Қазақша мақал - мәтел: Құдай, Алла, Аллаһ Тағала » ZHARAR © 2016 | аллах тағала туралы мақал мәтелдер, алла тагала туралы макал мателдер, кудай туралы макал мателдер, құдай туралы мақал мәтелдер, пословицы на казахском об аллахе, пословицы на казахском о всевышнем аллахе




  • »

Қазақша мақал - мәтел: Құдай, Алла, Аллаһ Тағала

Қазақша мақал - мәтел: Құдай, Алла, Аллаһ Тағала казакша Қазақша мақал - мәтел: Құдай, Алла, Аллаһ Тағала на казахском языке

Құдайға құрмет - елдің салты,
Еліне құрмет - ердің даңқы.

Кірсіз - Ай, мінсіз - Құдай.

Құдайға сенген құстай ұшады,
Адамға сенген мұрттай ұшады.

Адалды Құдай табады,
Момынды қайыр табады.

Құдай азды-көпті берсе де,
Нығметіне тәубе қыл.

Көп қайда болса, Құдай сонда.

Құдайдың құлы - Мұхаммедтің үмбеті.

Сыбырлағанды Құдай естімей ме?

Кісіден сұрағанның екі көзі шығады,
Құдайдан сұрағанның екі бүйірі шығады.

Жалғыздық Құдайға жарасар.

Дүниеде тек Құдай мұңсыз.

Сен Құдайға жеткенше,
Мен ауылға жетермін.

Тәңірінің құдіретін көрем десең тауға бар.

Адам ойлайды, Құдай шешеді.

Құдайға сенемін деп жолыңнан қалма.

Көпке ұнаған Құдайға да ұнайды.

Құдай құмырсқаға кәрін тіксе, қанат бітіреді.

Зорсынғанға Құдай бар,
Сом темірге балға бар.

Құдай берейін десе, жұдырыққа тас сынады,
Қимайын десе, бұршаққа тіс сынады.

Аллаға жағайын десең, азаның болсын,
Қазыға жағайын десең, қазаның болсын.

Құдайдың бергенін шайтан қызғанады.

Құдай бергенін алса да, берерін алмасын.
Құдай малыңды алса да, пейіліңді алмасын.

Құдай деген құнықпайды.

Хан да Құдайдың құлы.

Құдайға да сенеді,
Албастыға да ереді.

Жаратқанның назары
Не жақсыға, не жалғызға түседі.

Басы аман, малы түгелдің Құдаймен ісі жоқ.

Жыртық үйдің де Құдайы бар.

Жарлы деп сөкпе,
Пайғамбарға тілің тиеді,
Жалғыз деп сөкпе,
Құдайға тілің тиеді.

Таңғы нәсіп - Тәңірден.

Ауыз - дарбаза, сөз - самал,
Құдай ұрғанда не амал?

Құдаңа бола Құдайыңнан айырылма.

Емшекті ана береді,
Несібені Алла береді.


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Мақал - мәтелдер жинағы | | 296
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .