Курстық жұмыс: Психология | Кіші мектеп жасындағы дарынды балаларға қазақ тілінен білім беруді ұйымдастырудың әдістемелік негіздері

Курстық жұмыс: Психология | Кіші мектеп жасындағы дарынды балаларға қазақ тілінен білім беруді ұйымдастырудың әдістемелік негіздері казакша Курстық жұмыс: Психология | Кіші мектеп жасындағы дарынды балаларға қазақ тілінен білім беруді ұйымдастырудың әдістемелік негіздері на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................2
І тарау.Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың теориялық негіздері.
1.1.Бастауыш сыныптардағы дарынды балаларды оқытудағы педагогикалық-психологиялық зерттеулер..........................................5
1.2. Бастауыш сыныптарда дарынды балаларды оқытуда мұғалімге қойылатын талаптар.............................................................................16
ІІ тарау. Кіші мектеп жасындағы дарынды балаларға қазақ тілінен білім беруді ұйымдастырудың әдістемелік негіздері.
2.1 Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың ерекшеліктері....................27
2.2.Қазақ тілі сабағын оқытуда кіші мектеп жасындағы дарынды балалармен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдері. (4 сынып)...............40
Қорытынды...........................................................................................56
Сабақ үлгілері........................................................................................59
Қосымшалар..........................................................................................70
Пайдаланылған әдебиетер....................................................................79


І тарау. Бастауыш мектептегі дарынды балаларды оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың теориялық негіздері.

1.1.Бастауыш сыныптардағы дарынды балаларды оқытудағы педагогикалық-психологиялық зерттеулер.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында « Әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Себебі ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет.
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі жай айтыла салған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік пен қабілеттерін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни, әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдай жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Оның қандай мектеп болсын, инновациялық үрдіс сатысынан өтпей даму мүмкін емес екеніне көзіміз жетіп отыр.
Сондықтан, қазіргі кезеңде мектептің негізгі жұмыстарын баланың жан-жақты дамуы мен қалыптасуына, олардың белсенділіктерін, жауапкершіліктерін арттыруға, мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруға, озат тәжірибені жинақтауға, ғылыми негізде білімді тәжірибемен ұштастыру қажет.
Дарындылық – адам бойындағы тума қасиет деп есептеледі.Талантты, дарынды балалар жөнінде 1975 жылы дүниежүзілік Кеңес құрылды. Көптеген елдерде дарынды балаларды әлеуметтік, психологиялық жағынан қолдау мақсатында арнайы бағдарламалар жасақталды.
Өркениетті қоғамда дарынды балаларды бөлектеп оқыту ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында басталып, оқытудың саралап, даралап білім беру принципіне көшкені мәлім.Ол Францияда, Германияда, Америкада, Жапонияда т.б. елдердің білім беру жүйесінде қазір жоғары деңгейде жүргізілуде.
Әлемдік тәжірибеге сүйенсек мектеп жасындағы балалардың 20 пайызы осы топқа жатқызылады екен. Біз дарынды деп белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшеленетіндерді айтып жүрміз.Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшіліктің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлдем жоқ қылады. Мәселен, саусағынан бал тамған зергердің табиғи алмазды бриллиантқа айналдырғаны сияқты, қолайлы ахуал, тамаша кәсіби ұстаздық кез келген қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Міне, осы бір айдай анық мәселе педагогика мен психологияда көптеген қиыншылықтардан өтіп, өз жолын енді тауып келеді.
Әлбетте, дарындылықтың тұқым қуалайтындығы, ұрпақтан ұрпаққа берілетіндігі сөзсіз. Ендеше Абайдай ұлы тұлғаны өмірге әкелген Құнанбайды дарын емес деп кім айта алады?
Канада ғалымы Д.Хебб « генотиптік интеллект » деген ұғымды енгізді. Бұл таза тұқым қуалайтын интеллект сыртқы ортамен қарым-қатынас орната отырып, « фенотиптік интеллектіні » құрайды. Соңғысының деңгейі бәрімізге белгілі тест әдісімен анықталады. Д.Хеббтің ойынша ген арқылы берілу мен сыртқы ортаның әсерінің арасындағы қатынас 8:2. Мұнда 8- тұқым қуалаушылық, 2- сыртқы орта. Осыдан ол мынадай қорытындыға келеді: ой-өріс (интеллект) – бұл мәдени-әлеуметтік орта мен индивидтің (адамның) тәжірибесінен пайда болатын өнім, ал осы тәжірибені ассимиляциялап (жинақтап) тиімді пайдалана білуінің 80% генотиптік құрылымға байланысты.
Д.Хеббтің және басқа да гендік дарындылықты жақтаушылардың тұжырымдары практик-ғалымдар мен білім қызметкерлері тарапынан қатты сынға алынды. Олардың бірінші қарсылығы «қатып қалған интеллектіні»жоққа шығарудан басталады. Сегіз бен он алты жас арасындағы сынақтан өткен оқушылардың 50% ғылымның әртүрлі саласынан әр дәрежеде ой-өріс деңгейін көрсете білген. Сонда оқушы 8 жыл ішінде тұрақсыз интелектуалды дарындылығын танытқан. Нақты, шүбә келтірмейтін немесе көпшілік мойындаған дарындылық туралы тұжырымдама болған емес және бұл бағыттағы жақсы жетістіктерге қарамастан оны жоқ деуге болады. Әйтсе де, бұл жағдай дарындылықты ғылыми тұрғыдан зерттеушілерді көп қиналта қоймайды. Тіпті, кейбіреулері мұны дұрыс заңды нәрсе ретінде қабылдау керектігін алға тартады.Белгілі ағылшын психологы Г.Айзенк осы мәселе жайындағы көзқарасын былай түйіндейді: « Термометрді алғаш ойлап тапқанда ғылымда жылу құбылысы, оның өлшем бірліктері туралы мәлімет өте мардымсыз болды, түбінде жылулық теориясы термометр және басқа да құралдармен өлшеулер жүргізу арқылы дамыды емес пе?».Сөйтіп, Г.Айзенк дарындылық туралы түбегейлі,тұрақты қорытынды шығаруға асықпаған жөн деп тұжырымдайды ойын.
ХІХ-ХХ ғасырлар тоғысында ассоциативтік психологияда дарындылық мәселесіне функционалдық көзқарас туындады. А.Бэн, В.Вундт, Д.Милль, Г.Спенсер, Т.Циген сияқты психолгтар ой-өріс дарындылығын диагностикалау үшін бес негізгі функцияны өлшеп, зерттеу керектігін айтады. Олар : ой, зейін, ерік, қабылдау және есте ұстау. Тек ХХ ғасыр басында ғана ғалымдар нағыз дарынды ғылыми қызмет, ғылыми ойлаудан іздеу керектігін айта бастады. Содан әр түрлі, өзара қарама-қайшы шиеленіскен көзқарастарды жүйелей отырып, ғалымдар дарындылықты жалпы және арнаулы деп екіге бөліп қарастыруға көшті. Неміс ғалымы В.Штерн жалпы дарындылық – интеллектіден өзгеше, оны индивидтің өз ойын жаңа талаптар, мақсаттар мен міндеттерді орындауға саналы түрде бағыттай алатын қабілеті деп түсінеді.Арнаулы дарындылық дегеніміз – бұл белгілі бір бағытта ерекше қабілеттер таныта білуі. Мысалы, қолөнер, сурет, ақындық және т.б. Сонда көптеген біріне-бірі байланыссыз арнаулы факторлар түбінде ақыл-ой қабілетін, яғни интелектіні құрайды.
Дегенмен, іс-әрекеттің әр алуан саласында ұлы жетістіктерге жету үшін интеллекті емес, психикалық оданда күрделі ерекшеліктері: жаңа, ұшқыр ойлар мен идеяларды туындату және қисыны көп, стандартты емес есептердің шешімін таба білу қабілеті болу керек. Мұны психологияда креативтілік деп атайды.
