батаменен ел көгереді.

Кәпір тоқ болса, мұсылман тыныш.

Ишанға қол бермеген,
Шайтанға жол береді.

Біреуге бата, біреуге қате тиеді.

Пайғамбардың қасында шадияр кісі ме?

Періштенің де бес міні бар.

Өзбектен дін қалды.

Арыстанбабқа түне,
Әзірет сұлтаннан тіле.

Мұрты өскендердің өздері кәпір,
Шашы өскендердің елі кәпір.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы | | 6 688
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .