Педагогика | Қабілеттің қалыптасуындағы еңбектің алатын орны

 Педагогика | Қабілеттің қалыптасуындағы еңбектің алатын орны

Мазмұны

1.Қабілет жөнінде түсінік.
2.Нышан және қабілет.
З.Қабілеттердің жеке адамның басқа қасиеттерімен өзара байланысы.
4. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері.
5. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың еңбек біліктерін, шығармашылығын дамытудың психологиялық, педагогикалық алатын орны


Нышан және қабілет
Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер қабілеттің табиғи берілетіні қалтқысыз дэлелденіп отыр. Қабілеттің тума берілмейтінін мойындаумен бірге психология белгілі іс-әрекетті табысты орындауының шарты болатын ми құрылымының тума ерекшеліктеріне шек келтірмейді. Қабілеттер дамуының табиғи негізі болған мидың құрылымы, сезім мүшелері мен қозғалысын анатомиялық-физиологиялық нэсілдік ерекше нышан деп аталады. Шын мэнінде, адамдар арасындағы табиғи айырмашылықтар оларда қалыптасқан дайын қабілетінде емес, дәл осы нышандар көрінісінде. Нышандар қабілет бастауы болғанын адамның барынша жетіліп, кемендену жолы осы екі құбылыстың өзара ұштасып байланысқа келуінен болады. Нышанның арқасында дамыған мен қабілет сол нышанның өзіндік қызметінен туындамайды, ол нышаннан бастауын ғана алған даму процесстер нәтиже жемісі. Мысалы, ақыл-ес қабілеттері ең алдымен ми қызметтерін қарқынды не бэсең қозулардан жүйке процесстердің қозғалмалылығынан уақытша тізімінің шапшаң ие болуынан болады, яғни И.П.Павлов генатип деп атаған құбылыстардан көрінеді. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі де ақыл-сана қабілетіне ықпал жасайды. Толыққан айналымы - ми қызметтерінің ақыл-ой, зейін шоғырландыру, жақсы есте қалдыру, жүке байланысының тез жүруінің сана жұмысынан шаршамай мүлтіксіз жоғары тиімділікпен орындалуының кепілі.
Мидың тума қасиеттері адамның психологиялық ерекшеліктерінде екі түрде көрінеді ( И.П.Павлов ). 1. Жоғары жүйке жүесіне тэуелді. 2. Бірінші жэне екінші сигналдық жүйенің аралықтарына байланысты.
Адам қабілетінің дамуында жоғары жүйке жүесі қызметінің типі үлкен маңызға ие. Осыдан, жүйке процесстерінің күші, тепе-теңдігі жэне қозғалмалылығынан байланыса отырып, адамның үйымдасқан қабілетінің қалыптасуына қажет көптеген еріктік және тілдестік қасиетің түзіліп, отыруына жәрдемін тигізеді.
Өздеріне тән бейнелеу мүмкіндіктеріне орай бірінші немесе екінші сигнал жүйелерінің аз немесе көп эрекетке қатысуынан қабілеттің үш типі ажыратылады: көркемөнерлік, ой саналық, аралас.
Нышанның әртүрлі қабілеттерге байланысты маңызы бірдей емес. Көбіне нышандық қасиеттер музыкалық және суреткерлікөнерде тума берілген нэзік есіту қасиеті - музыкант болуының, ал түрлі-түсті айыра білу - болашақ суреткер болуының алғы шарты.
Нышандар дамуының элеуметтік процесстерге тікелей тәуелді. Егер •>•-.•-• қоғамда белгілі кәсіпке сай нышанның белгісі болса, онда оның нақты еңбекке арасындағы болған қабілеті тез әрі жоғары деңгейде қалыптасып дамиды.
Нышан іс-әрекеттің нақты байланыссыз көп мағыналы келеді, сондықтан белгілі бір нышан негізінде іс-әрекет талабына орай эртүрлі қабілеттер қалануы мүмкін.Осындай, жақсы есту әрі әуен ырғағын сезінуден адам күй орыдаушы, дирижер, биші әнші, музыка сыншысы идеалог, компубртор т.б. болары ықтимал. Сонымен бірге, болашақ қабілеттер мен іс-әрекеттерді 34 сан - алуан болуы нышан жеке адамның дара таңцамалық қасиетіне негіз береді.
Қабілет жеке адамның басқа қасиеттерімен өзара байланысы.
Қабілет - жеке адамның оқшауланып тұратын құрылымы емес. Ол адамның тұтас психикалық қалпындағы басқа қасиеттермен табиғи бірлікте болады.
Жеке адамның потенциалды күшін қаншалықты толық пайдаланатындығы жэне қабілетін дамытуы оның қасиеттерінің жиынтығына тәуелді болады.
Қабілет және наным. Көптеген ғалымдар мен жазушылардың айтуынша адамның іс-әрекетіне, әсіресе творчествосына оның нанымы із қалдырады.
Мәселен, В.Г.Белинский талант құдіреті мен сиқырлығын жеке адамның нанымымен және ақыл-ойымен байланыстырыды. Адамның идеялық бағытынның сипаты, оның нанымының тұрақтылығы өмір мен іс-әрекетке деген қарым-қатынасқа, өзін-өзі қоятын талапқа ықпалын тигізеді. Нанымы мықты адам мейілінше жинақты, талапкер жэне белсенді болады, осының бэрі қабілеттің көрініс беруіне емес, дамуына да қажетті шарттар.
Маңызды элеуметтік талпыныстар адамның белсенділігін арттырады. Егер адам халқына қызмет етуді, адамзатты, тым болмаса коллективін материялдық немесе рухани жағынан байыта түсуді мақсат түтса, онда осы мақсат алдағы міндетті орындауға қажетті қуат береді. Керсінше, идеялық талпынысы жоқ, йүнделікті күйкі тіршілікпен немесе той-даңғазалықпен өмір сүретін адам қоғамдық іске күш жұмсағысы келмейді, қабілетті дамытуға қажетті қуат пен белсенеділік көрсете алмайды. Мұндай адам белгілі бір қызметте табысқа жетіп, қабілет танытқанымен ол қоғамдық мәнге ие болуға жеткіліксіз. әлбетте, мұндай адам қызметтің мүлдай объектісіне күшін сарқымайды. Өз қабілетін дамыту үшін тиісті белсенділік көрсетпейді, не бұларды жеке бастық мақсатына пайдаланады.
Сезім және қабілет. Іске деген сүйіспендік, оған шын берілгендік -талант пен қабілеттің дамуы мен көрініс беруінің басты шарты. М.Горкий: « талант дегеніміз - сүйе білу » деген еді. Дәл солай болмағанымен бұл шындық. Таңдап алған мамандыққа құлай берілу -қабілетті өрістеудің басты белгісі. Бұған өмірдің мәні творчествода деп түйген К.С.Станиславский мен М.Горкийдің сөздері куә. « Суреткерге творчестволық жалын, жан қиярлық қажет. Егер жалыны күшті болса, суреткер жан тебірентерлік, құмартаралық картина жасайды., өйткені шығарма ақыл мен байқағыштықтың ғана емес, жүрек жылуы мен іске шексіз берілуден туады » . И.Е.Репиннің сурет салуға құмарлығы соншама, тіпті бірге қонақтарымен демалып отырғанда да қолынан қаламы түспейтін болған. Ол оң қолы семіп қалғанда сол қолмен салатын болған.
Іске беріле, құмарта қарау, әрекеттің әлеуметтік маңыздылығын, оның нәтижелерінің, табиғат пен қоғамдық өмір құбылыстарының, жек адамға қалайша эсер етуінің күш-қуатын түсіне білумен тығыз байланысып жатыр.Эмоциялық әсерлену күш бір жағынан объектінің сипатымен, екінші жағынан адамның сезімталдығымен анықталады.
Еңбек сүйгіштік және қабілет. Жеке адамның еңбек сүйгіштігі мен жұмысқа аса қабілетті болуы оның іске берілгендігі мен жігеріне байланысты іске берілген адамның барлық уақыты мен күш-жігерін өзінің сүйікті ісіне арнайтыны табиғи нәрсе.
Еңбек сүйгіштік пен жүмысқа қабілеттілік эрқашанда субъективті күй, бірақ оған объективті баға беру қиынға соқпайды.
Табанды еңбек пен еңбекке қабілеттілік жемісті қызметтердің яғни қабілеттердің ашылуы мен дамуының маңызды шарты. Еңбек сүйгіштік пен жүмысқа қабілеттілік қабілеттің дамуы мен көріну шарты ғана немесе қабілеттің жетіспей жатқан жерін толтыру шартын құрайды.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін сыныптан тыс жұмыстар арқылы қалыптастырудың теориялық негіздері.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.
Шығармашылық тұлға негізі бастауыш сыныпта қалыптасатыны анық. Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр. Тек өмір тәжірибесінің, дара-дүниетаным, дара-эстетикалық көзқарастың жетімсіздігінен олардың бойлырандағы шығармашылық қабілетті ашып көрсете алмайды. "Бұлақ көрсең, көзін аш" деген халқымыз. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуға тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарпынан қолдау тауып отыруы керек.
Шығармашылық жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Олар жаңа идеяға проблемаларды шешуге тырысады.
Баланың жастайынан шығармашылық қабілетін қалай қалыптастыру керек? Оның жолдары, әдіс-тәсілдері, мазмұны қандай?
Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі – осы. Психологтардың зерттеуі бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен.
Төменгі сынып оқушыларының дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармышық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.
Сонымен төмені сыныпта оқушыларды шағармашылыққа баулып, үйрету үшін қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталсақ:
Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек. Яғни оқушылардың назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі шағармашалық тапсырма – міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынңан жөн;
Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың жолын, әдіс-тәсілін білу керек;
Шығармашылық жаттығу ойын тапсырмалардың мазмұны жеткіншектьердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек;
Тапсырма – міндетпен танысқаннан кейін бала жұмысқа кіріседі.
Мұғалімнің ең үлкен міндеті: бала белгілі бір көркемдік шешім тауып, өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмау, шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыруы: шығармашылықпен жеке дара оқушы емес, сыныптың, мектептің бүкіл балалары ойлачуы үшін жағдай, мүмкіндік туғызу керек. Сыныпта, ұжымда өзара шығармашылық қарым-қатынас, шығармышылық ахуал орнату; мұғалім – оқушы үшін қарапайым ғана жан. Ал егер ол оқиға, сюжет құруға, образ жасауда жазушылық шеберлік танытса, оқушылар ерекше естиді. Өздерінің күшіне деген сенімі қалыптасады. Сондықтан мұғалімнің шығармашылықпен айналысуы және өзінің жазған дүниелері жөнінде балалармен пікір алмасуы заңды;
шығармашылық үшін психологиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтық, бостандықты қамтамасыз ету;
Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі – "сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді" деген тыс қорқыныш сезімі, екінші - өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі (не жазса да өзі ұнатпайды, кейде өзін-өзі жек көріп кетеді), үшіншісі – жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу;
Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу;
Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру;
Мұғалім көркем шығармашылық түрлеріне үйретіп, баулу үшін көркемдік өлшемдермен өзі де қарулануы керек. Көркем шығарманың, әдеби процестің механизмін түсінбейтін мұғалім оқушыны әдеби шығармышылыққа үйретіп баулымақ түгілі, оқушы жасаған дүниеге нақты, әділ бағасын беріп, көркемдік дәрежесін тани да алмайды.
Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде мыналарды ескеруі керек деп ойлаймын: шығармашылық тапсырмалырдың мазмұн-түрін ойлап табу; шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс-тәсілін меңгеру; көркемдік шешім табу, оқиға құру, образ жасау үшін кілт боларлық жағдайларды тудыра білу; шығармашылық процесті фактілер мен мәліметтерге педагогикалық, әдістемелік тұрғыдан баға, қоытынды бере білу, теориялық, практикалық тұжырымдар жасау.
Бұның өзі шығармашылық сағаттарды жетілдіре түсуге мүмкіндік береді.
Енді осы қабілет, шығармашылық деген сөздердің мағынасын ашсақ. Қабілет дегеніміз не?
Қабілеттер (способности) – бір немесе бірнеше іс-әрекеттерді нәтижелі орындаудың шарты болып табылатын адамның жеке ерекшеліктері. Адамға кез-келген іс-әрекеттерді нәтижелі орындауға мүмкіндік беретін қабілеттердің өзінше сапалық үйлесуді дарындылық деп аталады. Дарыныдылықтың жоғарғы дәрежесі – талант.
Қабілеттерді оқушыларды бұған дейінгі алған білімі және дағдылармен шектеуге болмайды. Білім, білік, дағдылардың жеңіл тез игеру қабілеттерге тәуелді болады. Екінші жағынан бұлардың игерілуі қабілеттердің дпмуына ықпал жасайды.
Білім мен біліктің болмауы, қабілеттердің дамуын тежейді. Қабілеттер оқушыға дайын түрінде берілмек емес, бұлар тәрбиелеу мен оқыту барысында әрдайым жүзеге асатын дамудың нәтижесі. Туа бітті тек нышандар, яғни айтқанда қабілеттер негізінде жататын анатомиялық-....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?