ХХ ғасырдың 50-60 жылдары «Креативтілік» ұғымы «интеллект» ұғымының дарындылықты сипаттаудағы монополистік құқығынан толығымен айыра бастады. Сонымен жоғарыда қарастырып отырған мәселе бойынша ойымызды қорытындыласақ, дарындылық – тұлғаның жалпы интегралды қасиеті екендігі анық көрініп тұр. Тек қана бір салада ерекше қабілетті болып, ал өмірдің басқа жақтарынан дәрменсіз болу табиғатта сирек кездесетін құбылыс. Атақты суретшілердің көпшілігі өлең жазған және керісінше атақты ақындардың біразы сурет, қолөнермен қосымша шұғылданып, жақсы туындылармен халқын тамсандырған.
Дарындылықты немесе ерекше қабілеттілікті балалық шақта жалпы, универсалдық тұрғыдан қарастырған жөн. Ал уақыт өтісімен, тұлғаның есеюімен бұл қабілет өзінің арнаулы қырларын көрсетеді, пәндік дәрежеге, мазмұнға ие болады.
Қазақстан Республикасында соңғы жеті жылда қолға алынып, жүйелеуден өтіп жатқан «Дарын» бағдарламасының педагогтер алдына қойып отырған мақсаты – тұлғаның жалпы қабілеттерін дамыта отырып, белгілі бір саладағы ерекшелігін танытуына жан-жақты әдістемелік және психологиялық қолайлы жағдайлар тудыру.
Жалпы Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының бағдарламасының басты мақсаты: әрбір шәкірттің жеке дара қабілеттерін ілгері дамыту, дарындылығы анықталған оқушыны қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп тәрбиелеуге жағдайлар жасау, дарынды балалармен жұмыс жасау аясында ғалымдар мен өнер қайраткерлерін, ізденімпаз ұстаздар ұжымын топтастыру.
Психикалық қасиеттер – бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы ерекшеліктер. Бұған әрбір адамның мінезі мен темпераменті, қабілеті мен дүниетанымы, сенімі мен талғамы, қызығуы жатады.
Біз балаға «қабілетті» деген мінездеме береміз. Қабілеттілік әр алуан. Мектепте оқушыларға түрлі жұмыстар жүктелгенде де олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екінші біреуінің музыкалық, ал үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып, бұған ерекше мән беріліп отырады. Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқатады. Ерекшеліктер іс-әрекетті орындау үстінде, әсіресе, оның нәтижесінен жақсы көрінеді. Мысалы: біреу қолға алған ісін тез бұрқыратып тастайды және оны нәтижелі етіп шығарады. Ал, екінші біреуі өте баяу қимылдап әрі сапасыз орындайды.Бұл жерде бірінші адамның екінші адамға қарағанда іске деген қабілеттілігі әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр.
Қандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін.Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді.
Адамның өзгеше қасиеттері ана құрсағында пайда болады.Анатомиялық нышан – баланың ата-анасына ұқсап тууы. Физиологиялық нышан – жүйке жүйесінің кейбір анализаторының ерекшеленуі. Анализатордың ерекшелігі қабілеттің көрінуіне себін тигізеді. Егер адамның туысында нышан болып, ол тәрбиеленбесе, оның қабілеті дамымайды. Қолайлырақ жағдай туса, қиыннан қиыстырып мәселе шешуде ізденімпаз болып шыға келеді.
Нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрін дарындылық деп атайды.Дарынды балалар мектеп бағдараламасын жылдам меңгереді. Зеректік, байқағыштық қасиеттері жоғары болады. Олардың көпшілігі өз уақыттарын шығармашылық жұмысқа арнайды. Сурет салады, өлең жазады . Мысалы, Ч.Дарвин көп уақытын көбелек қуып коллекция жинауға бөлген екен.
Дарын өкілдерінің қуат-қабілетінің шарықтайтын шегі болады. Мұндайда олардың санасының барынша өткірленіп, мейлінше айқындалады, бақылампаздығы онан сайын арта түседі.
Ж.Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен келеді.Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын – оқыту мен тәрбие.
« Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді, оған жақын жасы үлкендер дұрыс жеткілікті бағаламаса, оның «өзгелер сияқты болып қалып қоюы мүмкін», дейді америкалық ғалымдар.
Жалпы білім беретін орта мектептерде оқушыларға білім берудің тиімді жолдарын іздестіру, жаңа технологиясын ойластыру қазіргі заманның көкейкесті мәселесіне айналған.
Сол мәселелерді шешудің бірден-бір жолы педагог қауымның іс-тәжірибесін жарыққа шығару.
Елбасымыз « Заманымыз – мәдениет заманы, ал мәдениетке білім жеткізеді. Білім алудың ішінде ең төтесі – жақсы мектеп, білімді мұғалім», - дегені.
Шығармашылық үшін икемді жас – орта буын.Бұл жастың ерекшелігі ойлау процесінің өзіндік ерекше стилі қалыптасады, түрлі болжамдар, ой, қиял, сезім шапшаңдығы көркем шешім таба алады. Бұл жастағы балалардың жан дүниесі нәзік, қаламы тез төселеді.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің әлемдік тәжірибелері, ғылыми бағыттары ескеріліп,негізгі төмендегі идеялар басшылыққа алынады:
- дарынды балаларды әлеуметтік және құқықтық қорғаудың ізгілігі мен бұқаралығы;
- дарынды балаларды іріктеу және олармен жұмыс істеуде биологиялық және әлеуметтік факторларды ескеру;
- дарынды балалармен үздіксіз, жүйелі жұмыс жүргізу;
- дарынды балаларды іріктеу үшін диагностикалық әдістердің жиынтығын қолдану;
- жеке тұлғаның дарындылық деңгейінің қалыптасуына орай оқу мен оларды одан әрі жетілдіруде арнайы жасақталған бағдарламалардың сәйкестігі;
- дарынды балалар мен оқытатын мұғалімдерді арнайы дайындау;
- инновациялық технологиялар мен әдістерді пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;
- дарынды балалармен жұмыс істейтін жеке бағдарламалар дайындау.
Дарынды оқушылардың білімге деген талпынысы басқа оқушылардан өзгеше болып келеді. Дарынды оқушылар білім мазмұнын тез әрі терең түсініп, оған талдау жасай біледі. Дарынды оқушылармен жұмыс істеу үшін психолог мұғалімдер,сынып жетекшілері, тәрбиешілер арнайы дайындықтан өтуі қажет.
Дарынды балаларға арналған бағдарламада мынадай ерекшеліктер бар:
- қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттар;
- жүйелі бағдарламада (кезеңдермен);
- мектептің жалпы бағдарламаны толықтыратын бөлшегі;
- бағдарлама жеке-жеке және үзіліссіз жүргізіледі.
Мұғалімдер мен ата-аналарды педагогикалық-психологиялық білімін жетілдіру жөнінде теориялық, практикалық семинарлар жүйелі түрде өткізіліп отыруы тиіс.
Психологтер Д.Д.Элыконин мен В.В.Давогдовтың зерттеулерінде оқу іс-әрекетінің негізгі құрылымы оқу мақсаты және оқу әрекетінен тұрады. Олардың пікірінше, оқу үрдісін басқарушы бөліктер оқу пәндерін оқыту (мұғалімнің әрекеті) және оқу (оқушының әрекеті) өзара бірлесіп әрекеттескенде және терең ойланып өзара тәуелділікте болғанда ғана оқу сапасы артады, балалардың психикалық дамуы тиімді қамтамасыз етіледі.
Сөз жоқ, бүгінде педагогикалық зерттеулер өте көп. Бір байқалатыны, педагогика, дидактика, методика, психология тұрғысынан мектепте оқыту мәселесін әр ғылым өз тұрғысынан зерттейді, ұсынады.Бірақ сол теориялық негіздемелердің нақты практикада іске асырылуына, жүйеленуіне әр мектеп өзі ғана мүдделі.Соның ішінде жаңа типті қазақ гимназиялары мен «Дарын» мектептері қазір ғылыми негізделген, бүгінгі күн қайнауында ширатылған концепцияны керек етіп отыр.
Ол үшін ең алдыңғы қатарлы батыстық және Отандық қағидалар мен тәжірибелерге сүйенген, жаңа технологиялар тоғысқан жаңаша мазмұнды ғылыми-практикалық ізденістерді жүргізу – аса маңызды шара.
Адамның жеке дара қасиеттерінің бірі – қабілет. Бұл – іс-әрекеттің жекелеген түрін ойдағыдай, әрі нәтижелі етіп орындаудан көрінетін ерекшелік. Қабілет басқа да жан қуаттары мен қасиеттері сияқты өмірмен іс-әрекет үстінде дамып, қалыптасып отырады. Қабілет дамуының табиғи негізін құрайтын, жүйке сапасының туа біткен белгілі нышандар жиынтығын дарындылық дейді.Кісінің қандай да болмасын бір істі жемісті орындауы тек қабілетке ғана байланысты емес.Ол сондай-ақ, адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағды және тәжірибенің болуын қажет етеді.Кісінің пәрменді түрде қызыққан іс-әрекеттерінен тыс қабілеттің қалыптасуы мүмкін емес.Қабілеттер жалпы (жалпы адам атаулыға ортақ), арнайы (іс-әрекеттің белгілі бір саласы бойнша) және практикалық деп үш түрге бөлінеді.
Қызметті нәтижелі орындау үшін қабілеттің ерекше түріне сүйенуге болмайды.Мәселен, ақын-жазушылар ерекше бақылампаздық, ой-өрістің кеңдігі, жазуға икемділігі мен орамдылығы, кеңдігі мен ұшқырлығы ауадай қажет.Бірнеше қабілеттердің ойдағыдай қиысып келуі іс-әрекеттің белгілі саласынан көрінетін талантпен байланысты.Адам жас кезінде сөре олақ болғанымен есейе келе ерен еңбек етудің нәтижесінде ірі ақын, ірі жазушы болуы мүмкін. Мәселен, белгілі орыс жазушысы С.Аксанов алғашқы шығармасын 56 жасында жазған.Бала кезінде түрлі себептермен білім ала алмаған кісінің егде тартқан кезде ғалым болғанын, айғақтайтын деректер аз емес. Бұған 40 жасында сауат ашып, 73-інде ғылым докторы болған С.К.Гусеваның өмірі жақсы дәлел. Қазақ елі тарихында да мұндай фактілер көп кездеседі.Адам неғұрлым талантты,дарынды,болған сайын, өз еңбегі мен шығармашылық шеберлігін істеп, бар күш-жігерімен еңбек етеді.
Жай қарағанда үлкен талант иелерінің (Ш. Уәлиханов, М.Әуезов,Ж.Аймауытов,Қ.Сәтпаев т.б.) шығармалары оп-оңай, өзінен-өзі жазыла салатындай көрінуі мүмкін.Ал шындығында, бұлар инемен құдық қазғандай өлшеусіз қыруар еңбектің нәтижесі.Әйгілі ақын-жазушылар мен ғалымдардың қолжазбаларын ақтарып сан рет көшіріп жазатындарын, яғни бір сөзбен айтқанда,шығармашылық адамдарының іс-әрекеті ақын В.В.Маяковский айтқандай: «Жыр маржан ғой теңіздің түбіндегі, алу үшін қадалған миллион көз», дәл осылай жыр жолына ілігеді.Миллион сөздің ішінен жалғыз-ақ сөз дегенге келіп тіреледі.
Көбінде балалық щақта байқалатын табиғи нышандардың ойдағыдай қиысып келуінен туындайтын қабілеттің жоғары түрі дарындылық деп аталады.Қабілеттің осы түрінің сыры ғалымда әлі толық зерттелмеген. Дегенмен, дарындылық жоғары жүйке қызметінің тума типімен (мида жүйке байланыстарының шапшаң қозғалысқа түсе алуы, аса икемділікпен өзгергіштігі,сезім мүшелерінің ойдағыдай жетілуі т.б.) байланыста болып келетіндігі анықталып отыр.
Осыдан 200 жылдай бұрын Германияда «Ұстазы Кристиан Фоле Шенах жазып алған Любектік төрт жасар дарынды бала Кристиан Генрих Хейкеленнің өмірі, іс-әрекеті, саяхаты мен өлімі » деген кітап жарық көрді. Дарынды балалар жөнінде жазылған алғашқы кітап осы болатын. Туғанына он ай толмай жатып Генрих суреттегі заттарды айырып атай алады, үш жасқа келгенде ертегілерді өзі оқып, арифметиканың төрт амалы мен есеп шығаруды, көп ұзамай француз тілін үйренуді меңгеріп, географиядан жақсы мәлімет алады, мыңнан астам латын мақалын біледі.Генрихтің даңқы әлемге жайылып,оны Дания королі қонаққа шақырады.Бірақ сәби көп ұзамай, төрт жастан төрт ай асқанда қайтыс болады.Қазір де мұндай балалар бар.
Дарынды бала (ғылымда бұларды вундеркиндтер) мәселесі жөнінде әлемдік психологияда жазылған еңбектерде жинақталған нақты деректер аз емес. Өкінішке орай, оларды іздестіріп тауып алу, сондай-ақ, оқытып-тәрбиелеу жағы қазақ жұрты бүгінге дейін жөнді көңіл бөлінбей келе жатқан мәселе. Қазақ мектептерінің жағдайында осы жайттың ойдағыдай жүзеге асуына оралғы болатын факторлар да жеткілікті. Соның бірі көптеген мұғалімдер мен тәрбиешілердің психологиялық, педагогикалық білім жүйелерінің саяздығы, олардың жұмыс басшылығы, қабілетті шәкірттермен дербес жұмыс жүргізуге уақыт бөлмеу т.б.Осы айтылғандар әр ауыл мен мектептен ұшырасып қалатыны белгілі.
Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасалып жатқан қазіргі кезеңде республикамыздағы көптеген колледждер мен лицейлер негізінен дарынды балалар үшін ашылған оқу орны әрине, мұндай оқушылар ел болашағы, оның интеллектін (ақыл-ой) қуатының баға жетпес резервы.Сондықтан да жер-жерден бұларды іздеп табу аса мәнді де адамгершілікті іс.Оларды баулып,қамқорлыққа алу – баршамызға ортақ, халықтық шара, өйткені таланттар қай кезде де қандай қоғамның болса да іздесе таптырмайтын ұлттық рухани байлығы.
Дарындылық – адамның ой-өрісінің деңгейі мен өзіндік іс- әрекеттің ерекше өрістеуіне себепкер болатын адамның жан-жақты дамуының қайнар көзі, арнаулы қабілеттердің ойдағыдай дамуының нәтижесі .
Ерекше зейінділік, жинақылық, күрделі ақыл-ой жұмысына әрқашан да әзір тұру еңбекке ұмтылудың табандылыққа ұласуы, демалыспен есептеспей, қажымай- талмай еңбектену – дарынды балалардың басты ерекшеліктері.Бойкүйездік пен жалқаулыққа бой алдырмай, қолайсыз жағдайда да жұмыс істей алу, әр істі соңына жеткізбей тынбайтын табандылық, ауыр еңбектен ләззат алу, әр нәрсені талдау мен жинақтай алуға ерекше икемділік,таным аясының кеңдігі, ойлау белсенділігінің аса тұрақтылығы - ерекше балалардың өзін- өзі басқара алу қабілетінің басты көрсеткіші болып табылады.
Әр жерден оқта-текте кездесіп қалатын дарынды балаларды ұстаздық қырағылықпен көре біліп, оны арнаулы оқу орындарында оқытып-тәрбиелеу үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс.Үйде де, түзде де дарынды баламен жұмыс жүргізетін тәлімгердің жан-жақты білімді, әсіресе, бала жанын жазбай ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык Кіші мектеп жасындағы дарынды балаларға қазақ тілінен білім беруді ұйымдастырудың әдістемелік негіздері жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар Психология курстық жұмыстар, Кіші мектеп жасындағы дарынды балаларға қазақ тілінен білім беруді ұйымдастырудың әдістемелік негіздері, курстык Кіші мектеп жасындағы дарынды балаларға қазақ тілінен білім беруді ұйымдастырудың әдістемелік негіздері жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые раб, Курстық жұмыс: Психология | Кіші мектеп жасындағы дарынды балаларға қазақ тілінен білім беруді ұйымдастырудың әдістемелік негіздері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін